Toggle Dropdown
"Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 620 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12604 болып тіркелді
1. «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 тамызда «Егемен Қазақстан» № 332-333 (26176) газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында:
7-тармақтың екінші бөлігінде:
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1041 - «Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ», мұнда Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемелер демеушілік, қайырымдылық көмектен алатын ақшаның түсімі мен оның жұмсалуы есепке алынады;»;
отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1093 - «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің пайдалану үшін трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады, олар жалпы сипаттағы трансферттерге, нысаналы ағымдағы трансферттерге, нысаналы даму трансферттеріне, жеке тұлғаларға берілетін трансферттерге бөлінеді;»;
9-тармақтың он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1216 - «Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуге трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», мұнда республикалық бюджеттен халыққа төлеу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің зейнетақыларды және жәрдемақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, жерлеу үшін жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер) бөлінген қаражаттар қозғалысы есепке алынады.»;
10-тармақтың екінші бөлігінде:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1311 - «Құрылыс материалдары», мұнда құрылыс және монтаждау жұмыстары үдерісінде пайдаланылатын құрылыс материалдары есепке алынады. Құрылыс материалдарына силикат материалдары (цемент, керамзит, әк, кірпіш, қыш), күйдірілетін материалдар (қожды, керамзиттік, қыш), құрғақ құрылыс қоспалары, құрылыс металы (темір, қаңылтыр, болат, табақталған мырыш), құм, қиыршық, тас, шығылым, елек, ұсақ тас, құрылыс металы (арматура, рябица торкөзі), металл бұйымдар (шегелер, гайкалар, болттар, құрсаулау бұйымдары), шыны, пластмасса, пластикалы металл, санитариялық-техникалық материалдар (крандар, муфталар, үштіктер), су жүргізу, кәріз, жылыту, газ үшін құбырлар және монтаждау және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары кезінде пайдаланылатын басқа да материалдар), электротехникалық материалдар (кабель, шамдар, патрондар, роликтер, сымдар, сақтандырғыш тетіктер, оқшаулағыштар), химиялық-малу (бояу, кендір май, қарақағаз), органикалық материалдар (битумды және қарамайлы созылмалы заттар, эмульсиялар) және басқа осыған ұқсас материалдар жатады;»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1313 - «Дәрі-дәрмектер және байлап-таңу құралдары», мұнда шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшелігі бойынша қаржыландыру жоспарында қаржы бөлу көзделген емдеу-алдын алу және емдеу-мал дәрігерлік және басқа мемлекеттік мекемелердегі дәрі-дәрмектер, құрамдық заттар, бактериялық препараттар, сарысулар, екпелер, қан, байлап-таңу құралдары, термометрлер, тонометрлер, өзге дәрілік құралдар және медициналық мақсаттағы бұйымдар есепке алынады. Бұл қосалқы шотта сондай-ақ өз дәріханалары бар медициналық мекемелердегі қосымша және дәрі жасайтын материалдар есепке алынады;»;
жетінші және сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1315 - «Отын, ЖЖМ», мұнда қоймаларда немесе қорларда (май, тасол және өзге материалдар), сондай-ақ тікелей материалды жауапты адамдарда сақталған отынның, жанар және жағар майлардың барлық түрлері (ағаш, көмір, шымтезек, бензин, керосин, мазут, қарамай, автол, тосол, нигрол, литол, антифриз, тежегіш сұйықтығы және басқа жанар-жағар май материалдары), оның ішінде жанар және жағар май материалдарына арналған төленген талондар есепке алынады;
1316 - «Шаруашылық материалдары және кеңсе жарақтары», мұнда шаруашылық материалдары, электр желілік фильтрлер, ұзартқыштар, шыныдан немесе басқа сынатын материалдан жасалатын ыдыс, пышақтар, шанышқылар, қасықтар, гүл құмыралары, резеңке кілемшелер және кеңсе жарақтары, сондай-ақ қағаздарға арналған жайма, пластик қоржындар, органайзер, басшының үстел үсті жинағы, айналар, калькуляторлар, электр шәйнектері мен су қайнатқыштар, шелектер (пластмасса, алюминий, мырышталған, қаңылтыр), қысқаш, балға, күректер, швабралар (ағаштан, пластмассадан жасалған), балшықтан қорғайтын, жол төсеніштер, портфельдер, есепке алынады;»;
он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«спорт киімдері және аяқ-киім және өзге де жеке қолдану заттары;
1318 - «Қосалқы бөлшектер», мұнда машиналарда (медициналық, электронды есептеу), жабдықтарда, тракторларда, комбайндарда, көлік құралдарында (моторлар, қақпақтарды қосатын автокөліктік шиналар, камералар, жиек ленталары) тозған бөлшектерін ауыстыру және жөндеу үшін арналған қосалқы бөлшектер есепке алынады;
1319 - «Өзге материалдар», мұнда құнына қарамастан барлық жануарлар түрлерінің төлдері және бордақылаудағы малдар, құстар, көжектер, мамық терілі аңдар, малға және басқа жануарларға арналған шөп, пішен, сұлы және басқа да жем түрлері, егілетін материалдар, тұқымдар, тыңайтқыштар, егер мемлекеттік мекемелерде жұмыс жылқылары болса, төлі (құлындары), сондай-ақ қайтарылатын немесе ауыстырылатын ыдыс (күбілер, бидондар, жәшіктер, шыны банкілер, шөлмектер және басқа да ыдыс), ақпаратты техникалық тасығыштар (флеш-карталар, дискілер, дискеттер, токендер), компьютерлік тінтуірлер, клавиатуралар, спорт іс-шараларын жүргізуге арналған тауарлар (шайбалар, доптар, шахматтар, дойбылар, үстел үсті теннисіне арналған жинақтар, бадминтонға арналған жинақтар, арнаулы шаңғылар) балалар ойындары, балалар ойындары, жалюздер, қызметтік иттерге арналған керек-жарақ, орны толтырылатын шығындары жүктеме шығыстардың құрамында құрылыс-монтаждау жұмыстарының өзіндік құнына жатқызылатын уақытша (атаусыз) құрылыстар, қосалқы жайлар мен қондырғылар, тамақтануға төленген талондар, демалыс үйлеріне, санаторийлерге, туристік базаларға төленген жолдамалар, почта аударымдарына алынған хабарламалар, почталық маркалар мен мемлекеттік баж маркалары, еңбек кітапшаларының бланкілері және алдыңғы қосалқы шоттарда қамтылмаған басқа да материалдар есепке алынады;»;
16-тармақтың екінші бөлігінде:
жиырма екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«компьютерлік жабдықтар - дербес компьютерлер, процессорлар, іркіліссіз қорек көздері, мониторлар, принтерлер, сканерлер және басқа компьютерлік жабдықтар;»;
жиырма бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«өзге машиналар мен жабдықтар - жоғарыдағы топтарда аталмаған машиналар, аппараттар мен басқа да жабдықтар. Өзге машиналар мен жабдықтарға мыналар жатады: стадиондардың, спорт алаңдарының және спорт жайларының жабдықтары (оның ішінде спорт снарядтары), оқу орындарындағы кабинеттер мен зертханалардың жабдықтары, киноаппаратура, жарық беретін аппаратура, сахна жабдықтары, саз аспаптары, теледидарлар, таспалар, бейне камералар, ұялы байланыс аппараттары, пейджерлер, радиоаппаратура, ғылыми-зерттеу мемлекеттік мекемелерінің мен ғылыми жұмыспен айналысатын басқа да ұйымдардың арнайы жабдықтары, АТС жабдықтары, механикалық өрт сөндіру сатылары, кір жуатын және тігін машиналары, тоңазытқыштар, шаңсорғыштар, ауа баптағыштар, қысқа толқынды пештер және басқа машиналар мен жабдықтар, бейнетіркегіштер, автодабылдағыштар, бағыттағыштар;»:
жиырма тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«аспаптар - механикаландырылған және механикаландырылмаған жалпы сипаттағы еңбек құралдары, сондай-ақ машиналарға бекітілген, материалдарды өңдеу үшін қолданылатын заттар. Оларға электр энергиясының, қысылған ауаның көмегімен жұмыс істейтін қолға ұстайтын механикаландырылған құралдарды (электродрелдер, бояу бүріккіштер, электр тітіркеткіштер, гайка бұрағыштар) қоса алғанда қол еңбегінің кесетін, ұратын, қысатын және тығыздайтын құралдары, сондай-ақ материалдарды өңдеуге, монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған құралдар (қыспақтар, патрондар, бөлгіш тығындар, қозғағыштарды орнатуға және автомобильдердегі кардан біліктерін айналдыруға арналған құралдар);»;
отыз бірінші және отыз екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«шаруашылық мүкәммал - кеңсе керек-жарақтары (қабырғалық жиһаз, гарнитуралар, құрамалы жиһаздар, тумбалар, демалыс бұрышы), жылжытпалы тосқауылдар, ілгіштер, гардеробтар, әр түрлі шкафтар, дивандар, үстелдер, орындықтар, креслолар, кітап сөрелері, жанбайтын шкафтар мен жәшіктер, сейфтер, гектографтар, шапирографтар мен басқа да қолға ұстайтын көбейткіш және нөмірлегіш аппараттар, телефон аппараттары, желдеткіштер, жылжытпалы киіз үйлер, шатырлар (оттегілерінен басқа), кереуеттер (арнайы жабдығы бар кереуеттерден басқа), кілемдер, портъерлер, терезеге арналған торлар және басқа да шаруашылық мүкәммал, сондай-ақ өртке қарсы мақсаттағы заттар - гидропульттер, стендтер, қол сатылар;
басқа да өндірістік және шаруашылық мүкәммал - рамадағы картиналар, қола мүсіндер (бюсттер), мраморлы вазалар, шамдар (люстралар, бра), мемлекеттік рәміздер, тифлоқұралдар мен сурдоқұралдар, көрнекілік насихаттау стендтері;»;
қырық екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«өзге мүкәммал, су диспенсерлері, эмальді шелектер, кастрюльдер, табалар;»;
37-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы кіші бөлім мынадай шотты қамтиды:
5010 - «Күрделі салымдарды қаржыландыру».
Осы шот мынадай қосалқы шотты қамтиды:
5012 - «Күрделі салымдарды сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар есебінен қаржыландыру» мемлекеттік бюджеттен бөлінген күрделі салымдарды сыртқы қарыздар мен байланысты гранттардың есебінен қаржыландыруды есепке алуға арналған.»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. 6000 «Айырбас емес операциялардан алынатын кірістер» кіші бөлімі айырбас емес операциялардан алынған кірістерді (баламалы құнына айырбастау ретінде тікелей берместен алынған кірістерді) есепке алуға арналған. Осы кіші бөлім мынадай шоттарды қамтиды:
6010 - «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер», республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша, басқа бюджеттер есебінен жеке қаржыландыру жоспары бойынша мемлекеттік мекемені ұстауға және оның ағымдағы қызметіне арнап алынған қаржыландырудан түсетін кірісті тануға арналған;