• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 4-6/1112 бұйрығы

БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберілуін;
2) мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2016 жылғы 2 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 24 желтоқсандағы
 № 4-6/1112 бұйрығына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің күші жойылған бұйрықтарының тізімі
1. «Мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу бойынша міндеттемелердің астық экспорттаушымен орындалуын растау нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 32 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6052 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 13 наурыздағы № 94-95 (25941) санында жарияланған);
2. «Мемлекеттік астық ресурстарына агент пен отандық астық өндіруші, агент пен астық экспорттаушы арасындағы астықты жеткізу шартының үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 152 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6128 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 108-110 (25956) санында жарияланған);
3. «Агент пен астықты қайта өңдеу ұйымы арасындағы ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан астық жеткізу шартының үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 197 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6191 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 312-313 (26156) санында жарияланған);
4. «Астықты қайта өңдеу және нан пісіру ұйымдары арасындағы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан жасалған ұнды өткізу шартының үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 198 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6187 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 312-313 (26156) санында жарияланған);
5. «Мемлекеттік астық ресурстарының көлемі мен құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 4-1/302 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11572 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
6. «Мемлекеттік астық ресурстарымен және агенттің меншікті қаржы-шаруашылық қызметімен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлік есептің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 4-1/399 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11433 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдеде Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
7. «Астықты қайта өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында олар сатып алатын мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын ішінара өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы 4-1/549 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12015 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).