• Мое избранное
Экспорттық бақылау саласында рұқсат беру құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 9

Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында рұқсат құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысы

Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 616 Қаулысына сәйкес (14.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 11.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 616 Қаулысына сәйкес (14.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.07.2019 жылғы № 497 Қаулысымен (26.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 616 Қаулысына сәйкес (14.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті:
өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импорты бойынша лицензиар;
өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге, эксаумақтық реэкспортқа, импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер, Қазақстан Республикасының түпкілікті тұтынушысының сертификаты, Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификаты, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қортынды беріліп импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беруге рұқсаттар беруге уәкілетті орган болып;
2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына және импортына лицензия беруді, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге, эксаумақтық реэкспортқа, импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер, Қазақстан Республикасының түпкілікті тұтынушысының сертификаты, Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификаты, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қортынды беріліп импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беруге рұқсаттар беруді келісетін мемлекеттік органдар;
3) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсаттар беруді келісетін мемлекеттік органдар айқындалсын.
  • 1
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.07.2023 жылғы № 592 Қаулысымен (22.09.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
  • 6
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1083 қаулысына
1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.11.2016 жылғы № 704 Қаулысымен (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.03.2019 жылғы № 142 Қаулысымен (15.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.07.2019 жылғы № 497 Қаулысымен (26.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.07.2019 жылғы № 501 Қаулысымен (10.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.12.2019 жылғы № 965 Қаулысына сәйкес (12.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.09.2020 жылғы № 596 Қаулысымен (24.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 616 Қаулысына сәйкес (14.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына және импортына лицензия беруді, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге, эксаумақтық реэкспортқа, импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер, Қазақстан Республикасының түпкілікті тұтынушысының сертификаты, Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификаты, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қортынды беріліп импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беруге рұқсаттар беруді келісетін мемлекеттік органдар  

Р/с

Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың түрлері

Экспорт кезінде лицензияланатын, эксаумақтық реэкспортқа рұқсаттар берілетін тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды

Импорт кезінде лицензияланатын, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге, импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды беріліп импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беруге рұқсаттар берілетін тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды

Импортқа (экспортқа) лицензиялар мен эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге, эксаумақтық реэкспортқа, импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер, Қазақстан сертификаты, Қазақстан Республикасының заңнамасына Республикасының түпкілікті тұтынушысының сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды беріліп импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беруге рұқсаттарды келісетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары

1

2

3

4

5

1.

«Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32767 болып тіркелген) сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарлар: әскери қолданыстағы (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар


 


 

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

2.

«Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32767 болып тіркелген) сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарлар:

0 санаты бойынша өнім, 200-299 сілтемесі бар 1-9 санаттары бойынша өнім («Ядролық өнім берушілер тобы»)


 


 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті

3.

Радионуклидті көздер, радиоактивті заттар, изотоптар және олардың қосылыстары немесе жоғарыда аталғандардың бірін қамтитын, радиациялық сипаттамалары гигиеналық нормативтерде, техникалық регламенттерде көзделген алып қою деңгейінен асатын кез келген басқа материал*

2844

2845

2844

2845

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті

4.

Азаматтық ядролық емес мақсаттар үшін арнайы жасалған «кемітілген уран»:

1) қорғау;

2) орау;

3) балласттар;

4) қарсы салмақтар

2844 30

2844 30

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті

5.

Құрамында қорғаныш түрінде «кемітілген уран» бар радиоактивті материалдарды тасымалдауға немесе сақтауға арналған радиацияға қарсы қорғасын жалатылған контейнерлер

7806 0010 00

7806 0010 00

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті

6.

«Кемітілген уран» түрінде қорғанышы бар радиоизотоптық аспаптар, қондырғылар немесе жабдықтар (медициналық және медициналықтан басқа мақсаттағы стационарлық және жылжымалы)

9022

9022

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (тек медициналық бұйымдардың импорты кезінде)

7.

Ррадионуклидті көздерді, радиоактивті заттарды, изотоптарды және олардың қосылыстарын немесе құрамында жоғарыда аталғандардың кез келгені бар кез келген басқа материалды қамтитын, радиациялық сипаттамалары гигиеналық нормативтерде, техникалық регламенттерде көзделген алып қою деңгейінен асатын радиоизотоптық аспаптар, қондырғылар немесе жабдық (стационарлық және жылжымалы, медициналық және медициналықтан басқа мақсаттағы)*

9022, құрамында радионуклидті көздер, радиоактивті заттар, изотоптар және олардың қосылыстары немесе кез келген басқа материал жоқ радиоизотоптық аспаптарды, қондырғыларды немесе жабдықтарды (стационарлық және жылжымалы) қоспағанда

9022, құрамында радионуклидті көздер, радиоактивті заттар, изотоптар және олардың қосылыстары немесе кез келген басқа материал жоқ радиоизотоптық аспаптарды, қондырғыларды немесе жабдықтарды (стационарлық және жылжымалы) қоспағанда

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (тек медициналық бұйымдардың импорты кезінде)

8.

Иондаушы сәуле шығаратын немесе шығаруға қабілетті электрофизикалық аппараттар немесе құрылғылар (стационарлық және жылжымалы): медициналық және медициналықтан басқа мақсаттағы рентгендік жабдық, циклотрондарды қоса алғанда үдеткіштер және иондаушы сәуле шығаратын өзге де генераторлар

экспорт және реэкспорт кезінде рұқсат құжаттарын алу талап етілмейді

8543 10 000 0

8705 90 900 0 (тек рентген қондырғылары бар автомобильдер);

9022, рентген жабдықтарына қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтардың импортын қоспағанда (жоғары кернеулі генераторлар, рентген түтіктері, қалқандар мен басқару пульттері, экрандар, үстелдер, креслолар және тексеруге немесе емдеуге арналған ұқсас бұйымдар, сондай-ақ шығыс материалдары)

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті

9.

«Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32767 болып тіркелген) сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарлар:

1-санат бойынша өнім – «Материалдар, химикаттар, «Микроорганизмдер» және «Токсиндер»


 


 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

10.

«Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32767 болып тіркелген) сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарлар:

9–санат бойынша өнім – «Қозғалтқыш қондырғылары, ғарыш аппараттары және ілеспе жабдық»


 


 

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті

11.

Азаматтық мақсаттағы пиротехника

3604 10 000 0

3604 10 000 0

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (реэкспортты қоспағанда)

12

«Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32767 болып тіркелген) сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарлар: 10-санат бойынша 900-999 сілтемесі бар өнім («ұлттық қауіпсіздік шеңберінде бақыланатын өнімдердің біржақты тізімдері»)

8542 31 100 1

8542 31 901 0

8542 32 310 0

8542 32 390 0

8542 32 450 0

8542 32 550 0

8542 32 610 0

8542 32 690 0

8517 62 000 2

8526 91 200 0

8532 21 000 0

8532 24 000 0

8548 00 200 0

8504 40 300 4

8504 40 850 0

8504 40 870 0

8541 10 000 1

8541 30 000 1

8541 60 000 0

9013 10 000 0

8471 80 000 0

8486 20 900 1

8486 20 900 2

8486 20 900 3

8486 20 900 48486 20 900 5

9030 82 000 0

8807 30 000 0

9013 80 000 0

8534 00 110 0

8534 00 900 0

8806

8542 31 100 1

8542 31 901 0

8542 32 310 0

8542 32 390 0

8542 32 450 0

8542 32 550 0

8542 32 610 0

8542 32 690 0

8517 62 000 2

8526 91 200 0

8532 21 000 0

8532 24 000 0

8548 00 200 0

8504 40 300 4

8504 40 850 0

8504 40 870 0

8541 10 000 1

8541 30 000 1

8541 60 000 0

9013 10 000 0

8471 80 000 0

8486 20 900 1

8486 20 900 2

8486 20 900 3

8486 20 900 4

8486 20 900 5

9030 82 000 0

8807 30 000 0

9013 80 000 0

8534 00 110 0

8534 00 900 0

8806

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (тек экспорт пен импорт кезінде)

Ескертпе:
* тауарлардың номенклатурасы тауарлардың кодымен де, атауымен де анықталады.
  ____________________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1083 қаулысына
2-қосымша
2-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.11.2016 жылғы № 704 Қаулысымен (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
2-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.03.2019 жылғы № 142 Қаулысымен (15.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)
2-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.07.2019 жылғы № 497 Қаулысымен (26.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
2-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.07.2019 жылғы № 501 Қаулысымен (10.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.12.2019 жылғы № 965 Қаулысына сәйкес (12.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 21.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.09.2020 жылғы № 596 Қаулысымен (24.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 616 Қаулысына сәйкес (14.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат беруді келісетін мемлекеттік органдар

Р/с

Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың түрлері

Транзитке рұқсат беруді келісетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары

1

2

3

1.

Кәдімгі қару-жарақ пен әскери техника, шикізат, материалдар, арнайы жабдықтар мен технологиялар, олардың өндірісіне байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті

2.

Ядролық және ядролық емес арнайы материалдар, жабдықтар, қондырғылар, технологиялар, иондаушы сәулелену көздері, жабдықтар және қосарлы қолданыстағы (мақсаттағы) тиісті тауарлар мен технологиялар, олардың өндірісіне байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті

3.

Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың халықаралық режимдерінде белгіленетін тізімдер, тізбелер бойынша химиялық қару жасаған кезде пайдаланылуы мүмкін химикаттар, қосарлы қолданыстағы тауарлар және технологиялар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (тек мұнай-химия өнеркәсібі өнімдеріне қатысты), Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті

4.

Тiзiмдерi, тізбелері өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың халықаралық режимдерінде белгіленетін бактериологиялық (биологиялық) және уытты қару жасаған кезде пайдаланылуы мүмкін ауру қоздырғыштар, олардың генетикалық жағынан өзгерген нысандары мен генетикалық материалдың фрагменттері

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті

5.

Тiзiмдерi, тізбелері өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың халықаралық режимдерінде белгіленетін зымырандық техника, қозғалтқыштар, олардың компоненттері, зымырандық техника жасаған кезде қолданылатын жабдықтар, материалдар мен технологиялар

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті

6.

Әскери мақсаттағы өнімдермен және қосарлы қолданыстағы (мақсаттағы) технологиялармен байланысты ғылыми-техникалық ақпарат, көрсетілетін қызметтер және зияткерлік қызмет нәтижелері

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті

7.

Жарылғыш заттар мен жарғыш құралдары

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (тек әскери мақсаттағы), Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті

  _____________________________