Toggle Dropdown
1
Патентке қабілеттілікке сараптама жүргізуге және сынақтан өткізуге арналған өтінімді қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 3-3/997 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 желтоқсанда № 12386 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 05.05.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Патентке қабілеттілікке сараптама жүргізуге және сынақтан өткізуге арналған өтінімді қарау қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр А. Мамытбеков
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 16 қарашадағы
№ 3-3/997 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Патентке қабілеттілікке сараптама жүргізуге және сынақтан өткізуге арналған өтінімді қарау қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Патентке қабілеттілікке сараптама жүргізуге және сынақтан өткізуге арналған өтінімді қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және патентке қабілеттілікке сараптама жүргізуге және сынақтан өткізуге (адамның интеллектуалды шығармашылық қызметінің нәтижесі болып табылатын, аң шаруашылығы, қоян шаруашылығы, марал шаруашылығы, қашыр шаруашылығы, бұғы шаруашылығы, есек шаруашылығы, құс шаруашылығы, балара шаруашылығы, балық шаруашылығы, ит шаруашылығы сияқты мал шаруашылығының қосымша салаларын қоса алғанда, жануарлардың жаңа тұқымдарын) арналған өтінімді қарау тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) өтінім беруші – селекциялық жетістікке патент беруге өтінім берген жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
2) патентке қабілеттілік – жануарлардың шығарылған тұқымдарының, бір тұқым ішіндегі (аймақтық) және зауыттық типтерінің, зауыттық желілерінің, тұқым топтарының, құстар кростарының жаңалық, айырым, біртектілік және тұрақтылық өлшемшарттарына сәйкестігі;
Toggle Dropdown
3) сараптамалық ұйым – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйым;
Toggle Dropdown
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
5) селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган – Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын және селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
Toggle Dropdown
6) сипаттау – селекциялық жұмыстың мақсаттары мен шаруашылық-пайдалы, биологиялық, зоотехникалық, сыртқы тұрпаттық-бітімдік қасиеттерін, жануарларды күтіп-ұстау және азықтандыру шарттарын сипаттайтын нәтижелерді, өнімнің өнеркәсіптік өндіріс жағдайларына бейімділігін, шығару (жасау) әдістерін, байқаудан өткізуге ұсынылатын селекциялық жетістіктің генеалогиялық құрылымы мен экономикалық тиімділігін (немесе нағыз құндылық) ашатын мал шаруашылығындағы селекциялық жетістіктердің белгілері;
Toggle Dropdown
7) тұқым – белгiлi бiр шаруашылық және табиғи жағдайларда адамның шығармашылық қызметiнiң әсерiмен қалыптасқан, «өз iшiнде» өсiп-өнуi үшiн саны жеткiлiктi және шаруашылық және асыл тұқымдық құндылыққа ие, iрiктеу, таңдау, олардың генотипiне сай келетiн технологиялық жағдайлар жасау арқылы қалыпты күйi сақталатын, сондай-ақ оны бiр түрдегi басқа тұқымдардан ерекшелейтiн морфологиялық, физиологиялық және шаруашылық жағынан пайдалы қасиеттерiнде белгiлi бiр ерекшелiгi бар жалпы шығу тегi ортақ ауыл шаруашылық жануарларының бiр түрiнiң тобы. Тұқымның қорғалатын санаттары: тип, кросс, желi болып табылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Патентке қабілеттілікке сараптама жүргізу және сынақтан өткізуге арналған өтінімді қарау тәртібі
Toggle Dropdown
3. Тұқымдарды сынақтан және байқаудан өткiзу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) сараптамалық ұйым жіберген өтiнiмнiң және селекциялық жетiстiк сауалнамасының көшiрмелерiн қарайтын, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның консультациялық-кеңесші органы болып табылады.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік комиссия:
Toggle Dropdown
1) тұқым атауының дұрыстығын тексеруді;
Toggle Dropdown
2) тұқымның жаңалығына сараптама жасауды;
Toggle Dropdown
3) тұқымның ерекшелігіне, біртектілігіне және тұрақтылығына сынақ жүргізеді.
Toggle Dropdown
5. Тұқымның ұсынылған атауының дұрыстығын тексеруді мемлекеттік комиссия сараптамалық ұйымнан өтінім материалдары келіп түскен күннен бастап екі ай мерзімде жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
6. Тұқымның атауын тексеру кезінде оның мынадай талаптарға сәйкестігі айқындалады: тұқымның атауы тұқымды сәйкестендіруге мүмкіндік береді, қысқа болуы, сол немесе соған жақын зоологиялық түрдің қолда бар тұқымдары атауларынан ерекшеленуі тиіс, тек цифрлардан тұрмауы тиіс, қасиеттеріне, шығу тегіне, тұқымның маңызына, селекционердiң жеке басына қатысты жаңылыстырмауы тиiс, адамгершiлiк пен мораль принциптерiне қайшы келмеуі тиiс.
