• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 751 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12694 болып тіркелді

Редакция 13.06.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік оның көшірмесін баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев 
«КЕЛІСІЛДІ»: 
Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрі 
______________ Ә. Исекешев 
2015 жылғы ____ _______
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 2015 жылғы 2 желтоқсандағы
 № 751 бұйрығына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 жылғы № 42 Бұйрығына сәйкес (02.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 85299 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 26 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. «Объектілерді салуға арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша сараптама қорытындыларын ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10636 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларын»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Объектілерді салуға арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша сараптама қорытындыларын ресімдеу қағидалары осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
4. «Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және ведомстводан тыс кешенді сараптамаға қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10635 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидалары»;
Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және ведомстводан тыс кешенді сараптамаға қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидалары осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
5. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10401 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 өзгерістер мен толықтырулар
 енгізілетін кейбір бұйрықтарының
 тізбесіне 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 2014 жылғы 9 желтоқсандағы
 № 136 бұйрығымен
 бекітілді
Р/с
Біліктілік талаптары Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі Ескертпе
1 2 3 4
1. Іздестіру қызметі
1) Штатында іздестіру қызметі саласында тиісті жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек өтілі (еңбек қызметі) немесе іздестіру қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі, лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек өтілі (еңбек қызметі) бар кемінде бір инженер-техник жұмыскердің болуы осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес инженер-техник жұмыскерлердің біліктілігі және жұмыс өтілі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
2) меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығындағы мыналармен:
1) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақтандырылған. Бұл ретте, жұмысты жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы болмаса, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге де ғимараттары немесе үй-жайлары біріктірілуі мүмкін;
2) еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базаның болуы
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
3) меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуының болуы:
1) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрінің мәлімделген жұмыстарын орындау үшін қажетті техникалық талаптарға байланысты пайдаланылатын бақылау-өлшеу аспаптары, құралдары, механизмдері, құрылғылары;
2) инженерлік-геодезиялық жұмыстарды жүзеге асырған кезде есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті орнатылған бағдарламалық жасақтамасы бар дербес компьютер
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
4) жұмыстардың тиісінше орындалуын және сапаның қамтамасыз етілуін регламенттейтін сапаны бақылау (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) жүйесі бойынша өтініш беруші (лицензиат) бекіткен нұсқаулықтың болуы осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес сапаны бақылау жүйесі бойынша бекітілген нұсқаулық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
5) жауапты инженер-техник жұмыскердің оқудан өткенін растайтын құжаттарды қоса берумен, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша өтініш беруші (лицензиат) бекіткен қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша бекітілген қағидалар мен нұсқаулықтар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
2. Жобалау қызметі
2.1 жобалау қызметімен айналысу үшін ІІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары:    
1) штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және мынадай мамандану:
жобаның бас инженері,
жобаның бас сәулетшісі бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
2) меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында, еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
3) меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген кіші түрін орындау үшін қажетті есеп айырысуларды орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орнатылған бағдарламалық жасақтамасы бар дербес компьютерлерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
2.2 жобалау қызметімен айналысу үшін ІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары:    
1) штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және мынадай мамандану:
жобаның бас инженері, жобаның бас сәулетшісі, аға конструктор, жобалаушы жетекші инженер бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
2) меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында, еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
3) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген кіші түрін орындау үшін қажетті, оның ішінде «BIM-технологияны» қолдана отырып, есеп айырысуларды орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес бағдарламалық қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
4) лицензиаттың кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі, бұл ретте жұмыс тәжірибесі жобалау қызметін (жобалау бөлігінде жобалау-іздестіру қызметін) жүзеге асыруға шетелдік тұлғалар үшін лицензия немесе өзге де тең келетін рұқсат беру құжатын алған күнінен бастап есептеледі не ІІІ санаттағы лицензиат ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі. Бұл ретте, лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жұмыс тәжірибесі жойылады лицензияның немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті расталуы бар шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі  
5) бас мердігер ретінде, құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, техникалық жағынан күрделі емес екінші және/немесе үшінші жауапкершілік деңгейінде кемінде бес іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде он объектінің болуы осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс.
Жұмыс тәжірибесі ретінде лицензияның санатына сәйкес жұмыстарды бас мердігер ретінде орындауға рұқсат берілмейтін объектілер бойынша құжаттық растауды ұсыну 2012 жылғы 30 қаңтарға дейін күшіне енген шарттар бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда ғана рұқсат етіледі
2.3 жобалау қызметімен айналысу үшін І санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары:    
1) штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және мынадай мамандану:
жобаның бас инженері,
жобаның бас сәулетшісі,
аға конструктор,
жобалаушы жетекші инженер бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
2) меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында, еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
3) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген кіші түрін орындау үшін қажетті, оның ішінде «BIM-технологияны» қолдана отырып, есеп айырысуларды орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес бағдарламалық қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
4) лицензиаттың кемiнде он жыл не Қазақстан Республикасының аумағында теңіз мұнай-газ жобалары үшін жобалау қызметiн (жобалау бөлiгiнде жобалау-iздестiру қызметiн) жүзеге асырған тұлғалар үшін кемінде жеті жыл жұмыс тәжiрибесi не II санаттағы лицензиат ретiнде кемiнде бес жыл жұмыс тәжiрибесi.
Жұмыс тәжiрибесi лицензияны алған күннен бастап есептеледі.
Бұл ретте, лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жұмыс тәжірибесі жойылады.
Шетелдiк тұлғалар үшiн жұмыс тәжiрибесi ретінде жобалау қызметiн (жобалау бөлiгiнде жобалау-iздестiру қызметiн) жүзеге асыруға тең келетiн рұқсат беру құжаты есепке алынады.
Құрылтайшыларының кемінде біреуінің жобалау саласында кемінде отыз жыл халықаралық тәжірибесі бар және бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерді жобалауды орындаған заңды тұлғалар үшін алты жыл жұмыс тәжiрибесi.
Құрылтайшылары Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғасы және шетелдік заңды тұлғасы болып табылатын және ондағы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына қатысу үлесінің 50 немесе одан астамы тиесілі және жобалау қызметімен айналысуға І санаттағы лицензиясы бар заңды тұлға үшін осы талаптар қолданылмайды
лицензияның немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті расталуы бар шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі.
Құрылтайшыларының кемінде біреуінің жобалау саласында кемінде отыз жыл халықаралық тәжірибесі бар және бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерді жобалауды орындаған заңды тұлғалар үшін қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаның ұсынымдары.
Қатысушысы (акционері) Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға болып табылатын заңды тұлғаға және Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаға – қатысушыға (акционерге) жарғылық капиталына қатысу үлестері (үлестер немесе акциялар) 50 немесе одан көп тиесілі және жобалау қызметімен айналысуға І санаттағы лицензиясы бар шетелдік заңды тұлғаға жобалау қызметімен айналысу үшін Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаның І санаттағы лицензиясының көшірмесі, әрбір қатысушының (акционердің) қатысу үлесін көрсете отырып, қатысушының (акционердің) құрамы туралы ақпарат, сондай-ақ қатысушы (акционер) – шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне аудармасын нотариат куәландырған сауда тізілімінен алынған заңдастырылған үзінді көшірме немесе басқада заңдастырылған құжат беріледі
 
5) құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, бас мердігер ретінде бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейінде кемінде он іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде жиырма объектінің болуы.
Құрылтайшылары жобалау қызметімен айналысатын Құрылтайшылары Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғасы және шетелдік заңды тұлғасы болып табылатын және ондағы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына қатысу үлесінің 50 немесе одан астамы тиесілі және жобалау қызметімен айналысуға І санаттағы лицензиясы бар заңды тұлға үшін осы талаптар қолданылмайды
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс.
Жұмыс тәжірибесі ретінде лицензияның санатына сәйкес жұмыстарды бас мердігер ретінде орындауға рұқсат берілмейтін объектілер бойынша құжаттық растауды ұсыну 2012 жылғы 30 қаңтарға дейін күшіне енген шарттар бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда ғана рұқсат етіледі
3. Құрылыс-монтаждау жұмыстары
3.1 құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысу үшін ІІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары:    
1) штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және мынадай мамандану:
жобаның бас инженері,
өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы,
учаске бастығы, жұмыс жүргізуші,
мастер бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
2) меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығындағы мыналармен:
1) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақтандырылған.
Бұл ретте, жұмысты жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы болмаса, сондай-ақ әкімшілік, техникалық және өндірістік қызметкерлердің еңбек жағдайларын бұзбаса, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге де ғимараттары немесе үй-жайлары біріктірілуі мүмкін;
2) еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базаның болуы
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
3) меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрі кіші түрінің мәлімделген жұмыстарына қойылатын техникалық талаптарға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың ең аз жиынтығын, бақылау-өлшеу құралдарын, машиналар мен механизмдерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
3.2 құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысу үшін ІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары:    
1) штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және мынадай мамандану:
жобаның бас инженері,
өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы,
учаске бастығы,
жұмыс жүргізуші,
мастер бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
2) меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығындағы мыналармен:
1) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақтандырылған. Бұл ретте, жұмысты жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы болмаса, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге де ғимараттары немесе үй-жайлары біріктірілуі мүмкін;
2) еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базаның болуы
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
3) меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрі кіші түрінің мәлімделген жұмыстарына қойылатын техникалық талаптарға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың ең аз жиынтығын, бақылау-өлшеу құралдарын, машиналар мен механизмдерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
4) лицензиаттың кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі, бұл ретте жұмыс тәжірибесі құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға лицензия немесе шетелдік тұлғалар үшін өзге де тең келетін рұқсат беру құжатын алған күнінен бастап есептеледі не ІІІ санаттағы лицензиат ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі. Бұл ретте, лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жұмыс тәжірибесі жойылады лицензияның немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті расталуы бар шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі  
5) бас мердігер ретінде, құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, техникалық жағынан күрделі емес екінші және/немесе үшінші жауапкершілік деңгейінде кемінде бес іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде он объектінің болуы осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс.
