«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
-
Продукты:
Консультации
Консультации
Отправить по почте
Жасанды жолмен жасалатын шуылдың және өзге де акустикалық әсерлердің нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/899 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 желтоқсанда № 12387 болып тіркелді
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жасанды жолмен жасалатын шуылдың және өзге де акустикалық әсерлердің нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлектеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ______________Ә. Исекешев 2015 жылғы 12 қараша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/899 бұйрығымен бекітілген
Жасанды жолмен жасалатын шуылдың және өзге де дыбыстық әсерлердің нормалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы жасанды жолмен жасалатын шуылдың және өзге де акустикалық әсерлердің нормалары (бұдан әрі – нормалар) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік табиғи қорықтар аумақтарында жасанды жолмен жасалатын шуылдың және өзге де акустикалық әсерлердің нормаларын белгілейді.
2. Осы нормаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) акустикалық әсерлер – жиілік сипаттамалары 1-16 герц (бұдан әрі – Гц) жиілік аралығында болатын күрделі спектрлік құрылымның ретсіз тербелісін білдіретін жасанды инфрадыбыс;
2) дыбыстық қысым – дыбыстың құбылуы нәтижесінде пайда болатын ауа немесе газ қысымының ауыспалы құраушысы, Па;
3) дыбыстық қысымның деңгейі, Lр,, децибел (бұдан әрі – дБ) – осы дыбыстық қысымның орта шаршы мәнінің қолдаушы дыбыстық қысымға қатынасының жиырма ондық логарифмдер;
4) дыбыстың ең жоғары деңгейі, LА. макс., децибел А (бұдан әрі – дБА) – өлшейтін, дәлме-дәл көрсететін аспаптың (шу өлшегіштің) көзбен шолып мөлшерлегенде ең жоғары көрсеткішіне сәйкес келетін дыбыс деңгейі немесе автоматты құрылғымен тіркеу кезінде өлшеу уақытының бір пайызы ішінде асып түсетін дыбыс деңгейінің мәні;
5) жол берілетін шу деңгейі – шуға сезімтал жүйелер мен дыбыс талдаушылардың қатты мазалануын және олардың функционалдық жай-күйі көрсеткіштерінің елеулі өзгерістерін туғызбайтын деңгей;
6) импульстік шу – әрқайсысының ұзақтығы бір секундтан аз бір немесе бірнеше дыбыс сигналынан тұратын, шу, бұл ретте дыбыс деңгейлері дБ (А1) және дБ (А);
7) төмен жиіліктегі шу – жиілік сипаттамалары инфрадыбыстық және естілетін жиіліктер аралығындағы шекте болатын шу;
8) тұрақсыз шу – уақыт кесіндісіндегі (күн) уақытта 5 дБ (А) астам мөлшерде өзгеретін шу денгейі;
9) тұрақты шу – уақыт кесіндісіндегі (күн) уақытта 5 дБ (А) көп өзгермейтін шу деңгейі;
10) шу – жасанды жолмен шығарылған, күші мен жиілігі бойынша әртүрлі дыбыстардың ретсіз байланысы;
11) шуды өлшеу бірлігі дБ және дБА – адамның есту шегінің орташа шаршы қысымына нақты қысымның орташа шаршы мәні арақатынасының он мәртелік ондық логарифмі болып табылады.
3. Мемлекеттік табиғи қорықтар аумағындағы шу мен инфрадыбысты өлшеу және бағалау МемСТ 12.1.003 - 83 ЕҚСЖ. Шу. Жалпы қауіпсіздік талаптары (№ 1 өзгерістерімен) мемлекеттік стандартына сәйкес жүргізіледі.
2. Шу мен инфрадыбыстың нормаланатын параметрлері мен рұқсат етілетін деңгейлері
4. Орташа геометриялық жиіліктері: 31,5; 63; 125; 250; 500; 1000; 2000; 4000; 8000 Гц октавалық жолақтардағы дыбыс қысымының L деңгейлері дБ тұрақты шудың нормаланатын параметрлері болып табылады. Болжамды бағалау үшін LА, дБА дыбыс деңгейлерін пайдалануға жол беріледі.
5. LАэкв, дБА барабар (энергиясы бойынша) дыбыс деңгейлері және LАмакс, дБА барынша шекті дыбыс деңгейлері тұрақсыз шудың нормаланатын параметрлері болып табылады.
Тұрақсыз шудың рұқсат етілетін деңгейлерге сәйкестігін бағалау дыбыстың барабар және барынша шекті деңгейлері бойынша бір мезгілде жүргізілуге тиіс. Көрсеткіштер бірінің мөлшерден асып кетуі осы нормаларға сәйкес келмеушілік ретінде қарастырылуы тиіс.
6. Октавалық жиіліктер жолақтарындағы дыбыс қысымы деңгейлерінің, мемлекеттік табиғи қорықтар аумағында естілетін шудың барабар және барынша шекті деңгейлерінің рұқсат етілетін мәндері осы нормаларға 1-қосымшаға сәйкес қабылданады.
7. Мемлекеттік табиғи қорықтар аумағында естілетін инфрадыбыс пен жиілігі төмен шудың дыбыс қысымы деңгейлерінің рұқсат етілетін мәндері осы нормаларға 2-қосымшаға сәйкес қабылданады.
Жасанды жолмен жасалатын шуылдың және өзге де акустикалық әсерлердің нормаларына 1-қосымша
Октавалық жиіліктер жолақтарындағы дыбыс қысымы деңгейлерінің, мемлекеттік табиғи қорықтар аумағында естілетін шудың барабар және барынша шекті деңгейлерінің рұқсат етілетін мәндері
Тәулік мезгілі |
Орташа геометриялық жиіліктермен, Гц, октавалық жолақтардағы дыбыс қысымының деңгейлері, дБ |
Дыбыс деңгейлері және дыбыстың барабар деңгейлері (дБА) |
Дыбыстың ең жоғары шекті деңгейі LМакс, дБА |
||||||||||
31,5 |
63 |
125 |
250 |
500 |
1000 |
2000 |
4000 |
8000 |
|
|
|||
тәулік бойы |
76 |
59 |
48 |
40 |
34 |
30 |
27 |
25 |
23 |
35 |
50 |
Ескертпе:
үнділік және импульстік дыбыс үшін – минус 5 дБА түзетуін алу керек.
Жасанды жолмен жасалатын шуылдың және өзге де акустикалық әсерлердің нормаларына 2-қосымша
Мемлекеттік табиғи қорықтар аумағында естілетін инфрадыбыс пен жиілігі төмен шудың дыбыс қысымы деңгейлерінің рұқсат етілетін мәндері
Тәулік мезгілі |
Орташа геометриялық жиіліктермен, Гц, октавалық жолақтардағы дыбыс қысымының деңгейлері, дБ |
«Желілік» сипаттамасында жиілігі бойынша түзетілген дыбыс қысымының деңгейлері, L, дБ |
||||||
2 |
4 |
8 |
16 |
31,5 |
63 |
|
||
тәулік бойы |
90 |
85 |
80 |
75 |
70 |
55 |
70 |
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |