Toggle Dropdown
Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 376 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 желтоқсанда № 12408 болып тіркелді
Редакция 27.03.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-40) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың заңнамада бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е.А.Досаев
2015 жылғы 13 қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_______________ Қ.Н.Қасымов
2015 жылғы 30 қазан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
______________ И.Н.Тасмағамбетов
2015 жылғы 9 қараша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 376 бұйрығымен бекітілген
Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесі
1. Осы Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі - СБӘ) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 14-бабы 1-тармағының 41-40) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ халықаралық стандарттар мен Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі - ИКАО құжаттары) ұсынылған тәжірибесін және Мемлекетаралық авиация комитеті (бұдан әрі - МАК) ұсыныстарының талаптарын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген) қолданыстағы Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларының (бұдан әрі - ҚР АА ӘПЖН) талаптарына әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) сипаттамалары мен параметрлерінің сәйкестігін бағалау үшін әзірленген.
2. Осы СБӘ әуеайлақ кешенінің сипаттамалары мен параметрлерінің ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігін бағалау үшін қажетті технологиялық операциялардың тізбесінен тұрады. Сәйкестікті бағалау әуеайлақ кешенін жерүсті және ұшуда тексерудің және оларды ҚР АА ӘПЖН талаптарымен салыстырып тексерудің нәтижелері бойынша жүргізіледі.
3. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) кешенінің сипаттамалары мен параметрлерінің ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігін бағалау нәтижелері бойынша азаматтық авиация ұйымының басшысы қол қоятын және мөрімен расталатын сәйкестік кестесі жасалады. Сәйкестік кестелерін толтыру тәртібі осы СБӘ-де келтірілген.
4. СБӘ-ға өзгерістер ҚР АА ӘПЖН-де баяндалған тәртіпке сәйкес қажеттілігіне қарай енгізіледі.
5. Әуеайлақ кешені мен оның жабдықтарын жерүсті және ұшуда тексеріп-қарауды әуеайлақ қызметі, сертификатталған органдар немесе осы жұмыс түрлерін жүргізуге құқығы бар мамандандырылған жобалау немесе ғылыми тексеру институттары жүзеге асырады.
2-тарау. Әуеайлақтың деректері және әуеайлақтардың физикалық сипаттамалары
1-параграф. Әуеайлақ класын және жасанды төсемді ұшу-қону жолақтарының дәрежесін айқындау
1) бір жолақты әуеайлақтарда жасанды ұшу-қону жолағының (бұдан әрі - ЖҰҚЖ) класымен;
2) көп жолақты әуеайлақтарда стандарттық жағдайда неғұрлым ұзын ЖҰҚЖ дәрежесімен анықталады.
Стандартты жағдайда ұзындығын есептеу және әуеайлақ (ЖҰҚЖ) дәрежесін анықтау жаңа әуеайлақты (ЖҰҚЖ) пайдалануға берген кезде және ЖҰҚЖ-ды қайта жаңартудан (ұзартқаннан) кейін жүргізіледі.
Нәтижелері еркін нысанда толтырылатын Әуеайлақты тексеру актісіне (бұдан әрі - Әуеайлақты тексеру актісі) енгізіледі.
7. ЖҰҚЖ дәрежесін анықтау үшін ЖҰҚЖ-дың стандарттық жағдайдағы ұзындығын анықтау қажет. ЖҰҚЖ ұзындығы стандарттық жағдайда (Lсm)
формуласы бойынша анықталады:
мұндағы Lф - ЖҰҚЖ-дың нақты ұзындығы, (метр); орындау (ЖҰҚЖ-ды салуға немесе қайта жаңартуға) құжаттамасы бойынша, ал ол болмаған кезде мамандандырылған жобалау ұйымы жүргізетін әуеайлақты тексеру материалдары бойынша анықталады;
Кр - теңіз деңгейінен ЖҰҚЖ-ның биіктігін ескеретін түзету коэффициенті (метр):
НЖҰҚЖ - ЖҰҚЖ-ның үстіңгі бетінің теңіз деңгейіне қатысты ең жоғарғы нүктесі ЖҰҚЖ-ның орындау ұзына бойы пішіні бойынша анықталады, (метр);
Кt - әуеайлақтағы ауаның температурасын ескеретін түзету коэффициенті:
tесеп =1,07 t13 - 3о - әуеайлақтағы ауаның есепті температурасы, о С;
t13 - жылдың ең ыстық айында сағат 13-те әуеайлақтағы ауаның орташа айлық температурасы, о С (Климатологиялық анықтама бойынша қабылданады);
tст - әуеайлақтың теңіз деңгейінен орналасқан биіктігінен стандартты атмосфера температурасының тәуелділігі о С. Осы СБӘ-ге 1-қосымшада ұсынылған кесте бойынша анықталады;
Кi - ЖҰҚЖ-ның орташа ұзына бойы еңісін ескеретін түзету коэффициенті; мынадай формула бойынша анықталады:
Lф < 1000 м кезінде Кi = 1 + 5 iср;
1000 м < Lф < 2600 м кезінде Кi = 1 + 8 iср;
Lф> 2600 м кезінде Кi = 1 + 9 iср.
iср - ЖҰҚЖ-ның орташа ұзына бойы еңісі ЖҰҚЖ шеттерінің биіктіктері белгілерінің ЖҰҚЖ-ның нақты ұзындығына айырмашылығы қатынасымен анықталады; шеттерінің биіктіктері белгілері ҰҚЖ-ның орындау пішіні бойынша анықталады.
ЖҰҚЖ класы және/немесе кодтық нөмірі әуеайлақтың физикалық сипаттамалары мен элементтерін таңбалаудың сәйкестігі кестесін толтырған кезде көрсетіледі (осы СБӘ-нің 2-қосымшасына сәйкес).
2-параграф. Әуеайлақ элементтерінің геометриялық өлшемдерінің сәйкестігін бағалау