«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 669 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда № 12556 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 6 наурыздан бастап ҚР Қаржы министрінің м.а. 22.02.2017 жылғы № 130 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 548 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10046 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 қаңтарда жарияланған),
2) «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 548 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 482 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12168 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 қазанда жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті (Қ.Н. Абдуллаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 669 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
р/с № | Атауы |
---|---|
1. | Тауарлар: |
1.1. | автокөлік құралдары |
1.2. | тікұшақтар |
1.3. | серверлер, телекоммуникация құралдары (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда) |
1.4. | жұмыс станциялары, дербес компьютерлер, моноблоктар (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда) |
1.5. | лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету (бағдарламалық өнімдер) (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда) |
1.6. | жиһаз (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда) |
2. | Жұмыстар: |
2.1.** | орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде шығатын, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей іске асыратын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді құруға (салуға) не қолда барларын реконструкциялау |
2.2.** | бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар шығатын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға бағытталған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын жаңа объектілерді құру (салу) не қолда барларын реконструкциялау |
3. | Көрсетілетін кызметтер: |
3.1.** | орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде шығатын, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей іске асыратын және аяқталған сипаттағы ақпараттық жүйелерді құру, енгізу, дамыту және жаңғырту |
3.2.** | бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар шығатын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға бағытталған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын ақпараттық жүйелерді құру, енгізу, дамыту және жаңғырту |
3.3.** | орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде шығатын, ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу, әкімшілендіру (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда) |
3.4.** | орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде шығатын, техникалық қызмет көрсету және аппараттық-бағдарламалық кешендерді жөндеу (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда) |
3.5.** | орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде шығатын, полиграфиялық кызметтер және баспа өнiмдерін өндіру (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда) |
3.6. | лицензияланған бағдарламалық өнімді техникалық қолдау (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда) |
Ескертпе:
*мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен оның ведомстволары жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуларды қоспағанда, электрондық сатып алу арқылы конкурс немесе аукцион тәсілімен өткізілетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылады.
** жоғарғы бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін нысаналы даму трансферттерін қоспағанда, тапсырыс берушілер (ведомстволар және олардың аумақтық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер) айқындаған тұлғалардан тәуелсіз орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдары әкімші болып табылатын 2.1, 2.2, 3.1, 3.2, 3.3, 3.4 және 3.5-тармақтарында көрсетілген жұмыстар және қызмет көрсетулер бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді біріңғай ұйымдастырушы жүзеге асырады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |