Toggle Dropdown
13
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 22.11.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 64-бабының 9-тармағына, 98-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ереже бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1090 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
5
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ереже
Toggle Dropdown
Осы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын сараптама кеңестерін қалыптастыру және олардың қызметі тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
1
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Сараптама кеңесі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жанынан:
Toggle Dropdown
1
1) кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
Toggle Dropdown
2) кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
Toggle Dropdown
3) кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама кеңестерінің мүшелерінен сараптама қорытындыларын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Сараптамалық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Кодекске, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Сараптамалық кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік органдар әзірлеген және ұсынған, кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларын (бұдан әрі – жоба) мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда, олар мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті жарияланғаннан (таратылғаннан) кейін қарайды;
Toggle Dropdown
2) көрсетілген жобаларға сараптамалық кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларын жинақтауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
3) кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою, кәсіпкерлердің өңірлік деңгейде шешуді талап ететін проблемалық мәселелерін шешу, кәсіпкерлікті қорғау тәсілдері мен тетіктерін жетілдіру мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлейді;
Toggle Dropdown
4) жетекшілік ететін салада (аяда) немесе өңірде іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге жәрдемдеседі.
Toggle Dropdown
1
2-тарау. Сараптамалық кеңестерді қалыптастыру тәртібі
Toggle Dropdown
1
4. Сараптама кеңесінің құрамы ұлттық палатаның, өзін-өзі реттеу ұйымдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттелген өзге де коммерциялық емес ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік органның өкілдерінен қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын сараптама кеңесінің құрамына құқық қорғау органдарының өкілдері енгізіледі.
Toggle Dropdown
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi мен коммерциялық емес ұйымдар мемлекеттiк органдар жанындағы сараптама кеңесінiң құрамына ұжым мүшесі ретiнде кiредi және өкiлеттiгi сенiмхатпен расталатын өз өкiлi арқылы әрекет етедi.
Toggle Dropdown
4
5. Сараптама кеңесінің құрылымы төрағадан, оның орынбасарынан (орынбасарларынан), хатшысынан және кеңес мүшелерінен тұрады.
Toggle Dropdown
Жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын сараптама кеңесін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі басқарады.
Toggle Dropdown
Орталық мемлекеттік органдар жанынан құрылатын сараптамалық кеңестің құрамы мемлекеттік орган басшысының шешімімен, ал жергілікті атқарушы органдар жанынан облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен бекітіледі.
Toggle Dropdown
1
3-тарау. Сараптамалық кеңестер қызметінің тәртібі
Toggle Dropdown
6. Сараптамалық кеңестің мүшесі:
Toggle Dropdown
1) сараптамалық кеңестің материалдарына қол жеткізуі;
Toggle Dropdown
2) сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін материалдарды талқылауға қатысуы;
Toggle Dropdown
3) мыналарға:
Toggle Dropdown
қаралатын жобалар бойынша сараптамалық кеңестің отырысын өткізуге;
Toggle Dropdown
тиісті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелерді күн тәртібіне енгізуге бастама жасауы;
Toggle Dropdown
4) кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою, кәсіпкерлердің өңірлік деңгейде шешуді талап ететін проблемалық мәселелерін шешу, кәсіпкерлікті қорғау тәсілдері мен тетіктерін жетілдіру жөнінде шешімдер іздеу мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар тұжырымдау бойынша ұсынымдар енгізуі;
Toggle Dropdown
5) сараптамалық кеңестің ішкі отырысын өткізуді талап етуі мүмкін.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік органның шешімі бойынша сараптамалық кеңестің тиісті құрылымдық бөлімшесі болып табылатын оның жұмыс органы сараптамалық кеңестің жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
1
8. Сараптамалық кеңестің жұмыс органы:
Toggle Dropdown
1) сараптамалық кеңес отырыстарының арасындағы кезеңде оның жұмысын ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
2) сараптамалық қорытынды алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын тиісті нормативтік-құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы сараптамалық кеңеске және Ұлттық палатаға хабарлама жібереді және нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырады*;
Toggle Dropdown
3) сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін жобалар бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
4) сараптамалық кеңес отырысының қорытындылары бойынша хаттама дайындауды және оған қол қоюды қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
5) сараптамалық кеңес өткізілгенге дейін кемінде он жұмыс күні қалғанда сараптамалық кеңестің мүшелеріне сараптамалық кеңестің өткізілетін жері, уақыты және күн тәртібі туралы хабарлайды және оларды қажетті материалдармен қамтамасыз етеді*;
Toggle Dropdown
6) сараптамалық кеңес отырысының шешімдері бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сараптамалық кеңестің мүшелеріне хаттама көшірмесін жолдайды*.
Toggle Dropdown
Ескертпе:
Toggle Dropdown
* Сараптамалық қорытынды алу үшін кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын тиісті нормативтік-құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарламаны сараптамалық кеңеске және Ұлттық палатаға жіберуді және осы жобаны мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастыруды, сондай-ақ сараптамалық кеңестің отырысына шығарылатын жобалар бойынша материалдарды дайындауды жүзеге асыруды әзірлеуші жұмыс органының құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыруы мүмкін.
Toggle Dropdown
8-1. Нормативтік-құқықтық актіні бірнеше мемлекеттік орган бірлесіп қабылдаған жағдайда, сараптамалық қорытынды алу үшін сараптамалық кеңестерге және Ұлттық палатаға кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қозғайтын тиісті бірлескен нормативтік құқықтық акт жобасының ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жіберуді, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актінің бірлескен жобасын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастыруды осы нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге бастамашылық жасаған әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
9. Сараптамалық кеңестің төрағасы сараптамалық кеңестің жұмысына басшылықты жүзеге асырады, сараптамалық кеңестің кезекті отырысының күн тәртібін бекітеді, қажет болған жағдайда оның отырысын шақырады.
