• Мое избранное
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 желтоқсанда № 12452 болып тіркелді

Редакция 07.03.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 41-31) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.04.2020 жылғы № 220 Бұйрығына сәйкес (23.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 29.12.2025 жылғы № 450 Бұйрығына сәйкес (17.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы М. Құсайынов
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
       _______________ Е. Досаев 
2015 жылғы 25 қараша
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің
 міндетін атқарушының
 2015 жылғы 10 қарашадағы
 № 1061 бұйрығымен
 бекітілген
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.07.2017 жылғы № 510 Бұйрығымен сәйкес (10.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 951 Бұйрығымен (28.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 жылғы № 541 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 41-31) тармақшасына және (бұдан әрі – Заң) және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.04.2020 жылғы № 220 Бұйрығына сәйкес (23.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 29.12.2025 жылғы № 450 Бұйрығына сәйкес (17.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қағида сертификаттау және «Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік қызметті көрсетуді (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет), сондай-ақ жолаушылардың, багаждың, жүктің және почта жөнелтілімдерінің коммерциялық тасымалдарын (әуе тасымалдарын) жүзеге асыратын авиакомпаниялардың азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын (бұдан әрі - пайдаланушы сертификаты) тоқтата тұру және кері қайтарып алу тәртібін айқындайды.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.04.2020 жылғы № 220 Бұйрығына сәйкес (23.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) атқарады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.04.2020 жылғы № 220 Бұйрығына сәйкес (23.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы куәлігін беру үшін «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығында белгіленген тәртіппен төлем алынады (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 32120 болып тіркелді).
1-тарау 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Көлік министрінің 17.01.2024 жылғы № 30 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 25.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 32089 болып тіркелген) (бұдан әрі - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелері) төлемақы мөлшерлемесі айқындалады.
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау уәкілетті ұйымның бюджетіне төлем түскеннен кейін жүзеге асырылады.
4. Халықаралық коммерциялық тасымалдау құқығын беретін пайдаланушы сертификатын алғаш рет алған авиакомпания Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (бұдан әрі – ИКАО) тіркеледі
4-тармақ өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.04.2020 жылғы № 220 Бұйрығымен (23.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 29.12.2025 жылғы № 450 Бұйрығына сәйкес (17.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тіркеу мүшелік жарнаны төлей отырып, өтініш берушінің (пайдаланушының) ИКАО-ға жіберген сұрау салуы арқылы жүзеге асырылады. Одан кейін уәкілетті ұйым ИКАО интернет-ресурсында өтініш берушінің пайдаланушы сертификатын нақты алғанын растайды. Расталғаннан кейін ИКАО үш әріптік кодты және пайдаланушының шақыру атауын тіркейді.
5.  Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, көрсету нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі нысанында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазылған.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.04.2020 жылғы № 220 Бұйрығына сәйкес (23.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.03.2023 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (12.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 29.12.2025 жылғы № 450 Бұйрығына сәйкес (17.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Сертификаттау мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:
1) өтiнiмдi беру алдындағы кезең;
2) өтініш берушінің уәкілетті ұйымға құжаттармен бірге өтінім беруі;
3) құжаттаманы бағалау және шешім қабылдау;
4) уәкілетті ұйымға өтініш берушіге сертификаттық тексеру жүргізуі;
5) шешім қабылдау және пайдаланушы сертификатын беру (беруден бас тарту).
7. Сертификаттау мен пайдаланушы сертификатын берудің жалпы мерзімі – өтінім берілген сәттен бастап алпыс төрт жұмыс күні.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 29.12.2025 жылғы № 450 Бұйрығына сәйкес (17.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бұл мерзім өтініш берушіге 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде хабарлай отырып, осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес белгіленетін 2-деңгейді анықталған сәйкессіздіктерін жою үшін қажетті мерзімге ұзартылады.
Түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімді уәкілетті ұйым өтініш беруші оны өзгерту қажеттілігі туралы негіздеме ұсынған жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге бір реттен артық емес мерзімге ұзартады, бұл туралы өтініш берушіге 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде хабарланады.
Өзгерістер енгізу мерзімдері:
1) пайдаланушының атауы, заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы өзгерген кезде сертификатқа және/немесе онымен байланысты пайдалану ерекшеліктеріне – 10 жұмыс күнін;
2) пайдаланылатын бір типтегі әуе кемесін (лерін) пайдаланушының сертификатын пайдалану ерекшеліктеріне енгізген кезде – 20 жұмыс күнін;
3) бұрын пайдаланылмаған басқа типтегі әуе кемесін (лерін) пайдаланушының сертификатын пайдалану ерекшеліктеріне енгізген кезде – 30 жұмыс күнін;
4) ұшудың басқа түрлерін пайдаланушы сертификатын пайдалану ерекшеліктеріне енгізген кезде, оның ішінде арнайы бекітулер – 30 жұмыс күнін;
5) әуе кемелерін пайдаланушы сертификатының пайдалану ерекшеліктерінен алып тастаған кезде – 3 жұмыс күнін құрайды.
Пайдаланушы сертификатын уәкілетті ұйымның мөрімен расталған көшірмесін беру – 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
8. Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушының сертификаты – уәкілетті ұйым берген сертификаттау талаптарына және осы Қағидаларға сәйкестiгiн куәландыратын құжат;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.04.2020 жылғы № 220 Бұйрығына сәйкес (23.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) өтінім – өтініш берушінің азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификатын алу үшін уәкілетті ұйымға жүгінуі (бұдан әрі - өтінім);
3) өтініш беруші – азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын алу үшін уәкілетті ұйымға жүгінген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.03.2023 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (12.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1) сәйкестік туралы декларация – ұсынылатын қызмет түрлеріне қолданылатын сертификаттау талаптарын қолдауға және сақтауға міндеті, сәйкестік жөніндегі барлық нормалары мен қағидалардың толық тізбесін қамтитын пайдаланушының құжаты. Әрбір сертификаттау талабына нұсқаулыққа немесе басқа құжатқа қысқаша сипаттама немесе сілтеме берілуі қажет. Сипаттама немесе сілтеме сәйкестікті бағалау әдісін сипаттайды;
8-тармақ 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Көлік министрінің 29.12.2025 жылғы № 450 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 07.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) сертификаттық талаптар – «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11459 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) әуе тасымалдарын, авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушыларына қойылатын талаптар;
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР Көлік министрінің 29.12.2025 жылғы № 450 Бұйрығына сәйкес (17.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) іс-шаралар жоспары – сертификаттауға дейін тексеру үшін уәкілетті ұйымға ұсынылуға тиіс іс-шаралар, қызмет түрлері, бағдарламалар, ӘК сатып алу және өндіріс құралдары тізбеленген пайдаланушының негізгі құжаты.
8-тармақ 6-тармақшамен толықтырылды ҚР Көлік министрінің 29.12.2025 жылғы № 450 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 07.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Сертификаттауды жүргізу тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету
2-тарау жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.04.2020 жылғы № 220 Бұйрығына сәйкес (23.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)