• Мое избранное
Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 11.08.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1176 қаулысы

Осы Қаулы 2023 жылғы 11 тамыздан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.07.2023 жылғы № 620 Қаулысына сәйкес 
Редакция 08.11.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.04.2021 жылғы № 245 Қаулысына сәйкес (29.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2022 жылғы № 850 Қаулысына сәйкес (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге  төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2015 жылғы 31 желтоқсандағы
 № 1176 қаулысымен
 бекітілген
Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібі 
Нақты шығындардың мөлшері
1. Сұрау салынатын құжаттардың және (немесе) материалдардың көшірмелерін жасауға жұмсалатын шығындарды ақпарат пайдаланушы мынадай мөлшерде төлейді:
сұрау салынатын ақпарат А4 пішімінде ұсынылған жағдайда – сұрау салынатын ақпараттың әрбір парағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 0,1 %-ы;
сұрау салынатын ақпарат А3 пішімінде ұсынылған жағдайда – сұрау салынатын ақпараттың әрбір парағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 0,2 %-ы;
сұрау салынатын ақпарат А2 немесе А1 пішімдерінде ұсынылған жағдайда – сұрау салынатын ақпараттың әрбір парағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 2 %-ы;
сұрау салынатын ақпарат А0 пішімінен асатын пішімде ұсынылған жағдайда – сұрау салынатын ақпараттың әрбір парағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 5 %-ы.
Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеу тәртібі
2. Ақпарат иеленуші меншік нысанына қарамастан, сұрау салынатын ақпаратты осы қаулының талаптарын ескере отырып, өзінде бар құжаттар және (немесе) материалдар көлемінде және пішімінде ұсынады.
3. Ақпарат иеленуші 1-тармаққа сәйкес нақты шығындардың құнын есептейді және ақпарат пайдаланушыға белгіленген тәртіппен алынған сұраудың тіркелген күнінен бастап 7 жұмыс күн ішінде шот ұсынады.
Бұл ретте ақпарат иеленуші: 
1) сұрау салынатын құжаттың және (немесе) материалдың көлемі мен пішімін;
2) сұрау салынатын құжаттардың және (немесе) материалдардың көшірмелерін жасауға жұмсалған шығыстар мөлшерін;
3) сұрау салынатын ақпаратты ұсыну үшін төлемді аударуға төлем құжатын толтыру үшін қажетті ақпаратты;
4) сұрау салынатын ақпаратты ұсыну үшін ақпарат пайдаланушының төлемді енгізуінің он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімін көрсетеді.
4. Ақпарат иеленуші мемлекеттік орган немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме болған жағдайда, ақпаратты пайдаланушы ақпаратты ұсыну үшін төлемді 2-тармаққа сәйкес мемлекеттік бюджетке аударуды жүзеге асырады.
5. Ақпарат иеленуші квазимемлекеттік сектор субъектісі, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушы болып табылса, сондай-ақ егер ақпарат заңды тұлғалардан, оларға мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға, олардың иелігіндегі экологиялық ақпаратқа, төтенше жағдайлар туралы, табиғи және техногендік апаттар, олардың болжамдары мен салдары, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық ахуал, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы ақпаратқа және азаматтардың елді мекендермен өндіріс объектілерінің амандығы қауіпсіздігіне қамтамасыз етуге кері әсері бар басқа да факторларға, сондай-ақ мемлекеттік монополия субъектілерімен өндіретін (өткізетін), тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына қатысты бөлікте сұратылған жағдайда ақпарат пайдаланушы 2-тармаққа сәйкес ақпарат иеленушінің шотына ақпарат бергені үшін төлемді аударуды жүзеге асырады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.08.2020 жылғы № 533 Қаулысына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.04.2021 жылғы № 245 Қаулысына сәйкес (29.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
6. Ақылы негізде берілетін ақпарат 2-тармақтың талаптарына сәйкес көрсетілген ақпараттың ұсынылғаны үшін ақпарат пайдаланушы төлем жүргізгеннен және ақпаратты иеленушіге төленгенін растайтын төлем құжаты ұсынылғаннан кейін жолданады (беріледі).
Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға және басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібі
7. Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеуден мынадай әлеуметтік осал топтарға жататын ақпарат пайдаланушылар босатылады:
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.03.2021 жылғы № 169 Қаулысымен (24.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2022 жылғы № 850 Қаулысына сәйкес (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері және Ұлы Отан соғысы кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адамдар;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және Ұлы Отан соғысы кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар;
3) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
4) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде көрсетілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
6) жасы бойынша зейнеткерлер;
7) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, кәмелеттік жасқа дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған балалар (мұндай адамдар әскери қызметке шақыру кезінде жасы жедел әскери қызметті өткеру мерзіміне ұзартылады);
8) қандастар;
9) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
10) көп балалы отбасылар;
11) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару, әскери қызметте, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру, адам өмірін құтқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза болған (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
12) толық емес отбасылар.
8. 7-тармақта көрсетілген ақпаратты пайдаланушылар ақпарат иеленушіге тиісті мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынған кезде төлемнен босатылады.
9. Тиісті мәртебені растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі 3-тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген мерзімнен аспауы қажет.