Toggle Dropdown
1
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу қағидалары мен рұқсат беру талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 735 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12752 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 22.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-20) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидалар және рұқсат беру талаптары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
Toggle Dropdown
«Келісілген»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 10 желтоқсан
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 қарашадағы
№ 735 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
2
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптары (бұдан әрі – Қағидалар мен рұқсат беру талаптары) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының 23-24)-тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес әзірленді.
Toggle Dropdown
2. Қағидалар мен рұқсат беру талаптары жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша аттестаттау орталықтарын аккредиттеу рәсімін регламенттейді және «Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
3. Осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарында мынадай ұғымдар қолданылады:
Toggle Dropdown
1) аккредиттеу – аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органның жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша аттестаттау орталықтарының құзыретін ресми мойындау рәсімі;
Toggle Dropdown
2) аккредиттеу туралы куәлік – осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген аттестаттау орталығының мәртебесін куәландыратын белгіленген үлгідегі куәлік;
Toggle Dropdown
3) аттестаттау орталығы – белгіленген тәртіппен уәкілетті органда аккредиттеу рәсімінен өткен заңды тұлға;
Toggle Dropdown
4) инженер-техник жұмыскер – орташа кәсіби немесе жоғары білімі бар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өндірістік процесті ұйымдастыруды және оған басшылық жасауды жүзеге асыратын жеке тұлға;
Toggle Dropdown
5) өтініш беруші – аттестаттау орталығы ретінде аккредиттеуге үміткер мемлекеттік емес заңды тұлға;
Toggle Dropdown
6) уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның ведомствосы.
Toggle Dropdown
4. «Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
5. Заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттармен бірге өтінішті электрондық құжат нысанында, электрондық - цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған түрде «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттандыру нысаны «e-Qurylys.kz» ақпараттық (www.equrylys.kz) (бұдан әрі – ақпараттық жүйе).
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізгі талаптар тізбесін қамтитын қосымша, оның ішінде «Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізгі талаптар тізбесі).
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында айқындалған.
Toggle Dropdown
7. Куәлікті алу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттармен және рұқсат беру талаптарымен бірге олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттармен бірге өтінішті осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген рұқсат беру талаптарына және рұқсат беру талаптарына сәйкестігін қарайды – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 6-тармағында және рұқсат беру талаптарында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және «жеке кабинетке» жолдайды.
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен қарау нәтижелері бойынша негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес аккредиттеу туралы куәлікті ресімдейді, қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды – (2 екі) жұмыс күні ішінде.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Toggle Dropdown
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші аккредиттеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.
Toggle Dropdown
8. Осы Қағидалардың және рұқсат беру талаптарының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда куәлікті қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен қарайды аккредиттеу туралы куәлікті ресімдейді, қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Toggle Dropdown
9. Аккредиттеу туралы куәлік заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген жағдайларда қайта ресімделеді.
Toggle Dropdown
10. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
11. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (қайтарып алу) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
12. Қолданыстағы аккредиттеу туралы куәлік болмаса, ұйымның қызметін жүзеге асыруына жол берілмейді.
Toggle Dropdown
13. Аккредиттеуден өткен аттестаттау орталықтары осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 6-қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес нысан бойынша жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарының тізіліміне енгізіледі,онда заңды тұлғаның деректемелері туралы ақпарат жиынтығы, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі, штатында мамандардың болуы туралы, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілік шаралары туралы мәліметтер қамтылады.
Toggle Dropdown
13-1. Уәкілетті орган Қағидалар бекітілген немесе өзгерістер енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және мемлекеттік қызмет көрсетушіге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторы және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.
Toggle Dropdown
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Toggle Dropdown
14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді.
Toggle Dropdown
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Toggle Dropdown
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Toggle Dropdown
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Toggle Dropdown
15. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
16. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
Жобалау және құрылыс
процесіне қатысатын
инженерлік-техникалық
қызметкерлерді
аттестаттау бойынша
мемлекеттік емес аттестаттау
орталықтарын аккредиттеу
жөніндегі қағидалар мен
рұқсат беру талаптарына
1-қосымша
Toggle Dropdown
|
«Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
|
|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитеті
|
|
2
|
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері
|
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттандыру нысаны «e-Qurylys.kz» ақпараттық (www.equrylys.kz)
|
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
1) куәлікті беру – 10 (он) жұмыс күні;
2) заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезде куәлікті қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні.
|
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Электрондық түрде (толық автоматтандырылған)
|
|
5
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
|
Аккредиттеу туралы куәлік беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
|
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі
|
|
7
|
Көрсетілетін қызметті берушінің, ақпарат объектілерінің жұмыс графигі
|
1) көрсетілетін қызметті берушілер – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).
