«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау қағидалары мен рұқсат беру талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 734 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12620 болып тіркелді
Редакция 26.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі қағидалар және рұқсат беру талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«Келісілген» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ________________ Ә. Исекешев 2015 жылғы 10 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 734 бұйрығымен бекітілген
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау қағидалары мен рұқсат беру талаптары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 583 Бұйрығына сәйкес (17.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау қағидалары мен рұқсат беру талаптары (бұдан әрі – Қағидалар мен рұқсат беру талаптары) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын инженерлік-техникалық жұмыскерлерге аттестаттау жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда және рұқсат беру талаптарында мынадай ұғымдар қолданылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 19.05.2023 жылғы № 372 Бұйрығына сәйкес (19.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) аттестаттау – аттестаттау орталығының жобалау және құрылыс салу процесіне қатысатын инженер-техник жұмыскерлердің өкілеттіктерін ресми тану рәсімі;
2) аттестаттау орталығы – уәкілетті органда белгіленген тәртіппен аккредиттеу рәсімінен өткен заңды тұлға;
3) біліктілік аттестаты – осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженер-техник жұмыскерлердің мәртебесін куәландыратын аттестат;
4) «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыруға арналған портал (бұдан әрі - Портал) – құрылыс саласын, құрылыс қызметі субъектілерін реттеуге және салынып жатқан объектілердің атқарушылық-техникалық құжаттамасын электрондық форматта жүргізуге арналған ақпараттық портал.»;
5) инженер-техник жұмыскер – кәсіптік орта немесе жоғары білімі бар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өндірістік процесті ұйымдастыруды және оған басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;
6) өтініш беруші – біліктілік аттестатын алуға үміткер жеке тұлға;
7) уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның ведомствосы.
3. Аттестаттау инженерлік-техникалық жұмыскерлердің кәсіби дайындық деңгейі мен құзыреттілігін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді білуін анықтау, олар жүзеге асыратын жұмыстардың сапасын жақсарту, құрылыс саласында болып жатқан өзгерістерді ескеріп, жаңа талаптарды зерттеу мақсатында жүргізіледі.
4. Аттестаттау өтініш берушілер және жобалау немесе құрылыс-монтаждау ұйымдарының құрамындағы инженерлік-техникалық жұмыскерлер үшін өткізіледі.
5. Жобалау және құрылыс-монтаждау ұйымдарының инженерлік-техникалық жұмыскерлердің құрамы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 болып тіркелген) Басшылар, мамандар және өзге де қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес мамандықтарға бөлінеді.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2021 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (30.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Инженерлік-техникалық жұмыскерлердің білімі мен жұмыс тәжірибесіне қойылатын рұқсат беру талаптары осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына (бұдан әрі – рұқсат беру талаптары) 2-қосымшада көрсетілген.
2-тарау. Аттестаттау тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 583 Бұйрығына сәйкес (17.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Аттестаттаудан өту үшін өтініш иесі аттестаттау орталығына мынадай құжаттарды жібереді:
1) осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
3) жоғары кәсіптік білімі туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болғанда – тиісті құжаттардың көшірмелері);
4) еңбек кітапшасының немесе жұмыс өтілін растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) тиісті мамандықтар бойынша біліктілікті растайтын шетелдік сертификаттардың, аттестаттардың және басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері.
Өтініш беруші аттестаттау орталығының қызметкеріне салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын ұсынған жағдайда, нотариалды куәландыру қажет емес.
8. Аттестаттау үшін құжаттардың толық жинағы ұсынылмаған жағдайда аттестаттау орталығы өтініш берушіден ұсынылған құжаттарды қабылдамайды.
9. Өтінішті қарау мерзімі аттестаттау орталығына құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні.
10. Құжаттардың рұқсат беру талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ басқа ұйымдарда қызметін қоса атқаруды анықтауды аттестаттау орталығы басшысының бұйрығымен тағайындалатын жауапты қызметкер қарайды.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.06.2016 жылғы № 267 Бұйрығына сәйкес (26.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 583 Бұйрығына сәйкес (17.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-1. Өтініш берушілер ұсынған құжаттар электронды және (немесе) қағаз түрде аттестаттау орталығының мұрағатында 5 (бес) жыл бойы сақталуы тиіс.
Осы Қағидалар 10-1-тармақпен толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 583 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 28.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Ұсынылған құжаттардың осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 2-қосымшада (бұдан әрі – 2-қосымша) көрсетілген жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі рұқсат беру талаптарына сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша бір жұмыс күнінің ішінде аттестаттау орталығының бұйрығымен тестілеу жүргізу кестесі мен бұйрығы бекітіледі, онда әрбір өтініш берушіге қатысты мынадай:
1) тестілеуге жіберіледі;
2) тестілеуге жіберілмейді деген шешімдер ресімделеді.
12. Аттестаттау орталығы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тестілеудің өткізілетін орны, күні және уақыты туралы, не тестілеуге жіберілмеудің себептері туралы жазбаша хабар береді.
13. Тестілеу өтініш берушіні хабардар еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі және мынадай талаптар мен рәсімдерді көздейді:
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 19.05.2023 жылғы № 372 Бұйрығына сәйкес (19.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) өтініш берушінің таңдауы бойынша тестілеу автоматтандырылған тәсілмен Порталда мемлекеттік немесе орыс тілдерінде өтеді;
2) өтініш берушілерді тестілеуге жіберу жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат көрсету арқылы жүзеге асырылады;
3) аттестаттау орталығының қызметкерлері тестіленушілерді тестілеуді өткізу рәсімімен таныстырады;
4) өтініш берушіге тестілеу кезінде сөйлесуге және үй-жайдан шығуға, дербес электрондық құрылғыларды (соның ішінде компьютерлерді, ұялы телефондарды) және тестілеу кезінде қағаз тасымалдағыштарды пайдалануға жол берілмейді;
5) аттестаттау орталығының қызметкерлері осы Қағидалардың және рұқсат беру талаптарының 13-тармағында көрсетілген тестілеу талаптары мен рәсімдерін бұзған өтініш берушілерді тиісті акт жасай отырып (еркін нысанда) тестілеуден шығарады;
6) компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлік бағдарламамен автоматты түрде жүргізіледі;
7) тестілеу нәтижелерімен танысу тест аяқталғаннан кейін бірден жүргізіледі.
14. Тестіні орындауға берілген уақыт 120 минутты құрайды. Тест таңдалған мамандықтар бойынша 100 сұрақтан тұрады. Тест сұрақтарын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
15. Тестілеуден өту үшін шекті деңгей:
1) осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 2-қосымшада көрсетілген жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі рұқсат беру талаптарының 5-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында және 6-тармағында көрсетілген өтініш берушілер үшін 70 дұрыс жауапты;
2) барлық қалған өтініш берушілер үшін 60 дұрыс жауапты құрайды.
16. Аттестаттауды қайта тапсыру саны шектелмеген.
17. Тестілеу негізінде әр сарапшыға қатысты мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) аттестаттаудан өтті;
2) аттестаттаудан өтпеді.
18. Аккредиттелген ұйым тестілеу өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тестілеуден өткен жағдайда өтініш берушіге ресімделген біліктілік аттестатын береді не оған аттестаттаудан өтпегені туралы жазбаша хабарлайды.
19. Аттестаттау нәтижелері аттестаттау орталығының бұйрығымен бекітіледі.
20. Аттестатталған инженерлік-техникалық жұмыскерлер туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-сайтында орналастырылады.
21. Аттестаттау орталығы берілген аттестаттар туралы ақпаратты сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға есептік айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін ай сайын осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Аттестатталған инженерлік-техникалық жұмыскерлердің тізіліміне енгізілген, берілген аттестаттары туралы ақпарат ұсынады.
21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 583 Бұйрығына сәйкес (17.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2021 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (30.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау қағидалары мен рұқсат беру талаптарына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.06.2016 жылғы № 267 Бұйрығына сәйкес (26.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Нысан
Біліктілік аттестаты
Осы құжатпен:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
жобалау/құрылыс ұйымының штатында (қажеттісінің астын сызу)
___________________________________________________ мамандану бойынша
(Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 2-қосымшаның тармағын көрсету)
аттестатталған инженер-техник жұмыскер мәртебесі берілгені
куәландырылады.
Аттестаттау ұйымының басшысы ________ ___________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
М.О.
Астана қаласы (мысал ) 20__ ж. «____» _____________
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.06.2016 жылғы № 267 Бұйрығына сәйкес (26.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 583 Бұйрығына сәйкес (17.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 19.05.2023 жылғы № 372 Бұйрығына сәйкес (19.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша рұқсат беру талаптары
Р/с № |
Аттестаттау мамандығы |
Біліктілік талаптары |
|
Білімі |
Жұмыс тәжірибесі |
||
1-тарау. Жобалау қызметі |
|||
1. |
Жобаның бас инженері |
Жоғары, құрылыс саласында |
Тиісті салада маман және (немесе) басшы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл |
2. |
Жобаның бас сәулетшісі |
Жоғары, сәулет саласында |
Тиісті салада маман және (немесе) басшы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл |
3. |
Бас конструктор: 1. Тіреу және қоршау конструкциялары бойынша: гидротехник; құрылыс. 2. Көлік құрылысы бойынша: автомобиль жолдары және аэродромдар инженері; көпірлер мен тоннельдер инженері; темір жол инженері. Бас маман: 1. Инженерлік желілер және құрылыстар бойынша: желдету және жылу газбен жабдықтау; сумен жабдықтау және кәріз/сумен жабдықтау және су бұру; байланыс инженері; инженер - электрик; мұнай және газ инженері. 2. Технологиялық жабдық бойынша. |
Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты |
Тиісті салада маман және (немесе) басшы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл |
4. |
Жетекші инженер жобалаушы: 1. Сәулет бойынша. 2. Тіреу және қоршау конструкциялары бойынша: гидротехник; құрылыс. 3. Инженерлік желілер және құрылыстар бойынша: жылумен, газбен жабдықтау және желдету; сумен жабдықтау және кәріз / сумен жабдықтау және су бұру; байланыс инженері; инженер-электрик; мұнай және газ инженері. 4. Көлік құрылысы бойынша: автомобиль жолдары және аэродромдар инженері; көпірлер мен тоннельдер инженері; темір жол инженері. 5. Технологиялық жабдық бойынша. |
Жоғары, жұмыс бағытына байланысты, мамандығы бойынша құрылыс саласында Жұмыс бағытына байланысты мамандығы бойынша құрылыс саласындағы орташа |
Тиісті сала маманы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде үш жыл Тиісті сала маманы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл |
2-тарау. Құрылыс-монтаждау жұмыстары |
|||
5. |
Бас инженер |
Жоғары, жұмыс бағытына байланысты, мамандығы бойынша құрылыс саласында |
Техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша кемінде бес жыл және (немесе) құрылыс ұйымдарында басшы лауазымдарда, оның ішінде бас инженер немесе бас инженердің орынбасары лауазымында кемінде бір жыл |
6. |
Өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы |
Жоғары, жұмыс бағытына байланысты, мамандығы бойынша құрылыс саласында |
Құрылыс ұйымдарында маман және (немесе) басшы лауазымында кемінде бес жыл, оның ішінде өндірістік-техникалық бөлім бастығы немесе бастығының орынбасары лауазымында кемінде бір жыл |
7. |
Учаске бастығы: 1. Тіреу және қоршау конструкциялары бойынша: гидротехник; құрылыс. 2. Инженерлік желілер және құрылыстар бойынша: жылумен, газбен жабдықтау және желдету; сумен жабдықтау және кәріз / сумен жабдықтау және су бұру; байланыс инженері; инженер-электрик; мұнай және газ инженері. 3. Көлік құрылысы бойынша: автомобиль жолдары және аэродромдар инженері; көпірлер мен тоннельдер инженері; темір жол инженері. 4. Технологиялық жабдық бойынша. |
Жоғары, жұмыс бағытына байланысты, мамандығы бойынша құрылыс саласында Жұмыс бағытына байланысты мамандығы бойынша құрылыс саласындағы орташа |
Құрылыс учаскесінің/объектісінің мастері не жұмыс жүргізушісі, техникалық қадағалау лауазымында кемінде үш жыл. Не құрылыс учаскесінде басқа лауазымдарда бес жылдан кем емес. Құрылыс учаскесінің/объектісінің мастері не жұмыс жүргізушісі, техникалық қадағалау лауазымында кемінде бес жыл болуы тиіс. Не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда жеті жылдан кем емес |