Toggle Dropdown
7. Егер бір тұқым үшін патент беруге арналған өтінім Қазақстан Республикасында және басқа елдергеде берілсе, онда тұқымның атауы осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сай келмейтін жағдайларды қоспағанда, бірдей болуы тиіс.
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттік комиссия тұқым атауының осы Қағидаларға 6 және 7-тармақтарда көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша сараптамалық ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктің атауын тексерудің оң нәтижесі туралы қорытындыны не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктің атауын тексерудің теріс нәтижесі туралы қорытындыны үш данада жібереді.
Toggle Dropdown
9. Егер тұқымның атауы осы Қағидаларға 6 және 7-тармақтарда көрсетілген талаптарға жауап бермесе, онда сараптамалық ұйымның сұрауы бойынша өтінім беруші екі ай мерзімде тұқымның жаңа атауын ұсынады.
Toggle Dropdown
10. Тұқымның жаңалыққа сараптамасы сараптамалық ұйымнан өтінім көшірмесі келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде өтінім беруші ұсынған құжаттарды талдау жолымен жүргізіледі.
Toggle Dropdown
11. Егер өтінім берілген күні автор немесе оның құқықтық мирасқоры аталған селекциялық жетістіктің асыл тұқымдық материалын тұқымды аумақта пайдалану үшін басқа тұлғаларға сатпаса және бермесе тұқым жаңа болып саналады:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасында - өтінім берілген күнге дейін бір жыл бұрын;
Toggle Dropdown
2) кез келген басқа мемлекетте - өтінім берілген күнге дейін тұқымдар бойынша төрт жылдан ерте.
Toggle Dropdown
12. Тиісті тектер мен түрлер селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген күні пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркелген тұқым тұқымға жаңашылдық талаптарды қоймай, патентке қабілетті деп танылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
13. Егер тұқым жаңалығына сараптама жасау нәтижесінде тұқым жаңалық өлшеміне сәйкес келмейтіндігі анықталса, Мемлекеттік комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістікті жаңалыққа сараптаудың теріс нәтижесі туралы қорытынды жасайды және оны үш данада сараптамалық ұйымға жібереді.
Toggle Dropdown
14. Жаңалыққа арналған сараптаманың оң нәтижелері алынған кезде Мемлекеттік комиссия ерекшелігіне, біртектілігіне және тұрақтылығына сынақ жүргізу туралы шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
15. Тұқымның ерекшелігіне, біртектілігіне және тұрақтылығына сынақтан өткізуді Мемлекеттік комиссия ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 3-3/539 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9901 болып тіркелген) бекітілген Мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткізу әдістемесіне сәйкес жүргізеді.
Toggle Dropdown
16. Мемлекеттік комиссия өтінім материалдарын сараптамалық ұйым жіберген күннен бастап бір ай ішінде тұқымның ерекшелігіне, біртектілігіне және тұрақтылығына сынақтан өткізудің нақты мерзімі туралы сараптамалық ұйымға хабарлайды.
Toggle Dropdown
17. Мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасының, сондай-ақ тиісті шарттар жасалған басқа мемлекеттердің басқа ұйымдары жүргізген сынақтардың нәтижелерін және өтініш беруші ұсынған деректерді пайдаланады.
Toggle Dropdown
18. Тұқым патент қабілеттілігі шарттарына сәйкес келсе, Мемлекеттік комиссия осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқымды сипаттай отырып, қорытынды жасайды. Мемлекеттік комиссия селекциялық жетістікті сипаттай отырып, қорытынды жасайды және оны үш данада сараптамалық ұйымға жібереді, оның негізінде сараптамалық ұйым патент беру туралы шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
19. Мемлекеттік комиссия тұқымның патентке қабілеттілік шарттарына сәйкес келмейтінін анықтаса, Мемлекеттік комиссия осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теріс қорытынды жасайды және оны үш данада жібереді, оның негізінде сараптамалық ұйым патент бермеу туралы шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
Патентке қабілеттілікке
сараптама жүргізуге және
сынақтан өткізуге арналған
өтінімді қарау қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Мекенжайы: __________________________
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Тұқымдарды сынақтан және байқаудан
өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы
|
Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Тұқымдарды
сынақтан және байқаудан өткiзу жөнiндегi
мемлекеттiк комиссиясының төрағасы
_________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
20_____ жылғы «____» _____________
|
Toggle Dropdown
Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетiстiктiң атауын тексерудің оң нәтижесі туралы қорытынды
Toggle Dropdown
Тексеру жүргізудің негізі
|
|
Келіп түскен күні
|
|
Селекциялық жетістіктің ұсынылып отырған атауы
|
|
Селекциялық жетістіктің атауы
|
|
Өтінім беруші (лер)
|
|
Toggle Dropdown
Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктің атауына берілген өтінім материалдары сараптамасының нәтижесінде жаңа селекциялық жетiстiктiң атауы «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігі белгіленді.
Toggle Dropdown
Мүшелері: __________ _____________________________________________________
Toggle Dropdown
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Toggle Dropdown
___________ _______________________________________________________________
Toggle Dropdown
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Toggle Dropdown
___________ _______________________________________________________________
Toggle Dropdown
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Toggle Dropdown
Патентке қабілеттілікке
сараптама жүргізуге және
сынақтан өткізуге арналған
өтінімді қарау қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Мекенжайы: __________________________
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Тұқымдарды сынақтан және байқаудан
өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы
|
Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Тұқымдарды
сынақтан және байқаудан өткiзу жөнiндегi
мемлекеттiк комиссиясының төрағасы
_________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
20_____ жылғы «____» _____________
|
Toggle Dropdown
Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетiстiктiң атауын тексерудің теріс нәтижесі туралы қорытынды
Toggle Dropdown
Тексеру жүргізудің негізі
|
|
Келіп түскен күні
|
|
Селекциялық жетістіктің ұсынылып отырған атауы
|
|
Селекциялық жетістіктің атауы
|
|
Өтінім беруші (лер)
|
|
Toggle Dropdown
Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктің атауына берілген өтінім материалдары сараптамасының нәтижесінде жаңа селекциялық жетiстiктiң атауы «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіндігі белгіленді.
Toggle Dropdown
Мүшелері: __________ _____________________________________________________
Toggle Dropdown
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Toggle Dropdown
___________ _______________________________________________________________
Toggle Dropdown
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Toggle Dropdown
___________ _______________________________________________________________
Toggle Dropdown
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Toggle Dropdown
Патентке қабілеттілікке
сараптама жүргізуге және сынақтан
өткізуге арналған өтінімді
қарау қағидаларына
3-қосымша
Toggle Dropdown
Мекенжайы: _______________
________________________
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тұқымдарды сынақтан және байқаудан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы
|
Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тұқымдарды сынақтан және байқаудан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының төрағасы
_________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
20_____ жылғы «____» _____________
|
Toggle Dropdown
Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістікті жаңалыққа сараптаудың теріс нәтижесі туралы қорытынды
Toggle Dropdown
Тексеру жүргізудің
негізі
|
|
Келіп түскен күні
|
|
Селекциялық жетістіктің ұсынылып отырған жаңалығы
|
|
Өтінім беруші
(лер)
|
|
Toggle Dropdown
Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістік өтінімінің материалдарын жаңалыққа сараптау нәтижесінде жаңа тұқым жаңалық өлшемшарттарына сәйкес келмейтіндігі анықталды.
Toggle Dropdown
Мүшелері: __________ _____________________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
__________ _____________________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
__________ _____________________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Toggle Dropdown
Патентке қабілеттілікке
сараптама жүргізуге және сынақтан
өткізуге арналған өтінімді
қарау қағидаларына
4-қосымша
Toggle Dropdown
Мекенжайы: _______________
________________________
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тұқымдарды сынақтан және байқаудан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы
|
Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тұқымдарды сынақтан және байқаудан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының төрағасы
_________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
20_____ жылғы «____» _____________
|
Toggle Dropdown
Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістікті патентке қабілеттілікке сынаудың оң нәтижесі туралы қорытынды
Toggle Dropdown
Тексеру жүргізудің
негізі
|
|
Келіп түскен күні
|
|
Тұқымның патентке қабілеттілік шарттарына сипаттамасы
|
|
Өтінім беруші
(лер)
|
|
Toggle Dropdown
Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістікті патентке қабілеттілікке сынау өтінімінің материалдарын сараптау нәтижесінде тұқым патентке қабілеттілік шарттарына сәйкес келетіні анықталды.
Toggle Dropdown
Мүшелері: __________ _____________________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
__________ _____________________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
__________ _____________________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Toggle Dropdown
Патентке қабілеттілікке
сараптама жүргізуге және сынақтан
өткізуге арналған өтінімді
қарау қағидаларына
5-қосымша
Toggle Dropdown
Мекенжайы: _______________
________________________
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тұқымдарды сынақтан және байқаудан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы
|
Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тұқымдарды сынақтан және байқаудан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының төрағасы
_________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
20_____ жылғы «____» _____________
|
Toggle Dropdown
Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістікті патентке қабілеттілікке сынаудың теріс нәтижесі туралы қорытынды
Toggle Dropdown
Тексеру жүргізудің
негізі
|
|
Келіп түскен күні
|
|
Тұқымның патентке қабілеттілік шарттарына сипаттамасы
|
|
Өтінім беруші
(лер)
|
|
Toggle Dropdown
Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістікті патентке қабілеттілікке сынау өтінімінің материалдарын сараптау нәтижесінде тұқым патентке қабілеттілік шарттарына сәйкес келмейтіндігі анықталды.
Toggle Dropdown
Мүшелері: __________ _____________________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
__________ _____________________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
__________ _____________________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)