|
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
1) куәлікті беру кезінде порталға:
осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 3-қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес рұқсат беру талаптарына және рұқсат беру талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар;
2) куәлікті қайта ресімдеу кезінде порталға:
осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 7-қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес нысан бойынша өтініш;
заңды тұлғаны бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде бөлініп шыққан заңды тұлғаның куәлігін қайта ресімдеуге келісімі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген шешімнің электрондық көшірмесі.
|
|
9
|
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер
|
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.
|
|
10
|
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
|
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында www.gov.kz орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
|
Toggle Dropdown
Жобалау және құрылыс салу
процесіне қатысушы инженер-
техник жұмыскерлерді аттестаттау
жөніндегі мемлекеттік емес
аттестаттау орталықтарын
аккредиттеу жөніндегі қағидалар
мен рұқсат беру талаптарына
2-қосымша
Toggle Dropdown
АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК № 00000
Toggle Dropdown
Осы аккредиттеу туралы куәлік ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) ______________________________________________________________берілді, (заңды мекенжай)
Toggle Dropdown
жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау құқығын жүзеге асыруға берілді
Toggle Dropdown
АККРЕДИТТЕЛДІ
Toggle Dropdown
және көрсетілетін қызметті берушінің тізіліміне енгізілді және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді.
Куәлікті қолдану мерзімі _____________________________________ дейін
Уәкілетті органның басшысы_______________________________________ қала ___________
20__ж. « » ___________
Toggle Dropdown
Жобалау және құрылыс салу
процесіне қатысушы инженер-
техник жұмыскерлерді аттестаттау
жөніндегі мемлекеттік емес
аттестаттау орталықтарын
аккредиттеу жөніндегі қағидалар
мен рұқсат беру талаптарына
3-қосымша
Toggle Dropdown
_________________________________________________________ -ге (уәкілетті органның толық атауы) ____________________________________________________________-ден (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірінің деректемелері)
Toggle Dropdown
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аттестаттау орталығы ретінде аккредиттеуді өтінемін
Toggle Dropdown
Мекенжай___________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон, факс, е-mail)
Банк шоты _________________________________________________________
(шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны) Филиалдар (өкілдік, объекті, пункті, учаске)
______________________________ ____________________________________________________________________
(орналасқан жері және деректемелері)
Toggle Dropdown
Қоса берілетін құжаттар __________________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
___ парақ қоса беріледі
Toggle Dropdown
барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпарат жіберілетіні;
Toggle Dropdown
өтініш берушіге қызметтің аталған түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны;
Toggle Dropdown
барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;
Toggle Dropdown
өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергендігі расталады.
Toggle Dropdown
Басшы _____________ _______________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Toggle Dropdown
Толтырылған күні: 20__ жылғы «__» __________
Toggle Dropdown
Жобалау және құрылыс
процесіне қатысатын
инженерлік-техникалық
қызметкерлерді
аттестаттау бойынша
мемлекеттік емес аттестаттау
орталықтарын аккредиттеу
жөніндегі қағидалар мен
рұқсат беру талаптарына
4-қосымша
Toggle Dropdown
Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау бойынша аттестаттау орталықтарына қойылатын рұқсат беру талаптары
Toggle Dropdown
|
Р/с№
|
Рұқсат беру талаптары
|
Рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар
|
Ескертпе
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
1
|
біліктілікті арттыруға жауапты, кемінде бір оқытушы болуы
|
осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны, дипломдардың көшірмелері, жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері, өтініш берушімен еңбек қатынастарын растайтын құжаттардың көшірмелері
|
Дипломдар, еңбек қатынастары және жұмыс өтілі туралы ақпарат, болған жағдайда мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады
|
|
2
|
аттестаттау жүргізуге жауапты кемінде бір техникалық қызметкер болуы
|
осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны, өтініш берушімен еңбек қатынастарын растайтын құжаттардың көшірмелері
|
Дипломдар, еңбек қатынастары және жұмыс өтілі туралы ақпарат, болған жағдайда мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады
|
|
3
|
оқыту және аттестаттау жүргізу үшін меншік құқығында немесе кемінде бір жыл мерзімге жалға алу (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркей отырып) құқығындағы, санитариялық талаптарды қанағаттандыратын, алаңы кемінде 100 (жүз) шаршы метр әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы, бұл ретте тестілеу және оқыту өткізуге арналған үй-жайлар кемінде 45 (қырық бес) шаршы метр болуы қажет.