Toggle Dropdown
Сараптамалық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасар орындайды.
Toggle Dropdown
10. Сараптамалық кеңестің шешімдері осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша төраға және хатшы қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
Toggle Dropdown
Хатшы сараптамалық кеңестің мүшесі болып табылмайды және сараптамалық кеңес шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы болмайды.
Toggle Dropdown
Бұл хаттама сараптамалық кеңес мүшелеріне жіберіледі және жобаға міндетті қосымша болып табылады.
Toggle Dropdown
1
11. Сараптама кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Toggle Dropdown
Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын сараптама кеңестерінің отырыстары өңірлік деңгейде шешуді талап ететін мәселелер міндетті түрде қаралып, тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
Toggle Dropdown
12. Жобаларды қарауды сараптамалық кеңес осы Ереженің 15-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, оны сараптамалық кеңестің мүшелеріне жіберу арқылы отырыс өткізбестен жүзеге асыруы мүмкін.
Toggle Dropdown
13. Егер кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселе тиісті мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, осындай кез келген мәселе сараптама кеңесінің қарауына шығарылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
1
14. Сараптамалық қорытынды сараптамалық кеңес мүшесінің және Ұлттық палатаның жазбаша ұстанымын бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және заң жобасының тұжырымдамасына, қабылданғанға дейін нормативтік құқықтық актінің жобасына, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір кейінгі келісу кезінде жобаға мiндеттi қосымша болып табылады.
Toggle Dropdown
Сараптамалық қорытынды қазақ және орыс тілдерінде беріледі.
Toggle Dropdown
2
15. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Ұлттық палата жоба бойынша лері бар сараптамалық қорытынды берген және сараптамалық кеңес мүшесі сараптамалық кеңес отырысын өткізуді талап еткен жағдайларда, мұндай отырыстың өткізілуі міндетті болып табылады.
Toggle Dropdown
Бұл ретте сараптамалық кеңестің отырыстары сараптамалық кеңес мүшелерін тікелей шақыру не нақты уақыт режимінде бейнеконференция байланысы немесе интернет-конференциялар өткізу арқылы жүргізілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
1
16. Мемлекеттік орган сараптама қорытындысымен келіскен жағдайда жобаға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Toggle Dropdown
Әзірлеуші мемлекеттік орган сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда сараптама қорытындысын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы қорытындыны берген сараптама кеңесінің мүшесіне және ұлттық палатаға келіспеу себептерін негіздей отырып, жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар жоба қабылданғанға дейін оған мiндеттi қосымша болып табылады.
Toggle Dropdown
Жобаға «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес мемлекеттік орган белгілеген мерзімде сараптама қорытындысы ұсынылмаған жағдайда жоба ескертусіз келісілді деп есептеледі.
Toggle Dropdown
17. Сараптамалық кеңес мүшелерінің және Ұлттық палатаның нақты орналасқан жері, сондай-ақ олардың байланыс деректері (пошталық мекенжайы немесе электрондық поштасының мекенжайы немесе телефон нөмірі және басқалары) қайта аталған, өзгерген жағдайда сараптамалық кеңес мүшелері және Ұлттық палата осы жағдай басталған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде жұмыс органын хабардар етеді.
Toggle Dropdown
1
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі
сараптама кеңестері туралы
үлгілік ережеге
қосымша
Toggle Dropdown
__________________________________________________________ жанындағы (мемлекеттік органның атауы) Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің «__» ________ _____ жылғы № __________ ХАТТАМАСЫ
Күн тәртібі
Toggle Dropdown
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі (бұдан әрі – сараптама кеңесі) мүшелерінің______________________________________ (нормативтік құқықтық акт жобасының атауы немесе қаралатын мәселе) қарауы туралы
Toggle Dropdown
1. Мыналар сараптама қорытындысын ескертулер мен ұсыныстарсыз берді: __________________________________________________________________________________________ (ұйымның атауы) 2. Мыналар сараптама қорытындысын ескертулермен және ұсыныстармен берді: __________________________________________________________________________________________ (ұйымның атауы, ұсынылған ескертулер мен ұсыныстардың жалпы саны, оның ішінде қабылданған/қабылданбағандар*саны) 3. Мыналар сараптама қорытындыларын берген жоқ: __________________________________________________________________________________________ (ұйымның атауы) 4. ___________________________________________________________________________________ (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау және қабылдамау туралы ақпарат**)
Toggle Dropdown
Сараптама кеңесінің төрағасы
Toggle Dropdown
Сараптама кеңесінің хатшысы
Toggle Dropdown
Ескертпелер:
Toggle Dropdown
* Мысалы: Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық – 10 (7/3)
Toggle Dropdown
**Бұл жағдайда ескертулердің мәні қысқаша көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Ескертулер қабылданған жағдайда оларды қабылдау туралы ақпарат көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Келіспеген жағдайда сараптама қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар сараптама кеңесінің мүшелеріне жіберілген хаттың күні мен нөмірі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1090 қаулысына
қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
Toggle Dropdown
1. «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 21, 204-құжат).
Toggle Dropdown
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 және 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1513 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 41, 396-құжат).
Toggle Dropdown
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 54-құжат).
Toggle Dropdown
4. «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1417 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 77-78, 1148-құжат).
Toggle Dropdown
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1524 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1037-құжат).