Toggle Dropdown
Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 7 қазандағы № 978 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 7 желтоқсанда № 12360 болып тіркелді
Редакция 27.03.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың заңнамада бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
_______________И.Н.Тасмағанбетов
2015 жылғы 30 қазан
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 7 қазандағы
№ 978 бұйрығымен бекітілген
Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-41) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) , сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) стандарттары мен ұсынымдарын ескере отырып әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында әуеайлақтық қамтамасыз етудің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың қолданысы Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтық әуеайлақтарды пайдалануды жүзеге асыратын немесе қарамағында Қазақстан Республикасының азаматтық әуеайлақтары бар заңды және жеке тұлғаларға таратылады.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
1) әуеайлақтық қамтамасыз ету – бұл әуе кемелерінің ұшуы, қонуы, рөлдеуі және тұрақтауы үшін тұрақты пайдалану даярлығында әуеайлақтың ұшу алаңын (ұшу-қону жолақтары (бұдан әрі – ҰҚЖ), рульдеу жолдары (бұдан әрі – РЖ), перрондар мен әуе кемелерінің тұрақ орындары) ұстау жөніндегі іс-шаралар кешені;
2) тау әуеайлағы – жер бедерімен қилысатын және әуеайлақтың бақылау нүктесінен 25 километр (бұдан әрі - км) радиустан астам салыстырмалы түрде 500 метр (бұдан әрі - м) қатыстық биіктігі бар жерде орналасқан әуеайлақ, сондай-ақ теңіз деңгейінен 1000 м және одан астам биікте орналасқан әуеайлақ;
3) межелі әуеайлағы – қонуға белгіленген әуеайлақ ретінде ұшу жоспарында және ұшуға тапсырмада көрсетілген әуеайлақ;
4) әуеайлақтың таңбалық белгі – аэронавигациялық ақпаратты беруге арналған әуеайлақтың немесе құрылыстың үстінде орналасқан белгі;
5) аэронавигациялық маяк – барлық бағыттан көрінетін және жер бетіндегі белгілі бір нүктені белгілеуге қызмет ететін тұрақты немесе жарқырауық сәуле шығаратын аэронавигациялық жер үсті оты;
6) әуеайлақ қызметі – әуеайлақ (тікұшақ айлағы), әуежай объектілерін қауіпсіз пайдалануды, ұстауды, жөндеуді қамтамасыз етуге арналған әуежайдың құрымдық бөлімшесі (азаматтық авиация ұйымы);
7) ҰҚЖ – әуе кемелерінің қонуы мен ұшып көтерілуі үшін дайындалған құрлықтағы әуеайлақтың белгілі бір тікбұрышты учаскесі;
8) басты ҰҚЖ – әуеайлақта әдетте жел өті бағытында орналасқан және барынша ұзындығы бар ҰҚЖ;
9) ҰҚЖ-дағы (RVR) көріну қашықтығы – ҰҚЖ-ның осьтiк сызығындағы әуе кемесiнiң ұшқышы ҰҚЖ жамылғысының таңбалану белгісі немесе ұшу-қону жолағын шектейтiн немесе оның осьтiк сызығын белгiлейтiн оттарды көре алатындай шектегi қашықтық;
10) жерге қону аймағы – жерге қонатын ұшақтардың ҰҚЖ-ға бірінші жанасуына арналған ҰҚЖ табаны сыртындағы оның учаскесі;
11) әуе кемесінің жіктелген саны (ACN) – табанның стандартты беріктігінің белгіленген санаттары үшін жасанды жабында әуе кемесінің салыстырмалы әсерін білдіретін сан;
12) жабындының жіктелген саны (РCN) – шектелусіз пайдалану үшін жасанды жабындының әсерін білдіретін сан;
13) соңғы тежеу жолағы (бұдан әрі – ТАЖ) – ұшып көтерілу үзілген жағдайда әуе кемесін тоқтатуға арналған орын алған екпін алу қашықтығы соңындағы арнайы дайындалған тікбұрышты учаске;
