• Мое избранное
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын, Субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Грант беру туралы шарттың нысандарын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 09.10.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын, Субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Грант беру туралы шарттың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 736 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 желтоқсанда № 12480 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 9 қазаннан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.08.2017 жылғы № 299 Бұйрығына сәйкес
Редакция 08.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысына, «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 cәуірдегі № 234 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.06.2016 жылғы № 244 Бұйрығына сәйкес (26.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Субсидиялау шартының нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кепілдік шартының нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Грант беру туралы шарттың нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 2015 жылғы 26 қарашадағы
 № 736 бұйрығына
 1-қосымша
                                             нысан
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы үлгі шарт
____________ қ. 201 жылғы «____» __________
Осы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт (бұдан әрі – Шарт):
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.06.2016 жылғы № 244 Бұйрығына сәйкес (26.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
бірлесіп «Тараптар», ал әрқайсысы жеке алғанда «Тарап» деп немесе төменде көрсетілгендей аталатын,
1) «Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі»:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
атынан ______________________________________________ негізінде
әрекет ететін __________________________________________________ және
2) «Қаржы агенттігі»:
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының атынан
____________________________ негізінде әрекет ететін ________________
_____________________________________________________________________
арасында:
«Бизнестің жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына (бұдан әрі – Бағдарлама);
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) және «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) сәйкес жасалды.
 1. Терминдер мен анықтамалар
1. Осы Шартта мынадай негізгі терминдер мен қысқартулар
қолданылады:
1) Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым салалары –
экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономиканың
басым секторлары (бұдан әрі - ЭҚЖЖ);
2) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – облыс әкімі
айқындайтын қаланың/ауданның Бағдарламаны қалада немесе аудандық
деңгейде іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі;
3) Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана,
республикалық маңызы бар қала) деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға
жауапты, облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі
айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
4) банк – Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
5) банк-төлем агенті – лизингтік компанияның/исламдық лизингтік
компанияның уәкілетті банкі, қаржы агенттігімен келісілуге тиіс және
лизингтік компанияның/исламдық лизингтік компанияның жобалар бойынша