2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 98-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 22) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 31 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 603 Қаулысына сәйкес
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 98-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 22) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 98-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін (бұдан әрі– бірлестіктер) аккредиттеу жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестерде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігін тиісті орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) тануы болып табылады.
3. Мыналар аккредиттеуге жатады:
1) республикалық деңгейде – жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің республикалық бiрлестiктерi, республикалық салааралық, салалық бірлестіктер, сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсiпкерлiк субъектілерінің республикалық бiрлестiктері;
2) облыстық деңгейде – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық бірлестіктері, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары;
3) қалалық, аудандық деңгейлерде – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары.
4. Егер аккредиттеуге бір өңірді, бір саланы білдіретін екі және одан көп бірлестік үміткер болған жағдайда, онда жиынтығында осы бірлестіктің мүшелері болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілеріндегі жұмыскерлердің саны көп бірлестік аккредиттеуге жатады.
Егер аккредиттеуге бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлестiктi, қызметтiң бiр саласын бiлдiретiн екi немесе одан да көп коммерциялық емес ұйым үмiткер болған жағдайда, онда жиынтығында осы коммерциялық емес ұйымның мүшелері болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілеріндегі жұмыскерлердің саны көп коммерциялық емес ұйым аккредиттеуге жатады.
5. Мемлекеттік орган аккредиттеудi жүзеге асырудың мерзiмдерi мен шарттары туралы мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегі хабарландыру жарияланғаннан кейiн, жыл сайын аккредиттеуді жүзеге асырады.
Аккредиттеудi республикалық деңгейде жүзеге асыру кезiнде хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзiмдi баспа басылымдарында не мемлекеттік органдардың ресми сайттарында жарияланады. Аккредиттеудi облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде жүзеге асыру туралы хабарландыру тиiстi әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң аумағында таралатын мерзiмдi баспа басылымдарында не мемлекеттік органдардың ресми сайттарында жарияланады.
6. Аккредиттеудi объективтi және бiлiктi түрде жүзеге асыру мақсатында әрбір мемлекеттік органда аккредиттеу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi – комиссия) құрылады. Комиссияның құрамы және ол туралы ереже мемлекеттік орган басшысының шешімімен бекiтiледi.
2. Аккредиттеу жүргiзудiң тәртiбi
7. Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мемлекеттік органға мынадай құжаттарды:
2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
3) бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмiн ұсынады.
8. Аккредиттеудi жүргiзу тәртiбi мынадай кезеңдерді:
1) мемлекеттік органның аккредиттеуді жүргізуге өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды интернет-ресурста және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруын;
3) комиссияның аккредиттеу материалдарын қарауын;
4) мемлекеттік органның аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдауын; 5) аккредиттеу туралы куәлiктi немесе негіздемесімен бірге аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны беруді қамтиды.
9. Мемлекеттік орган аккредиттеуді жүргізуге өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды интернет-ресурста және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады.
Мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер бірлестіктер хабарландыру жарияланған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттар пакетін ұсынады.
10. Бірлестіктер ұсынған материалдарды қарау ұсынымдар бойынша мемлекеттік орган аккредиттеу туралы күәлік беру немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайтын комиссия отырысында жүзеге асырылады.
11. Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлiктi беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау мерзімі өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап он бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
12. Егер:
2) бiрлестiк өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi қызметтi жүзеге асырмаған;
3) ұсынылған құжаттарда сенiмсiз немесе толық емес мәлiметтер болған жағдайда аккредиттеуден бас тартылуы мүмкiн.
13. Аккредиттеу туралы куәлiк осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жыл мерзімге берiледi.
Мемлекеттік органдарда қатарынан екі реттен көп аккредиттелген бірлестіктер аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алады.
14. Аккредиттеу туралы куәлiк жоғалған кезде бiрлестiк оның телнұсқасын куәлiктi берген мемлекеттік органнан тиiстi өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде ала алады.
15. Аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын мемлекеттік орган аккредиттеуге ұсынылған құжаттарда сенiмсiз немесе бұрмаланған деректер анықталған жағдайда комиссияның ұсынымы бойынша тоқтата тұрады.
16. Куәлiктiң қолданылуының тоқтатыла тұруына әкеп соққан бұзушылықтар жойылған кезде мемлекеттік орган комиссияның оң ұсынымы негiзiнде бұзушылықтар жойылған кезден бастап бес жұмыс күн ішінде оның қолданылуын жаңғыртады.
17. Аккредиттеу туралы куәлiк:
1) куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар бiр ай iшiнде жойылмаған;
2) аккредиттелген бiрлестiк қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
3) бiрлестiк куәлiктiң қолданылуын ерiктi тоқтату туралы өтiнiш берген;
4) оның қолданылу мерзiмi өткен;
6) Кодекстің 65-бабы 1-тармағының ережелерін ескере отырып, мемлекеттік органдар белгілеген нормативтік құқықтық актілерді қарау мерзімі бұзылған жағдайда қолданылуын тоқтатады.
18. Комиссия аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын тоқтату мәселелерiн он жұмыс күнi iшiнде қарайды.
19. Мемлекеттік орган бiрлестiктi аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы бес жұмыс күнi iшiнде (мемлекеттік орган бұзушылықтарды тапқан сәттен бастап) хабардар етедi.
Ескертпе:
* - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу қағидаларына 1-қосымша
Кiмге _______________________________________ (орталық мемлекеттiк немесе ____________________________________________ жергiлiктi атқарушы орган басшысының _____________________________________________ лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса)) Кiмнен ______________________________________ (бiрлестiк басшысының _____________________________________________ лауазымы Т.А.Ә. (бар болса))
Деректемелер: _____________________________________________ _____________________________________________ (заңды мекенжайы, байланыс телефоны)
Өтiнiш ____________________________________________________________________ (орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi атқарушы органының атауы) _____________________________________________________________________
жанындағы жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық
кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын
нормативтiк құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргiзу құқығын
тану үшін _______________________________________________
(бiрлестiктiң атауы)
аккредиттеудi сұраймын.
Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiлдi:
1. _________________________________________________________
2. _________________________________________________________
3. _________________________________________________________
4. _________________________________________________________
М.О. ___________ ___________________________________
(қолы) (лауазымы, Т. А. Ә. (бар болса))
200__ жылғы «___»______
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу қағидаларына 2-қосымша
Елтаңба
____________________________________________________________________
(бiрлестiктiң атауы)
аккредиттеу туралы КУӘЛIК
____________________________________________________________________
(орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi атқарушы органының атауы)
____________________________________________________________________
(бiрлестiктiң атауы)
____________________________________________________________________
(орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi атқарушы органының атауы)
жанындағы жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң
қызметi шеңберiнде __________________________________________________
(бiрлестiктiң атауы)
жеке кәсiпкерлiк мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актілердің
жобаларына сараптама жүргiзу құқығын таниды.
(200 жылғы «___» ___________ № _________ бұйрық)
Куәлiк 200 жылғы «___» ___________ дейiн жарамды
Орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi атқарушы органның басшысы
(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), қолы)
Сериясы:
Берiлген күнi:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. «Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 19, 190-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 және 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1513 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 41, 396-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1524 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1037-құжат).
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |