• Мое избранное
Орман қорын мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу қағидалары

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 бұйрығына 1-қосымша

Редакция 17.05.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Орман қорын мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу қағидалары 
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.04.2020 жылғы № 101 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргiзу қағидалары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізу тәртiбiн айқындайды (бұдан әрі – Қағидалар).
2. Орман қорын мемлекеттік есепке алу (бұдан әрi – есепке алу) орман қорын күзетуді, қорғауды, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудi, орман пайдалануды, орман қорының сандық және сапалық өзгерiстерiне жүйелi түрде бақылау жасауды ұйымдастыру және мемлекеттiк органдарды, мүдделi жеке және заңды тұлғаларды орман қоры туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшiн жүргiзiледi.
Ерекше қорғалатын орманды аумақтар мемлекеттік орман қоры құрамында жеке бөлінеді және ескеріледі.
Мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің және мемлекеттік табиғи резерваттардың шекараларында орналасқан мемлекеттік табиғат ескерткіштері солардың құрамында ескеріледі.
3. Орман қорының ескерiлетiн көрсеткiштерiне байланысты есебін жүргізу жыл сайынғы және кезеңдiк есебін жүргізу болып бөлiнедi, олар есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша «Орман қоры мемлекеттік есебінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 630 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6609 нөмірімен тіркелген) нысандар (бұдан әрі – Есебін жүргізу материалдары) бойынша жүргiзiледi.
  • 1
4. Жыл сайынғы есебін жүргізу кезiнде жекеше орман иеленушiлер бойынша жекеше орман қорының алаңдары және мемлекеттiк орман иеленушiлер бойынша мемлекеттiк орман қоры алқаптарының алаңдары, сондай-ақ оларды аудандар, қалалар, облыстар және республика бойынша санаттар мен алқаптарға бөлінетіні ескерiледi.
5. Кезеңдiк есебін жүргізу бес жылда бiр рет жүргiзiледi. Кезеңдiк есебін жүргізу кезiнде басым ағаш және бұта тұқымдылары мен жас топтары бойынша орман көмкерген алқаптар мен қорларды бөлу, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргiзу және орман иеленушiлер мен орман пайдаланушылардың шаруашылық қызметiн бағалау үшiн қажет орман қорының қорғалу және экономикалық сипаттамалары туралы осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген жыл сайынғы есептiң деректерiне қосымша деректер ескерiледi.
6. Орман қорының алаңы 0,05 гектардан асатын (дөңгелектеп алғанда 0,1 гектарға дейiн) барлық учаскелерi есепке алынуға жатады. Мәлiметтердің Есебін жүргізу материалдарында тұтас гектарлар күйiнде келтiрiледi.
7. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.04.2020 жылғы № 101 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) орман қорын қорғау, күзету, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласында басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы);
2) мемлекеттік орман орналастыру ұйымы – уәкілетті органның қарауындағы «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, оның қызметі орман ресурстарының есебін, орман қорын аумақтық орналастыруды, ормандардың мемлекеттік мониторингін, орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдалануды жоспарлауды қамтамасыз етуге бағытталған.
2-тарау. Орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізу тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.04.2020 жылғы № 101 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Мемлекеттiк орман қорында есепке алынуға мыналар:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiндегi табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда);
2) мемлекеттiк орман қоры жерлерiндегi орман шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн берiлген табиғи және қолдан өсiрілген ормандар, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген жер учаскелерi;
3) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулерiндегi енi он метр және одан кеңiрек, алаңы 0,05 гектардан астам қорғаныштық екпелер жатады.
9. Жекеше орман қорының құрамында есепке алуға:
1) қолдан өсірілген екпелер;
2) тұқымнан және (немесе) өсу жолымен пайда болған табиғи өсіп-өнген екпелер;
3) жекеше орман питомниктері;
4) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер;
5) агроорман-мелиоративтік екпелер;
6) жеке меншіктің қарауындағы шаруашылық мақсаттағы автомобиль жолдарының бөлiп берiлген белдеулерiндегi қорғаныштық екпелер жатады.
10. Есепке алуды жүргізу материалдарына өзгерiстер енгiзуді орман орналастыру материалдарына сәйкес мемлекеттік орман иеленушілер жүргізеді, оларға жыл сайын мына құжаттардың негізінде өзгерістер енгізіледі:
1) ағаш кесілген жерлерді куәландыру актісі, орман өрті туралы хаттама, орман дақылдарын техникалық қабылдау актісі, есепке алынған орман дақылдарының жиынтық ведомостары;
2) мемлекеттiк органдардың:
жер учаскелерiн орман қорының жерлері және (немесе) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi санатына қосу;
мемлекеттік орман қорының жерлерін алу;
мемлекеттiк орман қорын санаттарға жатқызу, бiр санаттан басқасына ауыстыру, сондай-ақ ерекше қорғалатын учаскелерді бөлiп алу;
мемлекеттiк орман қорында ормансыз жерлерді орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты мақсаттарда пайдалану үшiн оларды орманды жерлерге ауыстыру;
мемлекеттiк орман қорындағы ормансыз жерлердi орманды жерлерге ауыстыру;
мемлекеттiк орман қорының жерлерiн орман шаруашылығын жүргiзумен байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттар жерiне ауыстыру және (немесе) мемлекеттiк орман қорының жерлерiн мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн алу жөнiндегi шешiмдерi.
11. Есепке алуды жүргізуді мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүзеге асырады.
12. Толтырылған есепке алу материалдары есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейін жергiлiктi атқарушы органдардың аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімдерінде салыстырылып, уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне электрондық және қағаз тасығыштарда беріледі:
1) орман шаруашылығымен айналысатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері мен өзге мемлекеттік органдар – өздерінің қарауындағы мемлекеттік орман иеленушілер бойынша;
2) уәкiлеттi органның қарауындағы мемлекеттiк орман иеленушілер;
3) жекеше орман иеленушiлер бередi.
13. Уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі -Аумақтық бөлімшелер) берiлген Есепке алу материалдарын тексереді, оларды өңдейдi, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органында салыстыру жүргізеді, оларды есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына мемлекеттік орман орналастыру ұйымына жiбередi.
14. Мемлекеттік орман орналастыру ұйымы Есепке алу материалдарын есептік жылдан кейінгі жылдың 10 ақпанына дейін тексереді. Дәлсiздiктер байқалған және (немесе) толық көлемінде берілмеген жағдайларда Есепке алу материалдары пысықтауға қайтарылады. Пысықталған есепке материалдары есептік жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанына дейін мемлекеттік орман орналастыру ұйымына қайта жіберіледі.
15. Мемлекеттік орман орналастыру ұйымы Есебін жүргізу материалдарының деректерін аудандар, қалалар, облыстар және жалпы республика бойынша өңдеп, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 наурызына түсіндірме жазбахатпен уәкілетті органның ведомствосына қарауға және бекітуге электрондық түрде, сондай-ақ қағаз тасығыштарда жолдайды.