Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 988 қаулысы
Редакция 15.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағын, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағының сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он үшінші, он бесінші, он алтыншы абзацтарын, осы қаулыға 2-қосымшаның 1-бөлімі 3-тармағының 2) тармақшасын, 2-бөлімінің 7-тармағын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Осы қаулыға 2-қосымшаның 1-бөлімі 3-тармағының 1) тармақшасы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар
1. «Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1597 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 66-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидаларында:
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдар Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бекітетін азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімінде көзделген мемлекеттік әкімшілік немесе азаматтық қызметшілерге арналған тиісті санаттардағы лауазымдарға тағайындалады.»;
5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторийлік-курорттық қызмет көрсетілуіне;»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған кезде құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері үшін заңнамада көзделген барлық жеңілдіктер мен артықшылықтар сақталады:»;
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін:
әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген және арнаулы атақты, сыныптық шенді алу, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған кезде тіркелген арнайы атағы, сыныптық шені бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа жеткен;
әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына не өз еркіне не жұмысын жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайының салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуiне байланысты қызметтен босатылған;
жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екі жылын және алты айын үзіліссiз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет құрайтын және штаттың қысқартылуына не жұмысын жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайының салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуіне байланысты қызметтен босатылған не арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған кезде тіркелген арнаулы атағы, сыныптық шені бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа жеткен адамдардың алуға құқығы бар;»;
4) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен біржолғы жәрдемақы тағайындау үшін есепке алынатын ақшалай қаражатты айқындау кезінде:»;
9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін есепке алынатын ақшалай қаражат мемлекеттік әкімшілік не азаматтық қызметтен босатылған күнгі соңғы қызмет атқарған орны бойынша тіркелген ақшалай қаражатты не лауазымдық жалақыны көрсете отырып, соңғы қызмет орны бойынша тиісті қаржы органының белгіленген үлгідегі анықтамасымен расталады.
10. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауды тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар соңғы қызмет орны бойынша жүзеге асырады.
11. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға құқық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет желісі бойынша еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызмет көрсету және санаторийлік-курорттық емделу құқығы сақталады.»;
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Арнаулы атақтарды, сыныптық шендерді иелену және нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдар қатарынан қайтыс болған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылардың отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы тағайындалуына қарамастан: әйеліне (күйеуіне) асыраушысының еңбек сіңірген жылдары үшін үш айлық зейнетақысы мөлшерінде және отбасының еңбекке жарамсыз әрбір мүшесіне – оның қайтыс болған күніне қарай төленген асыраушысының еңбек сіңірген жылдары үшін айлық зейнетақы төлемінің мөлшерінде біржолғы жәрдемақылар төленеді.»;
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (29.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (29.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2023 жылғы № 734 Бұйрығымен (30.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (29.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2023 жылғы № 733 Қаулысымен (29.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (29.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (29.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.02.2017 жылғы № 71 Қаулысымен (10.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 988 қаулысына 1-қосымша
Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидаларына қосымша
Құқық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет желісі бойынша еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған, әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтар сақтаған адамдарды тіркеу туралы АНЫҚТАМА
____________________________________________________________ берді
(мемлекеттік органның, бөлімшенің атауы)
1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_______________________
2. Жойылған кездегі арнаулы атағы (сыныптық шені) ___________
3. Жойылған кездегі құқық қорғау органы, мемлекеттік
фельдъегерлік қызмет қызметкерінің атқарған лауазымы ______________
4. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ
нысанды киім киіп жүру құқығының жойылуына байланысты мемлекеттік
немесе азаматтық лауазымға ауыстыру туралы 2012 жылғы «___» _______ №
______ бұйрық.
Мөр орны Органның кадр қызметінің басшысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 988 қаулысына 2-қосымша
2-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (29.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 988 қаулысына 3-қосымша
3-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысымен (29.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 988 қаулысына 4-қосымша
4-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2023 жылғы № 734 Бұйрығымен (30.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 988 қаулысына 5-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысымен бекітілген
Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Қағидалар инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу арқылы зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі (бұдан әрі – айырма төлемі) – инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалған, республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем;
2) айырма төлемін алушы (бұдан әрі – алушы) – айырма төлемі тағайындалатын жеке тұлға;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) жеке зейнетақы шоты – міндетті зейнетақы жарналары не міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық табысы, өсімі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдері ескерілетін және зейнетақы төлемдері жүргізілетін салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) дербес атаулы шоты;
5) Орталықтың бөлімшесі – Орталықтың қалалық, аудандық бөлімшелері;
6) әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган – әлеуметтік қамсыздандыру саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
7) бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган – бюджеттің атқарылуы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
8) сақтандыру ұйымы – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
9) зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдары және ведомстволары;
10) уәкілетті ұйым (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
3. Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік:
1) Заңның 11-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарға зейнеткерлік жасқа келген күніне;
2) Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, Заңның 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдарға мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда – зейнетақы жинақтарын алған күніне;
3) Заңның 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа толған күніне сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын аударған күннен бастап Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа келгенге дейінгі кезеңге таралады.
Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын екі және одан көп рет жасасқан жағдайда айырма төлемі сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары соңғы рет аударылған күннен бастап Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа келгенге дейін жүзеге асырылады.
Бұл ретте, айырма төлемі инфляцияның деңгейін және сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары соңғы рет аударылған күннен бастап зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан кейін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығын ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары сомасына жүргізіледі.
Сақтандыру ұйымына аударылғаннан кейін зейнетақы жинақтарының қалдық сомасы туралы ақпаратты БЖЗҚ Орталыққа ұсынады;
4) Заңның 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, Заңның 32-бабының 1-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алып қою күніне;
5) Заңның 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқандарға айырма төлемі сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын аудару күніне сақтандыру ұйымына аударылған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасына жүргізіледі.
Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарындағы адам мемлекет кепілдіктеріне жүгінген жағдайда, айырма төлемі 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтарған кезден бастап құқық туындаған күнге дейін инфляция деңгейін ескере отырып және жеке зейнетақы шотында міндетті зейнетақы жарналары сомасынан 50 пайызын қайтарғаннан кейін зейнетақы жинақтарының қалдығын ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасына жүргізіледі.
4. Осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген кездерден бұрын зейнетақы жинақтарын алып қойған, мемлекет кепілдігі төлеміне құқығы бар адамдар жүгінген жағдайда, мемлекеттік кепілдік бойынша айырманың есебі зейнетақы жинақтары алғаш алынған күнге жүргізіледі.
2. Айырма төлемін тағайындау үшін өтініш беру тәртібі
5. Айырма төлемін алуға құқығы бар адам айырма төлемін тағайындау үшін тұрғылықты жеріндегі Орталықтың бөлімшесіне әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша өтініш береді.
Өтінішті қабылдаған кезде жеке басын куәландыратын құжат туралы, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) арқылы алады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралманның куәлігі);
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы).
Бұдан басқа, өтінішке мыналар қоса беріледі:
1) алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер;
2) осы Қағидалардың 3-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін сақтандыру ұйымымен жасалған шарттың (шарттардың) көшірмесі.
Егер айырма төлеміне Орталықтан зейнетақы және өзге де төлемдерді алушы жүгінген жағдайда, өтінішке осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген құжаттар қоса берілмейді. Аталған адамның өтініші Орталықтан төленетін зейнетақы және өзге де төлемдер бойынша істер макетіне қосылады.
6. Айырма төлемін алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын алушы болып табылатын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың өтінішіне мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) алушы өзі жүгінген кезде:
шетелдік паспорттың көшірмесі және егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқасы;
банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар өтінішті пошта байланысының құралдары арқылы берген кезде алушының банк шоты туралы мәліметтен басқа, нотариат куәландырған шетелдік паспорттың көшірмесі, сондай-ақ өтініштегі алушының қолы (нотариатта куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілген жағдайда).
Айырма төлемі туралы өтінішті пошта байланысының құралдары арқылы берген кезде алушының жеке басын куәландыратын құжаттар көшірмелерінің дұрыстығын, сондай-ақ оның қолының түпнұсқалығын нотариат куәландырады. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрған жағдайда, құжаттардың көшірмелерін нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізіледі.
7. Алушының атынан айырма төлемін тағайындау туралы өтінішпен жүгінген кезде сенім білдірілген өкіл осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көзделген құжаттардан басқа:
1) сенім білдірілген өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруына ықтиярхаты) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;
2) сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін (егер сенімхатта сенім білдірушінің бір мезгілде бірнеше ұйымдардағы мүддесін білдіруі жөніндегі өкілеттіктер қамтылатын болса) ұсынады.
Сенім білдірілген өкілдің алушыға айырма төлемін тағайындау туралы өтініш беруі оның өзі келген кезде жүзеге асырылады.
8. Айырма төлемін алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, айырма төлемінің сомасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен мұрагерге жүзеге асырылады.
Бұл ретте, мұрагер мынадай құжаттарды ұсынады:
1) әлеуметтік қамсыздандыру бойынша уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша өтінішті;
2) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұру ықтиярхаты) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;
3) айырма төлемін алуға құқығы бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;
4) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі, заңды күшіне енген сот шешімі;
5) алушының банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.
9. Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған және қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға айырма төлемін тағайындау үшін олардың қамқоршылары немесе қорғаншылары:
1) әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша өтінішті;
2) қамқоршының немесе қорғаншының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұру ықтиярхаты) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;
3) қамқоршылықтың немесе қорғаншылықтың белгіленгенін растайтын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;
4) осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
3. Айырма төлемін жүзеге асыру тәртібі
10. Орталық айырманы төлеу туралы өтінішті қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді ұсыну жөнінде хабарлама жібереді.
11. БЖЗҚ хабарлама келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде алушының жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді Орталық пен БЖЗҚ арасында ақпарат алмасу туралы шартқа сәйкес ЭЦҚ қоя отырып, Орталыққа электрондық форматта ұсынады.
12. Орталық БЖЗҚ-дан мәліметтерді алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерін тиісті кезеңге инфляцияның деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасымен салыстыру жүргізеді.
13. Егер осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген талаптар туындаған жағдайда БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы:
инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан артық немесе оған тең болғанда – айырма төлемі жүзеге асырылмайды және уәкілетті орган айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады;
инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан төмен болған жағдайда – Орталық бір жұмыс күні ішінде айырма төлемі сомасының есебін мына формулаларға сәйкес жүргізеді:
Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін айырма төлемі сомасының есебі мынадай формулаға сәйкес жүргізіледі:
Sr = Sn -Sf
Sn = Sn -1 *In +Pn,
S1 = P1, мұнда
n – есепті ай;
Sr – айырма төлемі сомасы;
Sn – n айындағы инфляцияның деңгейін ескере отырып, салымшылардың (алушылардың) нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы, теңгемен;
Sf = БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен нақты зейнетақы жинақтарының сомасы, теңгемен;
In – өткен айға қатысты n айындағы инфляция көрсеткіші, пайызбен;
Pn – n айындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының түсуі, теңгемен;
P1 – n айындағы алғашқы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының түсуі, теңгемен;
осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар және әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері қатарындағы адамдар, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшін айырма төлемі сомасының есебі келесі формулаға сәйкес жүргізіледі:
Sr = Sn -Sf
Sn = Sn -1 *In +Pn,
S1 = Sv -Sp, мұнда:
n – есепті ай;
S1 – сақтандыру ұйымына аударылғаннан кейін зейнетақы жинақтарының нақты қалдық немесе 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасынан 50 пайызы қайтарылғаннан кейінгі қалдық сомасы, теңгемен;
Pn – n айындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының түсуі, теңгемен;
Sn – n айындағы инфляцияның деңгейін ескере отырып, салымшылардың (алушылардың) нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы, теңгемен;
Sf – БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен нақты зейнетақы жинақтарының сомасы;
Sv – сақтандыру ұйымына аударған кездегі немесе 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызы қайтарылған кездегі БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты жинақтарының сомасы, теңгемен;
Sp – сақтандыру ұйымына аударылған сома немесе 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызы қайтарылған сома, теңгемен;
In – өткен айға қатысты n айындағы инфляцияның көрсеткіші, пайызбен.
Бұл ретте, тұтас алғанда, ел бойынша тиісті кезең үшін инфляцияның деңгейі статистика жөніндегі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған деректеріне сәйкес алынады.
14. Орталықтың бөлімшесі айырма төлемінің сомасын есептеуді жүзеге асырғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде:
1) әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша айырма төлемін тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) шешімнің жобасынан;
2) инфляцияның деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары туралы ақпараттан;
3) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мәліметтерден тұратын алушының электрондық (қағаз) іс макетін қалыптастырады (бұдан әрі – ЭІМ) және оларды уәкілетті органға жібереді.
15. Уәкілетті орган ЭІМ келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде айырма төлемін тағайындаудан бас тарту себебін көрсете отырып тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және оларды Орталықтың бөлімшесіне жібереді.
16. Орталық екі жұмыс күні ішінде өтініште көрсетілген алушының (өтініш берушінің) ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы айырма төлемін тағайындау не тағайындаудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
Орталық әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша sms-хабарламаларды өтініш берушінің деректерінен (тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, күні, sms-хабарлама берілген телефон нөмірі, істің нөмірі және маманның деректері) тұратын sms-хабарламалар журналында тіркейді.
17. Айырма төлемін тағайындау туралы алынған шешімдердің, сондай-ақ төлем кестесінің негізінде Орталық ай сайын айырма төлеміне бюджет қаражаты қажеттілігін қалыптастырады және төлем айының алдындағы айдың 25-күніне қарай әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
18. Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган тиісті кезеңге төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары шегінде айырманы төлеу үшін қажетті бюджет қаражаты туралы мәліметтерді бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
19. Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айырманы төлеуге бюджет қаражатының қажеттілігіне сәйкес төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарында есепті кезеңге көзделген сома шегінде Орталыққа бюджет қаражатын аударуды жүзеге асырады.
20. Орталық бюджет қаражатын алып, төлем кестесіне сәйкес 030 төлем тағайындау кодымен төлем тапсырмаларын қалыптастырады және айырма төлемінің сомаларын алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе Қазақстан Республикасының жерінде ашылған банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотына аударады (бұдан әрі – банктік шоттар).
Бұл ретте, айырма төлемі банктік шоттарға аудару арқылы немесе алушыларға «Қазпошта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы үйлеріне жеткізіп беру жолымен жүзеге асырылады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |