Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 маусымдағы № 751 және "Тұрғын жайларды күтіп ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара заставалары мен комендатуралардың тізбесін бекіту туралы" 2012 жылғы 12 қазандағы № 1293 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 1022 қаулысы
Редакция 30.01.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2) «Тұрғын жайларды күтіп ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара заставалары мен комендатуралардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1293 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1079- құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген тұрғын жайларды күтіп ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара заставалары мен комендатуралардың тізбесінде:
«2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті» деген бөлімдегі:
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов