Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысы
Редакция 25.08.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған үкіметтік бағдарламалардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1136 қаулысымен
бекітілген
Үкіметтік бағдарламалардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1136 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы тізімі
1. «Салалық бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1056 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 42 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 3, 19-құжат).
3. «Салалық бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1056 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 320 қаулысы.