• Мое избранное

Отправить по почте

20

Атом энергиясын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 442-V Заңы

Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесiн қараңыз
1
Осы Заң адамдардың өмiрi мен денсаулығын, олардың мүлкін, қоршаған ортаны қорғау мақсатында атом энергиясын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудiң құқықтық негiзi мен қағидаттарын айқындайды және ядролық қаруды таратпау режимiн, атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталады.
1) алып қою деңгейі – ядролық материалдардың, радиоактивті заттар мен электрофизикалық қондырғылардың сипаттамаларын айқындайтын, уәкілетті орган белгілеген физикалық шама мәндері;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 25.02.2021 жылғы № 12-VII Заңына сәйкес (14.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) арнайы қарыз алу құқықтары – Халықаралық валюта қоры айқындаған және ол операциялар мен мәмілелер үшін пайдаланатын есептік бірлік;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 14.05.2020 жылғы № 329- VІ Заңына сәйкес (өзгерту 26.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) атом энергиясы – ядролық реакциялардан және радиоактивті ыдырау кезінде босатылатын энергия, сондай-ақ генерацияланатын иондандырушы сәулелер энергиясы;
3) атом энергиясы пайдаланылатын объектілер – иондандырушы сәулелену көздері, радиоактивті қалдықтар және пайдаланылып болған ядролық отын, ядролық, радиациялық, электрофизикалық қондырғылар, сақтау және көму пункттері, көліктік қаптама комплектілері мен ядролық материалдар;
4) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді пайдалану – атом энергиясын пайдалану саласында жеке немесе заңды тұлға жүзеге асыратын әкімшілік, шаруашылық және инженерлік-техникалық қызмет;
5) атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеу – атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді салу, реконструкциялау, дайындау, алу, беру, жеткізу, иелену, пайдалану, пайдаға асыру, пайдалануға беру және пайдаланудан шығару, қайта өңдеу, монтаждау, жөндеу, техникалық қызмет көрсету, зарядтау, қайта зарядтау, бөлшектеу, кәдеге жарату, консервациялау, тасымалдау, импорттау, экспорттау, активсіздендіру, кейіннен кәдеге жарату, сақтау, көму кезінде олармен қолмен жасалатын және (немесе) автоматтандырылған операциялардың, әрекеттердің жиынтығы;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 25.02.2021 жылғы № 12-VII Заңына сәйкес (14.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) атом энергиясы пайдаланылатын объектінің өмірлік циклі – атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді орналастыру, жобалау, шығару, құрылысы немесе салу, пайдалануға беру, пайдалану, реконструкциялау, күрделі жөндеу, пайдаланудан шығару, тасымалдау, айналымы, сақтау, көму және кәдеге жарату;
7) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау – атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (12.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – атом энергиясын пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
9) иондандырушы сәулелену көздері – радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аппараттар немесе құрылғылар, сондай-ақ иондандырушы сәуле шығаратын немесе шығаруға қабілетті электрофизикалық аппараттар немесе құрылғылар;
10) иондандырушы сәулелену көздерінің тізілімі – иондандырушы сәулелену көздерін экспорттау мен импорттау кезінде орнын ауыстыру туралы мәліметтерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында олардың бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы мәліметтердің ұдайы жаңартылып тұратын жиынтығын білдіретін, иондандырушы сәулелену көздерінің дерекқоры;
11) кейіннен кәдеге жарату – күрделі құрылыстардың (үйлердің, ғимараттардың, кешендердің) пайдаға асырылуы (пайдаланылуы, қолданылуы) тоқтатылғаннан кейін, регенерацияланатын элементтерді (конструкцияларды, материалдарды, жабдықтарды) бір мезгілде қалпына келтіріп және қайталап пайдаланып, сондай-ақ регенерацияға жатпайтын элементтер мен қалдықтарды қайта өңдей отырып, оларды бөлшектеу және бұзу жөніндегі жұмыстар кешені;
12) көму – пайдаланылып болған ядролық отынды немесе радиоактивті қалдықтарды көму пунктіне оларды алып қою ниетінсіз орналастыру;
13) көму пункті – пайдаланылып болған ядролық отынды немесе радиоактивті қалдықтарды көмуге арналған ядролық немесе радиациялық қондырғы;
14) көму пунктін жабу – көму пунктін қауіпсіз жағдайға келтіріп, көмгеннен кейін барлық операцияларды аяқтау;
15) қондырғыны пайдалануға беру – ядролық немесе радиациялық немесе электрофизикалық қондырғының компоненттері мен жүйелерін оның құрылысы аяқталғаннан және қажетті сынақтар жүргізілгеннен кейін жұмыс жағдайына келтіру жөніндегі құжатпен ресімделетін қызмет;
16) қондырғыны пайдаланудан шығару – ядролық немесе радиациялық немесе электрофизикалық қондырғыны пайдалануды тоқтату және қондырғы мен оны орналастыру алаңының қауіпсіздік жөніндегі талаптарға сәйкес келетін түпкілікті жай-күйін қамтамасыз ете отырып, оны мемлекеттік бақылаудан алып тастау жөніндегі құжатпен ресімделетін қызмет;
17) пайдаланушы ұйым – атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
18) пайдаланылып болған ядролық отын – ядролық реакторда сәулеленген және одан біржола алып тасталған ядролық отын;
19) персонал – иондандырушы сәулелену көздерімен тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін немесе еңбек жағдайларына байланысты олардың әсер ету аясында болатын жеке тұлғалар;
20) радиациялық қатер – сәуле алу нәтижесінде, оның салдарының ауырлығын ескере отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келтіру ықтималдығы;
