«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
-
Рубрики:
Международные










Международные
Отправить по почте

Экономиканың жекелеген салаларында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 724 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 желтоқсанда № 12495 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2024 жылғы 18 қазаннан бастап ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2024 жылғы № 84 Бұйрығына сәйкес
Редакция 11.08.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.03.2017 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес (22.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.08.2017 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Экономиканың жекелеген салаларында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Білім саласындағы (балабақша) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Көлік саласындағы (автовокзал) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес Қоршаған ортаны қорғау саласындағы (полигоны бар қоқыс өңдеу зауыты) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес Ауыл шаруашылығы саласындағы (сервистік-дайындау орталығы) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес Білім саласындағы (балабақша) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) мемлекеттік- жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты;
19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес Білім саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты;
20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес Көлік саласындағы (автовокзал) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты;
21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес Қоршаған ортаны қорғау саласындағы (полигоны бар қоқыс өңдеу зауыты) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты;
22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес Ауыл шаруашылығы саласындағы (сервистік-дайындау орталығы) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты бекітілсін.
2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы М. Құсайынов
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына 1-қосымша
__________________________ (Конкурсты ұйымдастырушының толық атауын және осы конкурстық құжаттаманы бекіткен лауазымды тұлғаның Т.А.Ә. (болған жағдайда) көрсету қажет)
20__ жылғы «___» _________ № ____________ шешім
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _______________________ (Заңның 20-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда көрсетіледі)
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _______________________ (Заңның 21-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда көрсетіледі)
МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБАСЫНЫҢ ҮЛГІЛІК КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМАСЫ Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының атауы
_______________________________________________________________
(мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының атауын көрсету қажет)
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінiң орналасқан жері
_______________________________________________________________
(мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінiң орналасқан жері
көрсетіледі)
Мемлекеттік әріптес
_______________________________________________________________
(мемлекеттік әріптестің толық атауын, орналасқан жерін, БСН,
банктік деректемелерін көрсету қажет)
Конкурсты ұйымдастырушы

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |