«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 2), 5), 11) тармақшаларына, 17-бабының 4-тармағына және 28-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 19 сәуірінен бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 21.02.2017 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес
Редакция 13.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 2), 5), 11) тармақшаларына, 17-бабының 4-тармағына және 28-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары;
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 13.12.2016 жылғы № 85 Бұйрығымен (22.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Мемлекеттік қызмет департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі Т.Донақов
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына 4-қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының ТІЗБЕСІ
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығы (Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 8380 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды өткізу туралы хабарландырулар жарияланатын мерзімді баспасөз басылымдарын анықтау туралы» 2013 жылғы 26 маусымдағы № 06-7/92 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 8535 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 17 шілдеде № 172 (28111) жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 06-7/179 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 9076 тіркелген, «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 04 ақпанда жарияланған).
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 04-2-4/7 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 9112 тіркелген, «Егемен Қазақстан» 05.02.2014 ж. № 24 (28248); Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі 03.03.2014 ж. жарияланған)
5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 10080 тіркелген, «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 ақпанда жарияланған).
6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 22 маусымдағы № 189 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 11756 тіркелген, «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 тамызда жарияланған).
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |