• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 07.11.2022 г

Отправить по почте

1

Ішкі істер органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Ресубликасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1000 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12555 тіркелді

Осы Бұйрық 2022 жылғы 7 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 22.10.2022 жылғы № 830 Бұйрығына сәйкес
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 7-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.10.2020 жылғы № 726 Бұйрығына сәйкес (12.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 10.11.2020 жылдан бастап)
1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2015 жылғы 7 желтоқсандағы
 № 1000 бұйрығымен бекітілген
2
Ішкі істер органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру
 қағидалары
1-тарау «Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 12.02.2020 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (07.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ішкі істер органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды (бұдан әрі - кандидат) іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 12.02.2020 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (07.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
арнайы тексеріс – кандидатты алдын ала зерделеу бөлігінен тұратын және кандидаттың, оның жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының), кандидаттың жұбайының (зайыбының) жақын туыстарының оның өмірбаянында беделіне нұқсан келтіретін негіздердің болуын немесе болмауын анықтау мақсатында жүзеге асырылатын жалпы және арнайы іс-шаралар кешені;
айқындама деректер – кандидаттың, оның жақын туыстарының, кандидаттың зайыбының (жұбайының), кандидаттың жұбайының (зайыбының) жақын туыстарының жеке басын сәйкестендіру, сондай-ақ олардың тұрғылықты мекенжайын (тіркелген жерін), жұмыс (оқу) орындарын анықтау үшін қажетті сауалнамалық-өмірбаяндық және басқа да деректері;
кадрларды іріктеу – Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) кадр және басқа да бөліністерінің кандидаттарды лауазымға қойылатын талаптарға сәйкестігі мәніне алдын ала зерделеу, тексеру және ІІО штатына нақты лауазымға қабылдау (не қабылдамау) жөніндегі қызметі;
Кадрлық болжам – кадрлардың болашақ жағдайы мен даму бағыттары туралы дәлелді ұсыныстар жүйесі;
2-тармақтың бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 12.02.2020 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (07.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
кадрлық болжау – орта мерзімді перспективаға арналған кадрлардағы сандық және сапалық қажеттіліктерді айқындау жөніндегі іс-шаралар кешені;
кандидат – ІІО-ға қызметке (оқуға) түсетін Қазақстан Республикасының азаматы (кандидаттар ІІО-ға бірінші рет түсетіндер және ІІО, басқа да құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарының бұрынғы қызметкерлері болып бөлінеді);
кәсіби құзыреттер – кандидаттың тиісті лауазымда міндеттерді тиімді орындауы үшін қажетті білімдерінің, машықтары мен дағдыларының жиынтығы.
2-тарау. Ішкі істер органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды алдын ала зерделеу және іріктеу тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 12.02.2020 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (07.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Кадрларды алдын ала зерделеу және іріктеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ІІО-ның кадр аппараттарына жүктеледі.
4. ІІО-ға кадрларды іріктеу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы №998 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12679 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында кадрлық болжамды жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес кадрлық болжамды ескере отырып жүзеге асырылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 12.02.2020 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (07.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. ІІО-ға кадрларды іріктеу тәртібі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы №870 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14305 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесіне, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларына сәйкес анықталады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 12.02.2020 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (07.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. ІІО-ға қызметке (оқуға) түсетін азаматтар үшін жас ерекшеліктеріне шектеулер Заңмен анықталған.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 12.02.2020 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (07.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Кандидаттарды алдын ала зерделеу және іріктеуді ІІО-ның кадр аппараты жүзеге асырады.
8. Кандидаттарды алдын ала зерделеу арнайы тексеріс, медициналық және психологиялық-физиологиялық куәландыру, дене шынықтыру дайындығының талаптарына сәйкестігін және кәсіби құзыреттерге сәйкестігін тексеру арқылы жүзеге асырылады.
8-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 12.02.2020 жылғы № 110 Бұйрығымен (07.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.04.2021 жылғы № 246 Бұйрығына сәйкес (21.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Медициналық, психологиялық-физиологиялық куәландыру, оның ішінде полиграфологиялық зерттеу, дене шынықтыру дайындығының талаптарына сәйкестігін және кәсіби құзыреттерге сәйкестігін тексеру Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13199 болып тіркелген) Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21580 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14305 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Кандидаттың жеке басын зерделеу процесінде оның денсаулық жағдайы, оның білімі мен арнайы даярлығының сәйкестігі, дене шынықтыру дамуының деңгейі (нәтижелері кандидаттың жеке ісіне тігіледі), ол тағайындалатын лауазымға қойылатын талаптарға сәйкестігі (оның ішінде кәсіби құзыреттерге сәйкестігі), кандидаттың отбасылық жағдайы мен оның әлеуметтік ортасы, мінезі айқындалады. Кандидат ІІО-ның әкімшілік есептері бойынша тексеріледі. Зерделеу нәтижелері тексерісті жүзеге асыратын кадр аппараты қызметкерінің баянатында көрсетіледі.
10. Кандидаттың пайдаланылуы болжанатын ішкі істер органының немесе бөлінісінің басшысы онымен жеке әңгімелесу жүргізеді, алдын ала зерделеу барысында алынған деректерді анықтайды, алдағы жұмыстың сипатын түсіндіреді.
Кандидаттың ата-анасымен, зайыбымен (жұбайымен) әңгімелесу жүргізіледі. Кандидаттың ІІО-ға қызметке тұру себептері анықталады. Кандидаттың және оның туыстарының назарын қызмет бойынша шектеулерге, алдағы қызметтің сипатына, оны мезгілсіз уақытта, демалыс және мереке күндері қызметке тарту мүмкіндігіне, сондай-ақ ІІО-да қызмет өткеру кезіндегі жеңілдіктер мен артықшылықтарға аударады.
11. Кандидатты зерделеуді жалғастырудың мақсатқа сайлылығы туралы шешім қабылдаған кезде салалық қызмет, бөлініс басшысы кандидатты зерделеу қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІІО-ға қызметке қабылдау туралы қорытындының бірінші бөлімін толтырады. Осы бөлімде кандидатты зерделеген адамдардың тегі, кандидатты сипаттайтын деректерін зерделеу нәтижелері, кандидатты пайдалануға болжанатын лауазымы мен жұмыс учаскесі, кандидатты ІІО-ға қызметке кімнің ұсынғаны көрсетіледі.
Қызметке қабылдау туралы қорытынды, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өмірбаяны лауазымға тағайындауға құқығы бар ішкі істер органының немесе бөлінісінің бастығына жолданады, ол келіп түскен материалдарды қарайды және оң шешім қабылдаған кезде оларды үміткерге жедел және арнайы тексеріс жүргізу үшін кадр аппаратына жолдайды.
12. Бұрын медициналық қарсы көрсетілімдер бойынша міндетті әскери қызметтен өтпеген, ал кейіннен әскери қызметке жарамды деп танылған немесе бұрын құқық қорғау органдарынан немесе арнайы мемлекеттік органдардан сырқаты немесе денсаулық жағдайы бойынша жұмыстан шығарылған кандидатты ІІО-ға қызметке ресімдеу кезінде кандидаттың медициналық құжаттары міндетті түрде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) орталық әскери-дәрігерлік комиссиясына бекітуге жолданады, оның қорытындысы ІІМ-нің кадрына жолданатын алғашқы арнаулы атағын беруге немесе ІІМ-нің кадрына қоюға ұсынымға қоса беріледі. денсаулық жағдайын қажет болған анықтау, сырттай медициналық куәландыру кезінде даулы мәселелер туындаған кезде кандидаттар ІІМ-нің орталық әскери-дәрігерлік комиссиясына шақырылады.
13. Арнайы тексеріс қызметке іріктелетін адамдарды зерделеу құралы болып табылады және қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылау мәніне кандидатқа және оның туыстарына (оның әкесі, анасы, туған ағалары мен әпкелері (қарындастары), кандидаттың әйелі (күйеуі), оның әкесі, анасы, туған ағалары мен әпкелері (қарындастары), 14 жасқа толған балалары) қатысты мәліметтерді нақтылау мақсатында жүргізіледі. Бұл ретте, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізім жасалады.
Арнайы тексеріске қатардағы және басшы құрамның лауазымдарына ІІО-ға қызметке, оның ішінде ІІМ-нің ведомстволық білім беру ұйымдарына (оқу орындарына) оқуға қабылданатын адамдар жатады.
Кандидаттың жақын туыстарынан біреуі, оның әйелі (күйеуі) ІІО-да қызмет өткеретін болса, оған тексеріс жіргізілмейді, отбасының басқа мүшелері жалпы негіздерде тексеріске жатады.
14. Арнайы тексеріске жататын адамдар ІІО-ның жедел есептері бойынша тексеріледі. Бір мезгілде, кадр аппараты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне немесе оның аумақтық органдарына (бұдан әрі – ҚСжАЕАК) кандидатқа сұрау салу жасайды.
Ұлттық қауіпсіздік органдарына жолданатын және ішкі істер органдарының кадр қызметіне ұсынылатын тексеріске жататын адамдар туралы материалдарда:
1) туған жылы мен жерін, жұмыс немесе оқу орнын, атқаратын лауазымын және тұратын жерін көрсете отырып, тексерілетін адамға және оның жақын туыстарына (әйеліне, күйеуіне, әкесіне, анасына, аға-інілеріне, әпке-қарындастарына, балаларына) толық айқындама деректер;
2) атқаратын лауазымын, органның ұйымның атауын және оның орналасқан орнын көрсете отырып, ресімделетін адамның еңбек қызметі туралы;
3) ресімделетін адамның шетелде туыстарының бар-жоғы туралы мәліметтер болуы тиіс.
1)-3) тармақшаларда көрсетілген мәліметтерді қызметке кандидат кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақта және өмірбаянда баяндайды, олар ІІО кадр қызметі басшысының қолымен бекітіледі.
Материалдарға: кандидатқа және оның зайыбына (жұбайына) кірістер мен мүлігі туралы декларация тапсыру туралы салық органдарынан анықтамалардың көшірмесі, білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырған көшірмесі, сондай-ақ өлшемі 3,5х4,5 см екі фотосурет қоса беріледі.
15. Жедел есептер бойынша тексеру осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талаптарды пайдалана отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр аппаратының бастығы бекіткен жоспар бойынша жүргізіледі. Кандидаттың әйелінің (күйеуінің), олардың жақын туыстарының соттылығы туралы мәліметтерді, сондай-ақ теріс (беделіне нұқсан келтіретін) сипаттағы басқа да мәліметтерді алған жағдайда, қорытындыда жасалған қылмыстың қоғамдық қауіпін, туыстық дәрежесін, алдағы қызметтің сипатын, кандидатқа тигізетін теріс ықпалын, соттылығы бар туыстарынан материалдық және өзге де тәуелділігін ескере отырып, кандидатты қызметке қабылдау мүмкіндігі негізделеді.
Арнайы тексеріс аяқталғаннан кейін тексерісті жүзеге асыратын кадр аппаратының қызметкері тексеріс нәтижелерін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ІІО-ға қызметке қабылдау туралы қорытындының екінші бөліміне енгізеді.