Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесінің 6 және 7-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Продукты: | Судебная практика |
Отправить по почте
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін ұйымдардың шығындарын өтеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 234 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.09.2015 жылғы № 724 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесінің 6 және 7-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде шығындарын өтеу жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін ұйымдардың тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің көрсетілген медициналық қызметтері үшін тарифтерді қалыптастыру әдістемесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің көрсетілген медициналық қызметтері үшін ақы төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 234 бұйрығына 1-қосымша
Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде шығындарын өтеу жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін ұйымдардың тізбесі
1. «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ;
2. «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ;
3. «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ;
4. «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ;
5. «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ;
6. «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы» АҚ.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 234 бұйрығына 2-қосымша
Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің көрсетілген медициналық қызметтері үшін тарифтерді қалыптастыру әдістемесі
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің көрсетілген медициналық қызметтері үшін тарифтерді қалыптастыру әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесінің 6 және 7-тармақтарына сәйкес әзірленген және «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі - ТМККК) көрсететін еншілес ұйымдардың (бұдан әрі - пилоттық ұйымдар) амортизациялық шығыстарын өтеу кезінде ТМККК-нің көрсетілген медициналық қызметтері үшін тарифтерді қалыптастыру әдістемесін айқындайды.
2. Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде пилоттық ұйымдардың мынадай активтерге амортизациялық шығыстары өтеледі:
1) емдеу үдерісіне тікелей қатыстырылған медициналық техника;
2) емдеу үдерісіне жанама түрде қатыстырылған негізгі құралдар:
- ғимараттар мен құрылыстар;
- көлік құралдары;
- компьютерлік және кеңселік техника;
- кеңсе жиһазы және басқа да негізгі құралдар.
3. ТМККК қызметінің тарифі айқындалады:
1) стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын көмекті көрсету кезінде шығын сыйымдылығы коэффициентін есепке ала отырып клиникалық-шығынды топтар (бұдан әрі - КШТ) бойынша бір емделіп шығу жағдайы үшін мынадай формула бойынша:
Қкшт_пилот = Қкшт +АШн , мұндағы:
Қкшт_пилот - пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде КШТ бойынша бір емделіп шығу жағдайының құны;
Қкшт - Қазақстан Республикасы Денсаулық министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығымен (бұдан әрі - № 801 бұйрық) бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру және шығындарды жоспарлау әдістемесіне сәйкес есептелген КШТ бойынша бір емделіп шығу жағдайының құны;
АШн - пилотты іске асыру шеңберінде пилоттық ұйымның өтелуі тиіс КШТ бойынша бір емделіп шығу жағдайына арналған амортизациялық шығыстардың сомасы;
2) консультациялық-диагностикалық көмек көрсету кезінде бір консультациялық-диагностикалық қызмет үшін мынадай формула бойынша:
Қкдқ пилот = Қкдқ +АШн , мұндағы:
Қкдқ пилот - пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде бір консультациялық-диагностикалық қызметтің орташа есептеу құны;
Қкдқ - № 801 бұйрыққа сәйкес есептелген бір консультациялық-диагностикалық қызметтің орташа есептеу құны;
АШн - пилотты іске асыру шеңберінде пилоттық ұйымның өтелуі тиіс бір консультациялық-диагностикалық қызметке арналған амортизациялық шығыстардың сомасы.
4. Пилотты іске асыру шеңберінде амортизациялық шығыстарды өтеудің құнын есептеу аудиттелген қаржылық есептің деректері негізінде:
1) стационарлық медициналық көмек көрсететін пилоттық ұйымға бір төсек-күн үшін;
2) консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсететін пилоттық ұйымға бір қызмет үшін айқындалады.
5. Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде пилоттық ұйымның өтеуі тиіс амортизациялық шығыстардың сомасын (АШн ) есептеу реттілікпен мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:
1-қадам: аудиттелген қаржылық есептің теректері негізінде медициналық техника бойынша амортизациялық шығыстарды өтеу сомасын есептеу:
АШМТ = НЕМТАШ * ТҚК, мұндағы:
АШМТ - медициналық техника бойынша амортизациялық шығыстардың есептеу сомасы;
НЕМТАШ - аудиттелген қаржылық есептің деректері бойынша өткен жылғы медициналық техника бойынша нақты есептелген амортизациялық шығыстар;
ТҚК - ТМККК көрсету шеңберіндегі стационардың төсек қуаттылығының коэффициенті (консультациялық-диагностикалық қызметтер коэффициенті), ол ТМККК көрсету шеңберіндегі төсектер (консультациялық-диагностикалық қызметтер) санының пилоттық ұйым бойынша төсектердің (консультациялық-диагностикалық қызметтердің) жалпы санына арақатынасы ретінде айқындалады;
2-қадам: жанама түрде емдеу үдерісіне қатыстырылған негізгі құралдар бойынша амортизациялық шығыстарды өтеу сомасын есептеу аудиттелген қаржылық есептің деректері негізінде мынадай формула бойынша айқындалады:
АШЖНҚ = НЕЖНҚАШ * ТҚК, мұндағы:
АШЖНҚ - жанама түрде емдеу үдерісіне қатыстырылған негізгі құралдар бойынша амортизациялық шығыстарды өтеудің есеп айырысу сомасы;
НЕЖНҚАШ - аудиттелген қаржылық есептің деректері бойынша өткен кезеңдегі жанама түрде емдеу үдерісіне қатыстырылған негізгі құралдар бойынша нақты есептелген амортизациялық шығыстар;
3-қадам: пилоттық ұйым үшін ТМККК шеңберінде пайдаланылатын негізгі құралдар бойынша амортизациялық шығыстардың сомасын есептеу мынадай формула бойынша айқындалады:
АШ = АШМТ + АШЖНҚ , мұндағы:
АШ - аудиттелген қаржылық есептің деректері бойынша ТМККК шеңберінде пайдаланылатын негізгі құралдар бойынша амортизациялық шығыстардың есептеу сомасы;
4-қадам: Пилотты іске асыру кезеңінде өтелуі тиіс амортизациялық шығыстардың сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:
АШпилот = ΣАШб * Ктөтеу , мұндағы:
АШпилот - ағымдағы қаржы жылына арналған пилотты іске асыру кезеңінде өтелуі тиіс амортизациялық шығыстардың сомасы;
ΣАШб - пилотты іске асыру кезеңінде ағымдағы қаржы жылындағы барлық пилоттық ұйымдар үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бөлген амортизациялық шығыстардың сомасы;
Ктөтеу - амортизациялық шығыстарды өтеу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
Ктөтеу = АШ/ΣАШ, мұндағы:
ΣАШ - 3-қадамға сәйкес есептелген барлық пилоттық ұйымдар бойынша ТМККК шеңберіндегі қаржылық аудиттелген есептің деректері бойынша ТМККК шеңберінде пайдаланылатын негізгі құралдар бойынша амортизациялық шығыстардың жинақталған сомасы;
5-қадам. пилотты іске асыру шеңберінде өтелуі тиіс пилоттық ұйымның бір емделіп шығу жағдайына (бір консультациялық-диагностикалық қызметке) арналған амортизациялық шығыстарының сомасы мынадай формула бойынша есептеледі:
АШн = НСТ-К/Қ * ҚАШ , мұндағы:
АШн - пилотты іске асыру шеңберінде өтелуі тиіс пилоттық ұйымның бір емделіп шығу жағдайына (бір КДҚ-ға) есептегендегі амортизациялық шығыстарының сомасы;
НСТ-К/Қ - ТМККК шеңберінде емделіп шығу жағдайы өткізген төсек-күндердің (n түрлі көрсетілген консультациялық-диагностикалық қызметтердің) нақты саны;
ҚАШ - бір төсек-күн (бір консультациялық-диагностикалық қызмет) үшін амортизациялық шығыстарды өтеу құны, ол мынадай формула бойынша айқындалады:
ҚАШ = АШпилот / ЖСТ-К/Қ , мұндағы:
ЖСТ-К/Қ - әрбір пилоттық ұйым үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның консультациялық-кеңестік органының шешімі бойынша айқындалған бір жылдағы төсектің жұмыс істеу нормасын (бір жылдағы консультациялық-диагностикалық қызметтердің жоспарлы санын) есептегендегі бір жылдағы төсек-күндердің (консультациялық-диагностикалық қызметтердің) жоспарлы саны.