14) ұшу алаңы – бір немесе бірнеше ұшу жолағы, рулеждік жолдар, перрондар мен арнайы мақсаттағы алаңдар орналасқан әуеайлақ бөлігі;
15) ұшу жолағы – ҰҚЖ және егер ол болса, тежеудің аяқталу жолағын қамтитын белгілі бір учаске, ол мыналарға:
ҰҚЖ-дан тыс шығып кеткен әуе кемелерінің зақымдану қатерін азайтуға;
ұшып көтерілу немесе қону кезінде оның үстінен ұшып өтетін әуе кемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған;
16) маркер – кедергілерді немесе шекараны белгілеу үшін жер деңгейінен жоғары орнатылған объекті;
17) таңбалау белгісі – аэронавигациялық ақпаратты беру үшін жұмыс алаңының бетінде орналасатын нышан немесе нышандар тобы;
18) қозғалу бағыттары – тек көлік құралдарының пайдалануына арналған, жұмыс алаңының шегінде орнатылған жер үсті бағыттары;
19) қозғалу бағытындағы күту орны – көлік құралдарына тоқтау ұсынылатын белгілі бір орын;
20) ҰҚЖ-дағы күту орны – бұрылатын әуе кемесі және көлік құралдары тоқтайтын, егер әуеайлақ диспетчері пунктінен өзге нұсқау болмаса, күтетін, ҰҚЖ-ны, кедергілерді шектеу бетін, ILS/MLS сындарлы, сезімтал аймағын қорғауға арналған белгілі бір орын;
21) тұрақ орны (бұдан әрі – ТО) – әуе кемесінің тұрағына арналған перронда бөлінген учаске;
22) жабдықталған ұшып көтерілу-қону жолағы – ҰҚЖ, аспаптар бойынша қонуға кіру схемаларын пайдалана отырып, әуе кемелерінің ұшуын жүргізуге арналған;
23) қонуға дәлме-дәл емес кіру үшін жабдықталған ҰҚЖ – 1000 м кем емес көріну кезінде А типті аспаптар бойынша қонуға бет алуды орындағаннан кейін қонуға арналған көзбен шолатын және көзбен шолмайтын құралдармен жабдықталған ҰҚЖ;
24) І санат бойынша қонуға нақты кіру үшін жабдықталған ҰҚЖ – шешім қабылдаудың салыстырмалы биіктігі (DH) кемінде 60 м (200 фут) болатын B типті аспаптар бойынша қонуға кіруді орындағаннан кейін қонуға арналған көзбен шолатын және көзбен шолмайтын құралдармен жабдықталған және не кемінде 800 м көріну кезінде, не ҰҚЖ-да кемінде 550 м көріну қашықтығы кезінде ҰҚЖ-да қонуға дәлме-дәл кіру үшін жабдықталған ҰҚЖ;
25) II санат бойынша қонуға дәл кіру үшін жабдықталған ҰҚЖ – шешім қабылдаудың салыстырмалы биіктігі (DH) кемінде 60 м (200 фут), бірақ кемінде 30 м (100 фут) және ҰҚЖ-да көріну қашықтығы кемінде 300 м болатын B типті аспаптар бойынша қонуға кіруді орындағаннан кейін қонуға арналған көзбен шолатын және көзбен шолмайтын құралдармен жабдықталған ҰҚЖ;
26) III санат бойынша қонуға нақты кіру үшін жабдықталған ҰҚЖ – шешім қабылдаудың салыстырмалы биіктігі (DH) 30 м (100 фут) кем немесе шешім қабылдау биіктігі бойынша шектеусіз және ҰҚЖ-да көріну қашықтығы кемінде 300 м болғанда немесе ҰҚЖ-да көріну қашықтығы шектелмей B типті аспаптар бойынша қонуға бет алуды орындағаннан кейін қонуды қамтамасыз етуге арналған визуалды және визуалды емес құралдармен жабдықталған;
27) перрон – жолаушыларды отырғызу немесе түсіру, пошта жөнелтілімдері мен жүктерді тиеп, түсіру, жанар май құю, тұрақ немесе техникалық қызмет көрсету мақсатында әуе кемелерін орналастыруға арналған құрлықтағы айлақтың белгілі бір алаңы;
28) маневрлеу алаңы – перрондарды қоспағанда, әуе кемелерінің ұшып көтерілуіне, қонуына және бұрылуына арналған әуеайлақ бөлігі;
29) РЖ жолағы – рулеждік жолды қамтитын және рулеждік жолда пайдаланылатын әуе кемелерін қорғауға және рулеждік жолдан тыс кездейсоқ шыққан әуе кемесінің зақымдану қатерін төмендетуге арналған учаске;