• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 18-06/1085 бұйрығы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 
1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын; 
2) осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын; 
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 
4. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 11 желтоқсандағы
 № 18-06/1085 бұйрығына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің күші жойылды деп танылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босатудың жыл сайынғы мөлшерін белгілеу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 13 ақпандағы № 79 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5159 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының 2008 жылғы 17 шілдедегі № 7 санында жарияланған);
2. «Қазақстан Республикасы аумағында киіктерді (ғылыми мақсаттарда пайдалануды қоспағанда) 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін алуға тыйым салуды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 10 қарашадағы № 704 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6667 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 1 қаңтардағы № 1 (26403) санында жарияланған);
3. «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 14-1/358 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7091 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 10 қыркүйектегі № 425-430 (26823) санында жарияланған);
4. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 8-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9078 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 25 қаңтардағы № 17 (28241) санында жарияланған);
5. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 9-Ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9082 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 20 (28244) санында жарияланған);
6. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитеті облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 17-өбұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9104 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 14 қазандағы № 200 (28423) санында жарияланған);
7. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекцияларының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 20-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9135 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 5 ақпанда № 23 (28501) санында жарияланған).