8. |
Жұмыс өндіруші: 1. Тіреу және қоршау конструкциялары бойынша: гидротехник; құрылыс. 2. Инженерлік желілер және құрылыстар бойынша: жылумен, газбен жабдықтау және желдету; сумен жабдықтау және кәріз / сумен жабдықтау және су бұру; байланыс инженері; инженер-электрик; мұнай және газ инженері. 3. Көлік құрылысы бойынша: автомобиль жолдары және аэродромдар инженері; көпірлер мен тоннельдер инженері; темір жол инженері. 4. Технологиялық жабдық бойынша. |
Жоғары, жұмыс бағытына байланысты, мамандығы бойынша құрылыс саласында Жұмыс бағытына байланысты мамандығы бойынша құрылыс саласындағы орташа |
Құрылыс учаскесінің/объектісінің мастері не жұмыс жүргізушісі, техникалық қадағалау лауазымында кемінде үш жыл. Не құрылыс учаскесінде басқа лауазымдарда бес жылдан кем емес. Құрылыс учаскесінің/объектісінің мастері не жұмыс жүргізушісі, техникалық қадағалау лауазымында кемінде бес жыл болуы тиіс. Не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда жеті жылдан кем емес |
9. |
Мастер: 1. Тіреу және қоршау конструкциялары бойынша: гидротехник; құрылыс. 2. Инженерлік желілер және құрылыстар бойынша: жылумен, газбен жабдықтау және желдету; сумен жабдықтау және кәріз / сумен жабдықтау және су бұру; байланыс инженері; инженер-электрик; мұнай және газ инженері. 3. Көлік құрылысы бойынша: автомобиль жолдары және аэродромдар инженері; көпірлер мен тоннельдер инженері; темір жол инженері. 4. Технологиялық жабдық бойынша |
Жоғары, жұмыс бағытына байланысты, мамандығы бойынша құрылыс саласында Жұмыс бағытына байланысты мамандығы бойынша құрылыс саласындағы орташа |
Мастер немесе техникалық қадағалау лауазымында бір жылдан кем емес. Не құрылыс учаскесінде басқа лауазымдарда бес жылдан кем емес. Мастер немесе техникалық қадағалау лауазымында кемінде үш жыл. Не құрылыс учаскесінде басқа лауазымдарда бес жылдан кем емес |
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау қағидалары мен рұқсат беру талаптарына 3-қосымша
Нысан
_____________________________________________________________________
(аттестаттау ұйымының толық атауы)
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
ӨТІНІШ
Жобалау/құрылыс ұйымының құрамында (қажеттесінің астын сызу)_________
_____________________________________________________________________
(Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 2-қосымшаның тармағын көрсету)
_________________________________________________________ мамандығы
бойынша біліктілік аттестатын беруді сұраймын.
Жеке тұлға туралы мәліметтер:
1. Туған жылы: ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректермелері__________________
_____________________________________________________________________
(сериясы, нөмірі, кім және қашан берген)
3. Білімі:___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(оқу орнының атауы, бітірген жылы, диплом нөмірі)
4. Мекенжайы, үйінің және ұялы телефоны:_____________________________
_____________________________________________________________________
5. Жұмыс орны: ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
(ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны)
6. Тестілеу тілі:____________________________________________________
7. Қоса берілген құжаттар:___________________________________________
_____________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау қағидалары мен рұқсат беру талаптарына 4-қосымша
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.06.2016 жылғы № 267 Бұйрығына сәйкес (26.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Нысан
Аттестатталған инженерлік-техникалық жұмыскерлердің тізілімі
Р/с № | Аттестатталған инженерлік-техникалық жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайды) | ЖСН | Біліктілік аттестаты берілген күн және нөмірі | Жұмыс орны | Аттестациялық орта |
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |