2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабы 32) тармақшасына және 133-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 907 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12521 болып тіркелді
Редакция 13.09.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабы 32) тармақшасына және 133-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жiберудi;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. «Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 176 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10810 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы _______________ А. Волков 2015 жылғы 3 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген
Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидалары
1. Осы Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 16-бабы 32) тармақшасына және 133-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және жұмыс берушінің қаражаты есебінен еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақы (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындаудың және төлеудің тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10964 болып тіркелген) бекітілген Еңбекке уақытша қабілетсіздікке сараптама жүргізу, еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын және анықтамасын беру қағидаларына сәйкес берілетін еңбекке уақытша қабілетсіздік парағы, ал ол жоғалған кезде – телнұсқасы жәрдемақыны тағайындау және төлеу үшін негіздеме болып табылады.
Болған елдің ережелеріне сәйкес ресімделген науқастану, жарақаттану салдарынан еңбекке уақытша қабілетсіздіктің туындау фактісін растайтын құжат шетелде болған кезеңінде дипломатиялық қызмет персоналына жәрдемақыны тағайындау және төлеу үшін негіздеме болып табылады.
3. Жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауруы салдарынан туындаған кезде жәрдемақы Кодекстің 190-бабы 1-тармағына сәйкес өндірістегі жазатайым оқиға туралы акті болған кезде тағайындалады және еңбекке қабілетсіздік басталған алғашқы күннен бастап жұмысқа шыққанға немесе мүгедектік белгіленгенге дейін төленеді.
4. Жәрдемақы еңбекке уақытша қабілетсіздік парағында белгіленген мерзімге жұмыс істейтін орны бойынша төленеді.
Егер адам бірнеше жұмыс берушіде жұмыс істейтін болса, жәрдемақы әрбір жұмыс орны бойынша тағайындалады және төленеді.
5. Еңбек шарты бұған заңды негізсіз тоқтатылғаннан кейін жұмыскерді жұмысқа қайта алған жағдайда, жәрдемақы жұмысқа шыққан күнінен бастап төленеді.
6. Жұмыскер жұмыстан шеттетілген кезеңде еңбекке уақытша қабілетсіздік туындаған кезде, Кодекстің 48-бабының 4-тармағына сәйкес жәрдемақы төленбейді. Егер еңбекке уақытша қабілетсіздік жұмысқа жіберілгеннен кейін де жалғасатын болса, жәрдемақы жұмыскер жұмысқа жіберілген күннен бастап төленеді. Жұмыс беруші жұмыскерді жұмыстан заңсыз шеттеткен жағдайда оның жәрдемақысы сақталады.
7. Кодекстің 133-бабы 4-тармағына сәйкес жәрдемақы:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 жылғы № 345 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) заңды күшіне енген сот үкімімен кінәлі екендігі анықталған жағдайда, өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде алған жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша қабілетсіздігі туындаған жұмыскерге;
2) соттың ұйғарымы бойынша жұмыскерді мәжбүрлеп емдеген (психикалық науқастардан басқа) уақыт үшін;
3) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен жұмыскердің кінәлі екені анықталған жағдайда, ол қамауда болған уақыт үшін және сот-медициналық сараптама жасалған уақыт үшін;
4) жұмыскер алкогольді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды тұтынуы салдарынан туындаған аурулардан немесе өндірістік жарақаттардан еңбекке уақытша жарамсыз болған кезде;
5) жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысымен сәйкес келетін еңбекке уақытша қабілетсіздік күндері үшін;
6) жалақы сақталмайтын демалысқа тура келетін еңбекке уақытша жарамсыз күндері үшін;
7) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысқа тура келетін еңбекке уақытша жарамсыз күндері үшін төленбейді.
Егер еңбекке қабілетсіздік демалыс аяқталғаннан кейін де жалғасатын болса, онда жәрдемақы жұмыскер жұмысқа кіріскен күннен бастап беріледі.
8. Негізгі жұмыс орнындағы жалақысы толық немесе ішінара сақтала отырып, басқа ұйымға жұмыс істеуге жіберілген, маусымдық жұмыс істейтін жұмыскерлерге, үй жұмыскерлеріне және үйде жұмыс істейтін жұмыскерлерге, кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру курстарының тыңдаушыларына, егер оларды курсқа жұмыс беруші жіберген және оқу кезеңінде олардың жалақысы сақталған болса, осы кезеңде болатын жәрдемақы олардың жұмыс орны бойынша төленеді.
9. Жұмыскерді протездік-ортопедиялық ұйымның стационарына жатқызған кезде жәрдемақы стационарда болған барлық уақытына және стационарға баруға және кері қайтуға кеткен уақытына да төленеді.
10. Жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігі туралы парақты жұмыс берушіге еңбекке уақытша қабілетсіздігі туралы парақта белгіленген жұмысқа шығатын күні немесе жұмысқа қабілетсіздігі аяқталғанға дейін ұсынады.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 жылғы № 345 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Жәрдемақы төлеу үшін ұсынылған еңбекке уақытша қабілетсіздік парақтары жұмыс берушінің бухгалтериясына тапсырылады.
12. Жәрдемақы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында жалақы төлеу үшін белгіленген мерзімдерде төленеді.
13. Жұмыскердің өтініші бойынша жәрдемақы, жәрдемақыны алуға тиісті сенімхатты ұсынған сенімді адамға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды өкіліне беріледі.
14. Дипломатиялық қызмет персоналы шетелде болған кезеңінде еңбекке уақытша қабілетсіздік парағымен расталған науқастану, жарақаттану фактісі болған жағдайда Кодекстің 15-бабы 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мөлшерлерде:
ұлттық валютада – еңбекке уақытша қабілетсіз уақытына;
шетелдік валютада – екі айдан аспайтын мерзімге жәрдемақы алады.
Егер ауруы екі айдан артық уақытқа созылса және денсаулық жағдайы бойынша науқас Қазақстан Республикасына жол жүре алмаса (көлік қиындығын көтере алмаса), онда жәрдемақы дәрігерлердің Қазақстан Республикасына эвакуациялау мүмкіндігі туралы шешімі шыққанға дейін шетелдік валютада оның емдеу мекемесінде болған барлық уақыты үшін төленеді.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |