Bestprofi Logo

Қаулы № 1086 от 2015-12-28г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1086 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1086 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат).

2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 маусымдағы № 607 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 315-құжат ).

3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1356 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 50, 568-құжат ).

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 және 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 323 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 117-құжат ).

5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 және 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 635 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 22-23, 196-құжат ).

6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1292 және 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 786 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 244-құжат ).

7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 2138 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 60, 532-құжат ).

8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 26-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 54-құжат ).

9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 280 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 27, 214-құжат ).

10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 345 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 31, 241-құжат.

11. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 329 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 492-құжат ).

12. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № 573 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 48, 645-құжат ).

13. «Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 50, 678-құжат ).

14. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 және «Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қарашадағы № 1450 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 79, 1168-құжат ).

15. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 және «Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1618 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 73-құжат ).

16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 641 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1 және 3-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 39, 568-құжат ).

17. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 15 және 56-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 623-құжат ).

18. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1363 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5 және 17-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 72, 951-құжат ).

19. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 1395 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 74, 969-құжат ).

20. «Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 353 қаулысы ( Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 27, 226-құжат ).

21. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 521 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 34, 328-құжат ).

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание