• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 31.03.2018 г

Отправить по почте

2

"Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 257 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 635 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12614 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 31 наурыздан бастап ҚР Қаржы министрінің 20.02.2018 ж. № 244 Бұйрығына сәйкес
1. «Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 257 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 10989 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын бюджетке аудару, қайтару (есепке жатқызу) қағидасында:
«3. Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар кедендік транзиттің кедендік рәсімінде шығарылған тауарларды қоспағанда, тауарларды шығару жүргізілетін немесе аумағында Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактісі анықталған мемлекеттік кірістер органында төленеді (өндіріп алынады).
Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды төлеушілер екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейді. Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды төлеуге төлем құжаттарында төлеушілер тауар шығару жүргізілетін мемлекеттік кірістер органының тіркеу орны бойынша орналасқан бенефициар мемлекеттік кірістер органының деректемелерін көрсетеді.»;
«11. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар және өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын бюджеттен қайтару (есепке жатқызу) мақсатында төлеуші Салық кодексінің 599, 601 және 602 -баптарында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кеден төлемдерін, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару жүргізуге салықтық өтінішпен кедендік декларациялау, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру жүзеге асырылған, алдын ала шешім қабылданған мемлекеттік кірістер органының тіркеу орны бойынша орналасқан бенефициар мемлекеттік кірістер органына жүгінеді.»;
«13. Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлеушінің сол бір төлем құжаты бойынша кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомаларын қайталап төлеуге әкеп соқтырған төлем құжатын қате орындаған жағдайда мемлекеттік кірістер органы банктің өтініші бойынша Салық кодексінің 601-бабына сәйкес кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасын қайтару қайтару жүргізеді.»;
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Ерғожин Д.Е.) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.