6. Пилотты іске асыру шеңберінде есепті кезеңдегі пилоттық ұйымның қаржыландыру көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
1) ТМККК шеңберінде стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын көмек көрсеткені үшін:
V пилот қаржы = Се.ж_i х Қкшт_пилот_i + … + Се.ж._i(n) х Қкшт_пилот_i(n) , мұндағы:
V пилот қаржы - КШТ бойынша бір емделіп шығу жағдайы үшін тариф бойынша ақы төлеу жүзеге асырылатын стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісі үшін кезекті жоспарлы кезеңге арналған қаржыландыру көлемі;
Қкшт_пилот_i - пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде КШТ-ның белгілі бір түріндегі (i) КШТ бойынша бір рет емделіп шығу жағдайының құны;
Се.ж_i - пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде есепті кезеңдегі пилоттық ұйымның КШТ-ның белгілі бір түріндегі (i) емделіп шығу жағдайларының саны;
2) ТМККК шеңберінде консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсеткені үшін:
Vкдқ_пилот = Скдқ_i х Қкдқ_пилот_i + …+ Скдқ_i(n) х Қкдқ_пилот_ i(n) , мұндағы:
Vкдқ пилот - пилотты іске асыру шеңберінде есепті кезеңдегі ТМККК шеңберінде консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсеткені үшін шығыстарды өтеу бойынша қаржыландыру көлемі;
Скдқ_i, Скдқ_i(n) - пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде i түріндегі консультациялық-диагностикалық қызметтердің саны;
Қкдқ_пилот i , Қкдқ_пилот i(n) - пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде i түріндегі бір консультациялық-диагностикалық қызметтің орташа есеп айырысу құны.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 234 бұйрығына 3-қосымша
Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің көрсетілген медициналық қызметтері үшін ақы төлеу қағидалары
1. Осы Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі - ТМККК) көрсетілген медициналық қызметтері үшін ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде бюджет қаражатының есебінен «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі қызметтерін көрсететін еншілес ұйымдарының амортизациялық шығыстарын (бұдан әрі - амортизациялық шығыстар) өтеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) есептік кезең - шарттық міндеттемелердің аяқталуына байланысты кезең қысқартылатын жылдағы соңғы айды қоспағанда, күнтізбелік бір айға тең (айдың бірінші күнінен бастап соңғы күніне дейін) уақыт кезеңі;
2) қаржы жылы - күнтізбелік жылғы 1 қаңтарда басталатын және 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт кезеңі;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;
4) пилоттық ұйымдар - тізбесін уәкілетті орган бекіткен «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-ның ТМККК көрсететін еншілес ұйымдары.
3. Пилоттық ұйымдарға ақы төлеуді бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарымен көзделген қаражаттың шегінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент):
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 11 ақпандағы № 77 бұйрығымен бекітілген Республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидаларына сәйкес ТМККК-нің көрсетілген медициналық қызметтері үшін;
2) осы Қағидалардың 5-8-тармақтарына сәйкес амортизациялық шығыстарды өтеу үшін жүзеге асырады.
4. Амортизациялық шығыстарды өтеу мақсатында Департамент Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларының 60-тармағының 6) тармақшасына сәйкес:
1) уәкілетті органның консультациялық-кеңестік органының хаттамалық шешімінің негізінде амортизациялық шығыстарды өтеуге бөлінген республикалық бюджеттің қосымша бюджет қаражатын орналастырады;
2) ТМККК көрсетуге арналған шартқа қосымша келісім жасасады.
5. Пилоттық ұйым есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың бір жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру және шығындарды жоспарлау әдістемесіне сәйкес есепті кезеңдегі амортизациялық шығыстардың сомасын есептеуді жүзеге асырады және «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-ға (бұдан әрі - Холдинг) келісімге жібереді.
6. Пилоттық ұйым Департаментке есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың үшінші күнінен кешіктірмей (желтоқсанда - 20-күнге дейін) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Холдингпен келісілген ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсеткені үшін амортизациялық шығыстарды өтеуге арналған шот (бұдан әрі - шот) ұсынады.
Ағымдағы жылғы қаңтар үшін шотты қалыптастыру:
1) өткен жылғы желтоқсандағы шот-тізілімге кірмеген емделіп шығу жағдайларының саны мен амортизациялық шығыстар бойынша;
2) ағымдағы жылғы қаңтардағы емделіп шығу жағдайларының саны мен амортизациялық шығыстар бойынша бөлек жүзеге асырылады.
7. Департамент есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың оныншы күнінен кешіктірмей (желтоқсан - 25 желтоқсанға дейін):
1) ұсынылған шоттың негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада, біреуі пилоттық ұйымға берілетін пилоттық ұйымдардың амортизациялық шығыстарын өтеуге арналған ТМККК шеңберінде көрсетілген орындалған жұмыстардың (қызметтердің) актісін (бұдан әрі - акт) қалыптастырады;
2) актінің негізінде ақы төлеуді жүзеге асырады.
8. Пилотты іске асыру шеңберінде есепті кезеңге ақы төлеуге ұсынылған емделіп шығу жағдайлары өткізген төсек-күндердің (консультациялық-диагностикалық қызметтердің) нақты саны есепті кезеңге уәкілетті органның консультациялық-кеңестік органының шешімі бойынша айқындалған төсек-күндердің (консультациялық-диагностикалық қызметтердің) жоспарлы санынан асқан жағдайда амортизациялық шығыстарды өтеу есепті кезеңге бөлінген қаражаттың шегінде жүзеге асырылады.
Амортизациялық шығыстарды өтеу сомасы ағымдағы қаржы жылындағы үдемелі қорытындысы бар нақты есептелген амортизациялық шығыстардың сомасынан аспауы тиіс.
Аудиттелген қаржылық есептің деректері бойынша өткен қаржы жылындағы жүргізілген амортизациялық шығыстарды өтеу сомасы өткен қаржы жылындағы нақты есептелген амортизациялық шығыстардың сомасынан асқан жағдайда айырмашылықты өткен қаржы жылынан кейінгі келесі жылғы 10 маусымға дейін Департамент асқан соманы ұстап қалу арқылы түзетуі тиіс.
Холдинг Департаментке өткен қаржы жылынан кейінгі келесі жылғы 15 мамырға дейін пилоттық ұйымдардың өткен қаржы жылындағы аудиттелген қаржылық есептерінің көшірмелерін ұсынады.
Пилоттық ұйым есепті кезеңдегі уәкілетті органның консультациялық-кеңестік органының шешімі бойынша айқындалған төсек-күндердің (консультациялық-диагностикалық қызметтердің) жоспарлы санына қол жеткізбеген жағдайда амортизациялық шығыстарды өтеу есепті кезеңдегі нақты өткізілген төсек-күндер бойынша (нақты көрсетілген консультациялық-диагностикалық қызметтер бойынша) жүзеге асырылады.
Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің көрсетілген медициналық қызметтері үшін ақы төлеу қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсеткені үшін амортизациялық шығыстарды өтеуге арналған ШОТ
20 ___ жылғы «___» _________ №_______
20 ___ жылғы «___» _________ бастап 20 ___ жылғы «___» _________ дейінгі кезең
20 ___ жылғы «___» _________ № ____ шарт бойынша
_____________________________________ бюджеттік бағдарламасы бойынша
_____________________________________ бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша
Еншілес ұйымның атауы: __________________________________________________________________________________
ақы төлеу клиникалық-шығындық топтар бойынша жүзеге асырылатын стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын медициналық көмек нысанындағы медициналық көмек көрсеткен кезде*:
р/с № |
Атауы |
Ақы төлеуге ұсынылды |
|
саны |
амортизациялық шығыстардың сомасы, теңге |
||
1 |
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емделіп шығу жағдайларының барлығы, адам |
|
х |
2 |
1 емделіп шығу жағдайының нақты орташа емделу ұзақтығы, төсек-күндер |
|
х |
3 |
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі төсек-күндердің нақты санының барлығы |
|
|
ақы төлеу медициналық қызмет тарификаторы бойынша жүзеге асырылатын консультациялық-диагностикалық көмек нысанындағы медициналық көмек көрсеткен кезде**:
Атауы |
Ақы төлеуге ұсынылды |
|
саны |
амортизациялық шығыстардың сомасы, теңге |
|
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі консультациялық-диагностикалық қызметтердің нақты санының барлығы |
|
|
Нақты есептелген амортизациялық шығыстардың сомасы
Негізгі құралдар бойынша есептелген амортизациялық шығыстардың сомасы |
оның ішінде |
Коэффициент*** |
ТМККК шеңберінде пайдаланылатын негізгі құралдар бойынша есептелген амортизациялық шығыстардың сомасы |
|
медициналық техника бойынша |
жанама түрде емдеу үдерісіне қатыстырылған негізгі құралдар бойынша |
|||
|
|
|
|
|
Еншілес ұйымның басшысы: _______________________ /_____________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) / қолы)
(қағаз тасымалдағыштағы шот-тізілім үшін)
Қаржы директоры: ____________________________ /________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) / қолы)
(қағаз тасымалдағыштағы шот-тізілім үшін)
Келісілді: «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқармасының төрағасы/төрағаның орынбасары:
_________________ /________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) / қолы)
(қағаз тасымалдағыштағы шот-тізілім үшін)
Мөрдің орны (қағаз тасымалдағыштағы шот үшін) 20 ___ жылғы «___» ___________
Ескертпе:
* Кесте «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ-дан басқа барлық еншілес ұйымдар бойынша пайдаланылады;
** Кесте «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ еншілес ұйымы бойынша пайдаланылады;
*** ТМККК көрсету шеңберіндегі төсек қуаттылығының (консультациялық-диагностикалық қызметтердің) коэффициенті.
Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің көрсетілген медициналық қызметтері үшін ақы төлеу қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Амортизациялық шығыстарды өтеуге арналған, денсаулық сақтау субъектісінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсеткен орындаған жұмыстарының (қызметтерінің) актісі
20 ___ жылғы «___» _________ №_______
20 ___ жылғы «___» _________ бастап 20 ___ жылғы «___» _________ дейінгі кезең
20 ___ жылғы «___» _________ № ____ шарт бойынша
_____________________________________ бюджеттік бағдарламасы бойынша
_____________________________________ бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша
Еншілес ұйымның атауы: ________________________________________________________________________________________________
Шарт бойынша амортизациялық шығыстардың жалпы сомасы ______________________ теңге
Үдемелі қорытындысымен ақы төлеген амортизациялық шығыстардың жалпы сомасы _____________ теңге
Есепті кезеңдегі ақы төлеген амортизациялық шығыстардың жалпы сомасы ______________________ теңге
1 төсек-күн (1 консультациялық-диагностикалық қызмет үшін) (көрсету) амортизациялық шығыстарды өтеу құны айына ________________ теңге
ақы төлеу клиникалық-шығынды топтар бойынша жүзеге асырылатын стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын медициналық көмек нысанындағы медициналық көмек көрсеткен кезде*:
р/с |
Атауы |
Ақы төлеуге ұсынылды |
Ақы төлеуге қабылданды |
||
саны |
амортизациялық шығыстардың сомасы, теңге |
саны |
амортизациялық шығыстардың сомасы, теңге |
||
1 |
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емделіп шығу жағдайларының барлығы, адам |
|
|
|
|
2 |
1 емделіп шығу жағдайының нақты орташа емделу ұзақтығы, төсек-күндер |
|
|
|
|
3 |
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі төсек-күндердің нақты санының барлығы |
|
|
|
|
ақы төлеу медициналық қызмет тарификаторы бойынша жүзеге асырылатын консультациялық-диагностикалық көмек нысанындағы медициналық көмек көрсеткен кезде**:
Атауы |
Ақы төлеуге ұсынылды |
Ақы төлеуге қабылданды |
||
саны |
амортизациялық шығыстардың сомасы, теңге |
саны |
амортизациялық шығыстардың сомасы, теңге |
|
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі консультациялық-диагностикалық қызметтердің нақты санының барлығы |
|
|
|
|
Ақы төлеуге қабылданғанның барлығы: __________________________________ теңге
Аударуға жиыны: ______________________________________________________ теңге
Тапсырыс беруші _________________________________ (атауы) Басшы ___________________ / __________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) / қолы) (қағаз тасымалдағыштағы акт үшін)
Мөрдің орны (қағаз тасымалдағыштағы акт үшін) |
Қызметтер беруші _________________________________ (атауы) Басшы ___________________ / __________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) / қолы) (қағаз тасымалдағыштағы акт үшін)
Мөрдің орны (қағаз тасымалдағыштағы акт үшін) |
Ескертпе:
* Кесте «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ-дан басқа барлық еншілес ұйымдар бойынша пайдаланылады
** Кесте «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ еншілес ұйымы бойынша пайдаланылады