Бұл ретте тестілеу және оқыту өткізуге арналған үй-жайлар біріктірілуі мүмкін
|
осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар болған кезде: жылжымайтын мүлік объектісін тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, техникалық паспорттың көшірмесі. Өзге де заңды негіздер кезінде: жалдау шартының көшірмесі, жалға берушінің жылжымайтын мүлік объектісін тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, техникалық паспорттың көшірмесі
|
Дипломдар, еңбек қатынастары және жұмыс өтілі туралы ақпарат, болған жағдайда мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады
|
Toggle Dropdown
Жобалау және құрылыс салу
процесіне қатысушы инженер-
техник жұмыскерлерді аттестаттау
жөніндегі мемлекеттік емес
аттестаттау орталықтарын
аккредиттеу жөніндегі қағидалар
мен рұқсат беру талаптарына
5-қосымша
Toggle Dropdown
Мәліметтер нысаны
Toggle Dropdown
1) Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _______________________________
Toggle Dropdown
2) Лауазымы _________________________________________________________
Toggle Dropdown
3) Осы ұйымда жұмыс жасайды _________________________________________
(тұрақты немесе уақытша көрсету)
Toggle Dropdown
4) Жұмыс өтілі ______________________________________________________
(мамандық бойынша және атқаратын лауазымында көрсету)
Toggle Dropdown
5) Оқу орнының атауы ________________________________________________
Toggle Dropdown
6) Бітірген жылы _____________________________________________________
Toggle Dropdown
7) Диплом бойынша біліктілігі _____________________________________
Toggle Dropdown
8) Диплом бойынша мамандығы ______________________________________
Toggle Dropdown
Әкімшілік-тұрмыстық жайлар туралы мәліметтер
Toggle Dropdown
9) Мекенжайы __________________________________________________
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
10) Үй-жайдың сипаттамасы, алаңы ______________________________
Toggle Dropdown
11) Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі ________
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
12) Жалға алу туралы шарттың нөмірі ___________________________
Toggle Dropdown
Материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер
Toggle Dropdown
13) Атауы _____________________________________________________
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
14) Өлшем бірлігі _____________________________________________
Toggle Dropdown
15) Саны ______________________________________________________
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
16) Пайдалану мерзімі _________________________________________
Toggle Dropdown
17) Сипаттамасы (маркасы, қуаты), сапалық құрамы ______________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Бағдарламалық қамтамасыз ету туралы мәліметтер
Toggle Dropdown
18) Атауы: ____________________________________________________
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
19) Өлшем бірлігі _____________________________________________
Toggle Dropdown
20) Саны_______________________________________________________
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
21) Пайдалану мерзімі _________________________________________
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттер туралы мәліметтер
Toggle Dropdown
22) Атауы: ____________________________________________________
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
23) Өлшем бірлігі _____________________________________________
Toggle Dropdown
24) Саны ______________________________________________________
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Оқыту және аттестаттау өткізу үшін уәкілетті орган бекіткен тест сұрақтары,
бекітілген ішкі қағидалар мен регламенттер туралы мәліметтер
Toggle Dropdown
25) Атауы: ____________________________________________________
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
26) Өлшем бірлігі _____________________________________________
Toggle Dropdown
27) Саны ______________________________________________________
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
28) Ескертпе __________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Жобалау және құрылыс салу
процесіне қатысушы инженер-
техник жұмыскерлерді аттестаттау
жөніндегі мемлекеттік емес
аттестаттау орталықтарын
аккредиттеу жөніндегі қағидалар
мен рұқсат беру талаптарына
6-қосымша
Toggle Dropdown
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аккредиттелген мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарының тізілімі
Toggle Dropdown
|
Р/с №
|
Аттестаттау орталығының атауы
|
Аккредиттеу туралы куәлік берілген күні мен нөмірі
|
Аттестаттау орталығының штатында тұратын қызметкер туралы мәлімет
|
Қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәлімет
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Жобалау және құрылыс салу
процесіне қатысушы инженер-
техник жұмыскерлерді аттестаттау
жөніндегі мемлекеттік емес
аттестаттау орталықтарын
аккредиттеу жөніндегі қағидалар
мен рұқсат беру талаптарына
7-қосымша
Toggle Dropdown
Өтініш куәлікті қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы))
_____________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі),
заңды тұлғада бизнес- сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің
бизнес-сәйкестендіру нөмірі) №__________ бастап «___» _________
20___ _______________________________________________________________
(қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің толық атауы) жүзеге асыруға берілген куәлікті келесі негіздеме бойынша
(тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын:
Toggle Dropdown
1) заңды тұлға атауының өзгеруі ___________
Toggle Dropdown
2) заңды тұлғаның орналасқан жерін өзгерту ________
Toggle Dropdown
Заңды тұлғаның мекен-жайы_________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін – ел, пошталық индексі, ОБЛЫСЫ, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Toggle Dropdown
Электрондық пошта _____________________________________________
Toggle Dropdown
Телефондар ___________________________________________________
Toggle Dropdown
Факс __________________________________________________________
Toggle Dropdown
Банктік шот _________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Toggle Dropdown
Қоса беріледі _ парақ.
Toggle Dropdown
Осымен расталады, бұл:
Toggle Dropdown
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;
Toggle Dropdown
өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбаған;
Toggle Dropdown
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады;
Toggle Dropdown
өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі.
Toggle Dropdown
Басшы __________ ________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Толтыру күні: «__» __________ 20__ жыл