• Мое избранное
Алуан түрлі экономикалық қызмет ұйымдарының жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру нормаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 4

Алуан түрлі экономикалық қызмет ұйымдарының жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 943 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12627 болып тіркелді

Редакция 20.06.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-бабының 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Алуан түрлі экономикалық қызмет ұйымдарының жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру нормалары бекiтiлсiн.
2. «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдары, жуу және дезинфекциялау материалдарын, сүт, емдеу-профилактикалық тағамын беру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 762 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12218 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
  • 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • 1
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
  • 1
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
КЕЛІСІЛДІ 
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________ Б. Сұлтанов
20__ жылғы 11 желтоқсан
  • 1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтiк
даму министрiнiң
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 943 бұйрығына
қосымша
Алуан түрлі экономикалық қызмет ұйымдарының жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру нормалары
Нормалар өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.10.2018 жылғы № 433 Бұйрығымен (19.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Нормалар өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 02.06.2020 жылғы № 209 Бұйрығымен (11.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Word  форматындағы нормалары қараңыз
Жалғасын WORD форматында қараңыз