Жұмыс тәжірибесі ретінде лицензияның санатына сәйкес жұмыстарды бас мердігер ретінде орындауға рұқсат берілмейтін объектілер бойынша құжаттық растауды ұсыну 2012 жылғы 30 қаңтарға дейін күшіне енген шарттар бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда ғана рұқсат етіледі
3.3 құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысу үшін І санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары:    
1) штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және мынадай мамандану:
жобаның бас инженері,
өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы,
учаске бастығы,
жұмыс жүргізуші, мастер бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
2) меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығындағы мыналармен:
1) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақтандырылған. Бұл ретте, жұмысты жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы болмаса, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге де ғимараттары немесе үй-жайлары біріктірілуі мүмкін;
2) еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базаның болуы
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
3) меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрі кіші түрінің мәлімделген жұмыстарына қойылатын техникалық талаптарға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың ең аз жиынтығын, бақылау-өлшеу құралдарын, машиналар мен механизмдерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны  
4) лицензиаттың кемінде он жыл не Қазақстан Республикасының аумағында теңіз мұнай-газ жобалары үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын тұлғалар үшін кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесі не ІІ санаттағы лицензиат ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі. Жұмыс тәжірибесі лицензия алған күннен бастап есептеледі. Бұл ретте, лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жұмыс тәжірибесі жойылады.
Шетелдік тұлғалар үшін жұмыс тәжірибесі ретінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға тең келетін рұқсат беру құжаты есепке алынады.
Құрылтайшылары жобалау қызметімен айналысатын Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғасы және шетелдік заңды тұлғасы болып табылатын және ондағы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына қатысу үлесінің 50 немесе одан астамы тиесілі және құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысуға І санаттағы лицензиясы бар заңды тұлға үшін осы талаптар қолданылмайды
лицензияның немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті расталуы бар шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі.
Қатысушысы (акционері) Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға болып табылатын заңды тұлғаға және Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаға – қатысушыға (акционерге) жарғылық капиталына қатысу үлестері (үлестер немесе акциялар) 50 немесе одан көп тиесілі және жобалау қызметімен айналысуға І санаттағы лицензиясы бар шетелдік заңды тұлғаға жобалау қызметімен айналысу үшін Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғаның І санаттағы лицензиясының көшірмесі, әрбір қатысушының (акционердің) қатысу үлесін көрсете отырып, қатысушының (акционердің) құрамы туралы ақпарат, сондай-ақ қатысушы (акционер) – шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне аудармасын нотариат куәландырған сауда тізілімінен алынған заңдастырылған үзінді көшірме немесе басқада заңдастырылған құжат беріледі
 
5) бас мердігер ретінде, құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейінде кемінде он іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде жиырма объектінің болуы.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына қатысу үлесінің 50 немесе одан астамы тиесілі және құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысуға І санаттағы лицензиясы бар заңды тұлға үшін осы талаптар қолданылмайды
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны. бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс.
Жұмыс тәжірибесі ретінде лицензияның санатына сәйкес жұмыстарды бас мердігер ретінде орындауға рұқсат берілмейтін объектілер бойынша құжаттық растауды ұсыну 2012 жылғы 30 қаңтарға дейін күшіне енген шарттар бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда ғана рұқсат етіледі
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
 саласында қызметті жүзеге асыруға
 қойылатын бірыңғай біліктілік
 талаптарына және оларға сәйкестікті
 растайтын құжаттардың тізбесіне
 қосымша
Іздестіру қызметіне лицензияға мәліметтер нысаны
Инженер-техник жұмыскерлер туралы мәліметтер
 (лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны алған кезде толтырылады)
      1) Т.А.Ә. (болған жағдайда) ___________________________________
       2) Лауазымы ___________________________________________________
       3) Осы ұйымда _________________________________ жұмыс істейді
             (тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтінін көрсету)
       4) Жұмыс өтілі ________________________________________________
   (мамандығы бойынша және атқарып отырған жұмысындағы өтілін көрсету)
       5) Оқу орнының атауы __________________________________________
       6) Бітірген жылы ______________________________________________
       7) Дипломы бойынша біліктілігі ________________________________
       8) Дипломы бойынша мамандануы _________________________________
9) Шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы
 құжаттарын тану және/немесе нострификациялау туралы ақпарат _________