Toggle Dropdown
8
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда № 12590 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 15.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 23 маусымдағы № 378 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің 2015 жылғы 23 шілдедегі 92255 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 31 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 5-бөлімнің 16-параграфын, сондай-ақ 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 424 және 426-тармақтарды қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс
Toggle Dropdown
Министр Б. Сұлтанов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 648 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
35
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары
Toggle Dropdown
1. Осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы», «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Қағидалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылық көрсеткіші – Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес интеграциялау жолымен алынған мемлекеттік кірістер органдарының немесе Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім берушінің тиісті уәкілетті органының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес веб-порталда автоматты түрде айқындалатын әлеуетті өнім берушінің кірістері, төленген салықтары және еңбегіне ақы төлеу қоры бойынша көрсеткіштер жиынтығы (бұдан әрі – осы Қағидалардың 293-тармағында айқындалған тәртіппен қолданылатын мемлекеттік кірістер органдары);
Toggle Dropdown
2) веб-порталға қатысушы – веб-порталда тіркеуден өткен тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші;
Toggle Dropdown
3) веб-порталда тіркелу – мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектісінің веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуі;
Toggle Dropdown
4) жеке кабинет – мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, сатып алуға қатысуларын, сондай-ақ веб-порталда орналастырылған автоматтық хабарламалар мен мәліметтерді алуды жүзеге асыруға арналған пайдаланушының веб-порталдағы автоматтандырылған жұмыс орны;
Toggle Dropdown
5) қазынашылық сүйемелдеу – құрылыс объектілері бойынша құрылыспен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын, қазынашылық органдарындағы шоттар арқылы жүргізілген төлемдердің барлық кезеңдерінде жобаның барлық қатысушыларының – бас мердігерлердің және қосалқы мердігерлердің салықтарды төлеуінің толықтығын қамтамасыз етуді бақылау;
Toggle Dropdown
6) құжаттың электрондық көшірмесі – өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік қызметтерді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;
Toggle Dropdown
7) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі;
Toggle Dropdown
8) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет болып табылатын заңды тұлға;
Toggle Dropdown
9) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Toggle Dropdown
10) мемлекеттік сатып алу саласында электрондық депозитарий (бұдан әрі – электрондық депозитарий) - осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен веб-порталда қалыптастырылатын әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын мәліметтер мен құжаттарды қамтитын электрондық деректер базасы;
Toggle Dropdown
11) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық-цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;
Toggle Dropdown
12) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы (бұдан әрі – бірыңғай ұйымдастырушы) – Заңның 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдігі немесе аудан, қала, қаладағы аудан әкімдігі айқындаған, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
Toggle Dropdown
13) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы (бұдан әрі – ұйымдастырушы) – заңды тұлға немесе оны құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететін, Заңның 7-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше;
Toggle Dropdown
14) офтейк-келісімшарт – тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім беруші арасында болашақта өндіруге жоспарланған тауарларды кепілді сатып алу жөнінде жасалған келісім;
Toggle Dropdown
15) тауарлардың электрондық каталогы - сатып алынатын тауарларды автоматтандырылған сәйкестендіру мақсатында тауарлардың біріздендірілген сипаттамасын қалыптастыруға арналған веб-порталдың ақпараттық кіші жүйесі;
Toggle Dropdown
16) төленген салықтардың көрсеткіші – мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректері бойынша, осы Қағидалардың 44-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес, есептелетін алдыңғы жылдың алдындағы үш жылдың ішінде әлеуетті өнім берушінің кірістерінің сомасына төленген салықтардың сомасының проценттік қатынасы;
Toggle Dropdown
17) уәкілетті өкіл – веб-порталға қатысушының бірінші басшысының тиісті шешімімен веб-порталда барлық іс-қимылдарды атқаруға, соның ішінде электрондық құжаттардың көшірмелерін куәландыруға уәкілеттілік берілген веб-порталға қатысушының қолданушысы;
Toggle Dropdown
18) форматтық-логикалық бақылау - веб-порталда белгіленетін, веб-порталды пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалық шектеулер кешені;
Toggle Dropdown
19) электрондық әмиян – әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған оның банктік шотына ақша салған кезде бірыңғай оператор әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің операцияларын көрсету үшін пайдаланатын, мыналармен:
Toggle Dropdown
конкурсқа, аукционға және баға ұсыныстарын сұрауға қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етумен;
Toggle Dropdown
шарттың орындалуын қамтамасыз етумен;
Toggle Dropdown
авансты қамтамасыз етумен (егер шартта аванс көзделген жағдайда);
Toggle Dropdown
Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізумен (бар болса) байланысты жеке шоты;
Toggle Dropdown
20) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
Toggle Dropdown
21) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермегенін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
Toggle Dropdown
22) бастапқы баға - аукцион өткізілгенге дейін Әлеуетті өнім беруші ұсынған, аукционға қатысуға өтінімге қоса берілетін, аукцион нысанасының бөлінген сомасынан бес пайыздан астам төмен болмауы тиіс баға;
Toggle Dropdown
1
23) келісу комиссиясы - тапсырыс беруші осы Заңда айқындалған тәртіппен құратын, шарт жасасудан жалтару салдарынан мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін қарайтын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;
Toggle Dropdown
24) негіздемелік келісім - тапсырыс беруші мен негіздемелік келісімге қатысушы арасында кейіннен шарт жасасу мақсатында орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүргізу нәтижелері бойынша бірыңғай ұйымдастырушы және (немесе) ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушілермен арасында жасалатын келісім;
Toggle Dropdown
25) электрондық дүкен – бірыңғай оператор айқындаған, веб-порталмен интеграцияланған бірыңғай ақпараттық жүйе, онда уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер тауарлар және олардың бағалары туралы ақпаратты орналастырады.
Toggle Dropdown
4. Осы Қағидаларда пайдаланатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолданылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау
Toggle Dropdown
5. Осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді мемлекеттік сатып алудың бекітілген немесе нақтыланған жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жоспары) негізінде қабылдайды.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақша немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және бекітеді.