21) радиациялық қауіпсіздік – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес персоналға, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді шектейтін іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, атом энергиясы пайдаланылатын объектінің қасиеттері мен сипаттамаларының жай-күйі;
22) радиациялық қауіптілік санаты – атом энергиясы пайдаланылатын объектімен жұмыс істеген кезде немесе ықтимал авария жағдайларында халық және (немесе) қоршаған орта үшін оның радиациялық қауіптілік дәрежесі бойынша атом энергиясы пайдаланылатын объектінің сипаттамасы;
23) радиациялық қондырғы – өзіне қатысты үй-жайларды, құрылысжайлар мен жабдықтарды қоса алғанда, ядролық материалдармен және (немесе) радиоактивті заттармен жұмыс істеу жүзеге асырылатын, ядролық болып табылмайтын арнайы қондырғы;
23-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 25.02.2021 жылғы № 12-VII Заңына сәйкес (14.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1
24) радиоактивті заттар – құрамында радионуклидтер бар, кез келген агрегаттық жағдайдағы, шығу тегі табиғи немесе техногендік кез келген материалдар;
25) радиоактивті қалдықтар – құрамында алып қою деңгейінен жоғары радионуклидтер бар, одан әрі пайдаланылуы көзделмейтін радиоактивті заттар, ядролық материалдар немесе радионуклидті көздер;
26) радионуклидті көз – құрамында радиоактивті заттар бар, оны пайдалы қолдану үшін арнайы жасалған немесе қандай да бір қызмет түрінің жанама өнімі болып табылатын иондандырушы сәулелену көзі;
27) сақтау – ядролық отынды, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, радионуклидті көздерді, пайдаланылып болған ядролық отынды, радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттеріне олармен одан әрі жұмыс істеу үшін оларды алу мүмкіндігі көзделетін уақытша орналастыру;
28) сақтау пункті – ядролық отынды, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, радионуклидті көздерді, пайдаланылып болған ядролық отынды, радиоактивті қалдықтарды сақтауға арналған ядролық немесе радиациялық қондырғы;
29) көліктік қаптама комплекті – тасу кезінде радиоактивті құрамды толық орналастыру мен ұстап тұру үшін қажетті элементтердің жиынтығы;
30) физикалық қорғау – атом энергиясы пайдаланылатын объектіге рұқсатсыз қол жеткізуіне жол бермеу жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың бірыңғай жүйесі;
31) электрофизикалық қондырғы – өзіне қатысты үй-жайларды, құрылыстар мен жабдықтарды қоса алғанда, иондандырушы сәулелерді генерациялайтын немесе генерациялауға қабілетті арнайы, ядролық немесе радиациялық болып табылмайтын қондырғы;
32) ядролық қауiпсiздiк – ядролық авариялардың мүмкiн болмайтындығы белгiлi бiр ықтималдықпен қамтамасыз етілетін, атом энергиясы пайдаланылатын объектiнiң қасиеттері мен сипаттамаларының жай-күйі;
33) ядролық қондырғы – табиғи уранды немесе торийді өндіруге және (немесе) қайта өңдеуге арналған қондырғыларды қоспағанда, үй-жайларды, құрылысжайлар мен жабдықтарды қоса алғанда, санамаланған қызмет түрлерінің біреуі немесе бірнешеуі: ядролық материалды шығару, қайта өңдеу, пайдалану, тасымалдау, сақтау, көму жүзеге асырылатын қондырғы;
33-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 14.05.2020 жылғы № 329- VІ Заңына сәйкес (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
33-1) ядролық қондырғылардың бірыңғай операторы – бір алаң шегінде орналастырылған ядролық қондырғылардың басқа операторларының дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамын тікелей және (немесе) жанама түрде иеленетін ядролық қондырғы операторы;
1-бап 33-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 14.05.2020 жылғы № 329- VІ Заңына сәйкес (өзгерту 26.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
33-2) ядролық қондырғы операторы – Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше ядролық қондырғыны пайдаланатын заңды тұлғасы;
1-бап 33-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 14.05.2020 жылғы № 329- VІ Заңына сәйкес (өзгерту 26.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
34) ядролық материалдар – бөлiнетiн (ыдырайтын) радионуклидтерден тұратын немесе оларды шығаруға қабілетті материалдар;
34-1) ядролық нұқсан – ядролық қондырғымен немесе ядролық қондырғыдан келіп түсетін, онда шығарылған немесе ядролық қондырғыға бағытталған ядролық материалмен жұмыс істеу нәтижесінде иондандырушы сәулеленудің әсері салдарынан келтірілген, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға зиянды, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың залалдарын, сондай-ақ алдын алу шараларына арналған шығындарды қоса алғандағы нұқсан;
1-бап 34-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 14.05.2020 жылғы № 329- VІ Заңына сәйкес (өзгерту 26.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
34-2) ядролық оқыс оқиға – ядролық нұқсан келтіретін немесе ядролық нұқсан келтіру қаупін туғызатын оқиға не оқиғалар сериясы;
1-бап 34-5-тармақшамен толықтырылды ҚР 14.05.2020 жылғы № 329- VІ Заңына сәйкес (өзгерту 26.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
35) ядролық физикалық қауіпсіздік – атом энергиясы пайдаланылатын объектілерге және (немесе) пайдаланушы ұйымға қатысты ұрлау, диверсия, рұқсатсыз қол жеткізу, заңсыз беру, жұмыс істеу фактілеріне немесе басқа да құқыққа қарсы әрекеттерге жол бермеуге, анықтауға және (немесе) ден қоюға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың бірыңғай жүйесінің жай-күйі.
2-бап. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-тарау. АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