• Мое избранное
Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 желтоқсанда № 12511 болып тіркелді

Редакция 10.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабы 1-тармағының41-32) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 жылғы № 304 Бұйрығына сәйкес (26.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 08.10.2024 жылғы № 325 Бұйрығына сәйкес (17.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
  • 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
______________Б. Сұлтанов 
2015 жылғы 16 қараша
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
____________Е. Досаев 
2015 жылғы 26 қараша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 30 қазандағы
№ 1024 бұйрығымен
бекітілген
Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.06.2017 жылғы № 385 Бұйрығымен (30.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 951 Бұйрығымен (26.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 жылғы № 558 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 жылғы № 304 Бұйрығымен (26.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2022 жылғы № 201 Бұйрығына сәйкес (19.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.02.2023 жылғы № 122 Бұйрығымен (12.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Көлік министрінің 17.01.2024 жылғы № 30 Бұйрығымен (24.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 08.10.2024 жылғы № 325 Бұйрығына сәйкес (17.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-32) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру және «Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
2) авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген, пайдаланушының авиациялық жұмыстарға жіберілуін куәландыратын, белгіленген нысандағы құжат;
3) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға.
3. Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларға авиациялық жұмыстарға рұқсат беруді «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11459 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарына (бұдан әрі – сертификаттық талаптар) пайдаланушы сәйкес болған жағдайда уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
Өтініш берушінің қалауы бойынша мынадай өзгерістер енгізіледі:
куәлікке және/немесе тиісті пайдалану ерекшеліктеріне;
пайдалану ерекшеліктерінің А және/немесе В бөліктеріне.
4. Пайдаланушының авиациялық жұмыстарға рұқсатын алуға өтінімді қараудың жалпы мерзімі ол тіркелген күннен бастап 38 (отыз сегіз) жұмыс күнін құрайды.
Осы мерзім 2-деңгейдегі анықталған сәйкессіздіктерді жою үшін қажетті, бірақ осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
Өзгерістер енгізудің мерзімі:
куәлікке және/немесе онымен байланысты пайдалану ерекшеліктеріне пайдаланушының атауы, заңды тұлғаның ұйымдық -құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, ведомстволық тиесілігі өзгерген кезде –10 жұмыс күнін;
пайдалану ерекшеліктерінің А және В бөліктеріне пайдаланымдағы бір типтегі әуе кемелерін енгізу – 15 жұмыс күнін;
пайдалану ерекшеліктерінің А және В бөліктеріне бұрын пайдаланылмаған басқа типтегі әуе кемелерін енгізу – 20 жұмыс күнін;
пайдалану ерекшеліктерінің В бөлігіне авиациялық жұмыс түрлерін енгізу – 20 жұмыс күнін;
пайдалану ерекшеліктерінің А және/немесе В бөліктерінен әуе кемелерін және/немесе авиациялық жұмыс түрлерін алып тастау – 3 жұмыс күнін құрайды.
5. Куәлік мерзімсіз болып табылатын жеңіл және аса жеңіл авиация пайдаланушыларын қоспағанда, куәлік үш жыл мерзімге беріледі.
Куәлік басқа тұлғаға берілуге жатпайды.
6. Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру үшін «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларымен айқындалған тәртіппен төлем алынады.
Төлемақы мөлшерлемесі «Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) (бұдан әрі – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелері) бекітілген Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерімен айқындалады.
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау уәкілетті ұйымның бюджетіне төлем түскеннен кейін жүзеге асырылады.
2-тарау. Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру тәртібі
1-параграф. Өтінім мен құжаттарды беру
7. «Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметін алу үшін өтініш беруші «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы уәкілетті ұйымға пайдаланушының авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат алуына электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес құжаттар топтамасын жібереді.
8. Өтініш беруші барлық қажетті электрондық құжаттарды портал арқылы берген кезде-өтініш берушінің «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
9. Уәкілетті ұйым құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері портал арқылы жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, білімі, авиация персоналының куәлігі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу, ұшуға жарамдылық сертификаты, әуе кемесінің шуыл бойынша сертификаты, радиотаратқыш аппаратураны пайдалануға рұқсаттарын уәкілетті ұйым тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
Уәкілетті ұйым электрондық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды өтініш берушіден талап етуге жол берілмейді.
10. Өтініш беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, уәкілетті ұйым екі жұмыс күн ішінде өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Өтініш беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйым өтінімді қабылдауды жүзеге асырады.