Toggle Dropdown
"Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 7-1/1031 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 желтоқсанда № 12358 болып тіркелді
1. «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11959 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік тіркей отырып, ветеринариялық препараттарға, жемшөптік қоспаларға тіркеу куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Жаңа жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Ветеринариялық препараттарға және жемшөптік қоспаларға апробация жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.»;
осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес мынадай 11 және 12-қосымшалармен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде және экспортқа қолданылатын ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, Астана және Алматы қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары бекіткен тізім негізінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтық инспекциялары;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.»;
8, 9, 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
1) көрсетілетін қызметті берушінің:
дүйсенбі – жұма (қоса алғанда) аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
демалыс және мереке күндері – Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші белгілеген жұмыс уақыты кестесіне сай.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Белгіленген жұмыс уақыты ұзақтығының шегінен тыс өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді жұмыс уақыты кестесіне сай көрсетілетін қызметті беруші белгілейді.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты тасымалдау кезінде – сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі;
4) иттер мен мысықтардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде – ветеринариялық паспорт көшірмесі;