• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шарты
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2015 жылғы 20 қазандағы
 № 194 қаулысына
 1-қосымша
Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шарты
Редакция 01.07.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
№ ______________                          20 ___ жылғы «___» ________
____________________________________________________сақтандыру ұйымы
 (сақтандыру ұйымының толық атауы және орналасқан жері)
 бұдан әрі «Сақтандырушы» деп аталады, Жарғы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган «өмірді сақтандыру» саласы бойынша «аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берген 20___жылғы «____» ___________ №______ Лицензия және Сақтандырушы бекіткен «аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша сақтандыру қағидалары негізінде іс-әрекет жасайтын ________________________________________
 _____________________________________________________________________
          (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))
арқылы бір жағынан, және азамат
 _____________________________________________________________________
          (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)), туған күні,
                          тұрғылықты жері,
 жеке басын куәландыратын құжаты, ____________________________________
                                          (сериясы, нөмірі)
 жылғы «_____»_______________ _______________________________________,
        (берілген күні)                     (кім берген)
бұдан әрі «Сақтанушы» деп аталады, екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталады, төмендегілер туралы осы Зейнетақы аннуитеті шартын (бұдан әрі - Шарт) жасады:
1. Шарттың мәні
1. Сақтанушы Шартқа сәйкес сақтандыру сыйлықақысы сомасын Сақтандырушыға беруге міндеттенеді, ал Сақтандырушы сақтандыру төлемдерін Сақтанушының пайдасына өмір бойы жүзеге асыруға міндеттенеді.
2. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен талаптары
2. Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының мөлшері _______ теңгені (цифрлармен және жазумен) құрайды, зейнетақы жинақтарының сомасы _______ теңгені (цифрлармен және жазумен) құрайды.
3. Сақтандырушыға сақтандыру сыйлықақысын төлеу біржолғы төлеммен және толық көлемде жүзеге асырылады.
4. Сақтандыру төлемі Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру төлемдерінің кестесі бойынша «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 59-бабына сәйкес айдың __________ күніне дейін жүзеге асырылады.
5. Бірінші сақтандыру төлемін Сақтандырушы Шарт бойынша зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры Сақтандырушының шотына аударған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
Бірінші сақтандыру төлемінің мөлшері _______ теңгені (цифрлармен және жазумен) құрайды.
6. Индекстеу мөлшерлемесінің мөлшері 5 (бес) пайызды құрайды. Шарт бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшері жыл сайын индекстеу мөлшерлемесінің мөлшеріне ұлғаяды. Индекстеу ескерілген сақтандыру төлемдері мөлшерінің өзгерістері Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру төлемдерінің кестесінде көрсетіледі.
Шарт жасау кезінде Тараптар бастапқыда келіскен және қол қойған Сақтандыру төлемдерінің кестесі Шартты қолдану кезеңі ішінде сақтандыру төлемдері ұлғайған жағдайда өзгереді.
Мерзімдік сақтандыру төлемдерінің мөлшері Шарт қолданыста болған кезең ішінде азаймайды.
7. Кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін (бар болса) жүзеге асыру кезеңі 20__жылғы «___»______ - 20__ жылғы «___»______ аралығындағы _____ жылды құрайды.
8. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру кезінде Сақтандырушы Сақтанушының Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен төлем көзінен салық салынатын кірісінен есептелген салық сомасын ұстап қалады.
9. Сақтандырушы сақтандыру төлемін Сақтанушының Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде ашылған банк шотына аударады. Сақтандыру төлемдері сомаларын аударумен, есепке алумен және төлеумен байланысты банктік қызметтер үшін ақы төлеу Сақтандырушының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
10. Сақтанушы қайтыс болған жағдайда, Сақтандырушы отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға _______ теңге (цифрлармен және жазумен) мөлшерінде, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15 еселенген мөлшерінен кем емес жерлеуге арналған жәрдемақы түріндегі сақтандыру төлемін жүзеге асырады.
11. Сақтанушы қайтыс болған жағдайда оның мирасқорлары Шартта көзделген, Сақтандырушы төлемеген кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін, егер Сақтанушы оларды тірі кезінде толық көлемде алмаған не алмаған жағдайда, алуға құқығы бар.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
12. Сақтанушы:
1) Сақтандырушы жүргізген сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;
2) Сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабын жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды тартуға;
3) Шартты жоғалтқан жағдайда оның көшірмесін алуға;
4) Шартты жасасу үшін осы Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге ерікті зейнетақы жарналарын пайдалануға құқылы.
13. Сақтанушы:
1) Шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде Шарттың түпнұсқасын бере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;
2) Шарт бұзылған кезде Шартты бұзу туралы өтінішпен жүгінуге және жаңа зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жаңа сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын беруге міндетті.
14. Сақтандырушы:
1) Сақтанушыны сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабымен таныстыруға;
2) 2 (екі) данасы Сақтанушыға берiлетін Шартты 3 (үш) данада ресiмдеуге;
3) жаңа сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын алған кезден бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде Шартта көрсетілген сақтандыру ұйымына сатып алу сомасын аударуға;
4) Шартта көзделген сақтандыру төлемдері уақтылы жүзеге асырылмаған кезде Сақтанушыға мерзімін өткізіп алған әр күн үшiн төленбей қалған соманың 1,5 пайызы мөлшерінде өсімпұл төлеуге;
5) Сақтандырушының шотына аударылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы сомасының түскендігі туралы Сақтанушыға аударылған зейнетақы жинақтарының сомаларын көрсете отырып, жазбаша немесе Шарт тараптарының келісімінде айқындалған өзге тәсілмен хабарлауға;