• Мое избранное
Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларын бекіту туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2015 жылғы 30 қарашадағы № 18-НҚ нормативтік қаулысымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 601 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда № 12575 болып тіркелді

Редакция 15.05.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 1-бабының 9) тармақшасына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидалары бекітілсін.
2. Есеп комитетінің Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен нормативтік қаулы және бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бірлескен нормативтік қаулы және бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы Қ. Жаңбыршин
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитетінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 18-НҚ нормативтік қаулысымен және
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 601 бұйрығымен
бірлесіп бекітілген
  • 1
Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 1-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар мемлекеттік аудиторлардың мінез-құлқының әдеп қағидаларының бірыңғай жиынтығын білдіреді.
3. Осы Қағидалардың мақсаты мемлекеттік аудиторлардың кәсіби мінез-құлқының әдеп нормалары мен қағидаларын белгілеу, сондай-ақ олардың толық сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
4. Мемлекеттік аудиторлардың мінез-құлқының әдеп қағидалары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың (бұдан әрі – мемлекеттік аудит) тәуелсіздік, объективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпиялылық, анықтық, ашықтық, жариялылық, мемлекеттік аудиттің нәтижелерін өзара тану сияқты негізгі қағидаттарын қолдануға бағытталған, мінез-құлықтың моральдық қағидаттарының жүйесін білдіреді.
5. Осы Қағидалармен реттелмеген жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының нормалары қолданылады.
6. Қағидалар мемлекеттік аудиторлардың өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау тиімділігін арттыруға шақырады және мемлекеттік аудит саласында моральды қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
7. Мемлекеттік аудиторлардың Қағидалардың ережелерін білуі және сақтауы олардың кәсіби қызметтерінің сапасын бағалау өлшемшарттарының бірі болып табылады.
2. Мемлекеттік аудиторларға қойылатын әдеп талаптары  
8. Мемлекеттік аудиторға мынадай әдеп талаптары:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 09.04.2018 жылғы № 447 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) өзіне тиесілі құқықтарды жүзеге асыру кезінде адал, парасатты, әділ бола отырып, жалпыға бiрдей қабылданған моральдық нормалар мен қағидаттарды сақтау;
2) көшбасшылық қасиеттерін және тиімді жұмыс қатынастарына ықпал ету қабілетін көрсету, ойлау тәуелсіздігін және кәсіби скептицизм, пікір алысу мен тұжырым жасауда дербестік пен объективтілік, әділетсіздікке, моральдық, адамгершілік және құқықтық нормалардың бұзылуына келіспеушілік таныту;
3) іске қатысты барлық жағдайлар мен фактілерді салмақты бағалау, тұжырым жасауда және пікір алысуда өз мүдделерінің немесе басқа да адамдардың мүдделерінің ықпалына ұшырамау;
4) мемлекеттік меншіктің сақталуына және мемлекеттің экономикалық мүдделерінің қорғалуына өзінің жеке жауаптылығын сезіну;
5) ар-намысын сақтау және мінсіз беделге ие болу, жұмыс бойынша әріптестерімен жақсы қарым-қатынаста болу, өз кәсібінде беделі мен жоғары қоғамдық мәртебесін сақтау, жұмыста да, тұрмыста да айналасындағы адамдарға әдепті түрде жүгіну;  
6) азаматтық және кәсіби борышына адал болу;
7) әдептілікпен, қарапайымдылықпен, сыпайылықпен және алаламаушылықпен астасатын адалдық, тәртіптілік, жауаптылық, белсенділік, бастамашылық, табандылық пен талапшылдық таныту, жұмыс және келіссөздер (кездесулер) барысында басқа адамдарға, соның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісінің (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектісі) лауазымды адамдарына әдептілік пен құрмет көрсету;
8) мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарынан қажетті құжаттарды ұсынуларын сыпайы және әдепті түрде талап ету;
9) мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының атына орынсыз әрекеттен, ауыр сөз айтудан, мемлекеттік аудит объектісінің қызметі туралы біржақты пікірлер мен пайымдаулар білдіруден бойын аулақ ұстау;
10) туындаған мәселелерді мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарымен талқылау кезінде өзінің көзқарасын тиісті нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің нақты нормаларына міндетті түрде сілтеме жасай отырып, кеңпейілділікпен, насихатсыз, біржақтылық көрсетпей, дәлелді және айқын түрде қорғау;
11) мемлекеттік аудит жүргізу кезінде мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарынан ресми емес кездесулерден, орынсыз көңіл бөлу шараларынан, жұмыс орнында ысырапшылдықтан, сыйлық немесе тарту алудан, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау барысында және аяқталғаннан кейін ұсынылатын қызметтерден бойын аулақ ұстау;
12) мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарымен мемлекеттік аудит нәтижелерінің объективтілігіне әсерін тигізуі мүмкін өзара қарым-қатынастан аулақ болу не жол берілмейтінін білдіре отырып, мұндай қарым-қатынастарды дереу тоқтату талаптары белгіленеді.
3. Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби мінез-құлқының әдеп қағидаттары
9. Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби мінез-құлқының әдеп қағидаттары мыналарды қамтиды:
1) мемлекеттік аудиттің негізгі қағидаттарын сақтау;
2) мемлекеттік аудит органдарының тәуелсіздігіне қол сұғатын араласуларға жол бермеу;
3) мемлекеттік аудитті Қазақстан Республикасының заңнамасына, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес жүргізу, объективті тәсіл қолдану және мүдделер қақтығысын болдырмау;
4) мемлекеттік аудиттің білікті, сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қажетті білімі мен дағдыларының болуы, кәсіби борышын сақтау;
5) мемлекеттік аудит барысында алынатын немесе жасалатын құжаттарды үшінші тұлғаларға беру не онда қамтылған мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, ауызша жариялау құқығынсыз сақтауды қамтамасыз ету;
6) мемлекеттік аудит нәтижелерін аудиторлық дәлелдемелермен растау;
7) мемлекеттік аудит нәтижелерін анық баяндау;
8) лауазымдық мәртебесін жеке мақсаттарда және мемлекеттік қызметке кір келтіретін немесе объективтілігіне не тәуелсіздігіне күмән туғызатын құқық бұзушылықтар жасау тәуекеліне әкеп соғатын қатынастарда пайдалануға жол бермеу.
4. Қорытынды ережелер
10. Мемлекеттік аудиторлардың осы Қағидаларды сақтауын қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік аудитор осы Қағидаларды білетінін және мемлекеттік аудит органдарына мемлекеттік қызметке кіру кезінде оларды сақтауға келісетінін растау үшін осы Қағидаларға қосымшаға сай растау нысанына қол қояды.
__________________________
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 18-НҚ бекітілген
Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби
әдеп қағидаларына қосымша
                                                    нысан
Растау нысаны
1. Осы арқылы Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларымен танысқанымды растаймын.
2. Осы арқылы оның мазмұнын толығымен түсінгенімді растаймын.
3. Осы арқылы Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларына сәйкес әрекет етуге және мүдделер қақтығысы болған (туындаған) жағдайда оны не келешекте мүдделер қақтығысының туындауына байланысты жағдайларды жоюға міндеттенемін.
АӘТ:
        Қолы: __________________
      Күні: __________________