Toggle Dropdown
6
Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу, бекіту және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 927 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12534 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 16.04.2023 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу, бекіту және қайта қарау қағидалары бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтiк
даму министрiнiң
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 927 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
2
Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу, бекіту және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу, бекіту және қайта қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 16-бабының 31) тармақшасына сәйкес әзірленген және жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу, бекіту және қайта қарау тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулығы (бұдан әрі – Нұсқаулық) өндірістік үй-жайларда, кәсіпорын аумағында, құрылыс алаңдарында, көлік құралдарында және осы жұмыстар жүргізілетін не қызметтік міндеттер орындалатын ұйымның басқа жерінде жұмыстарды орындау кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманың қолданылуын нақтылайтын жұмыс берушінің актісі болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу
Toggle Dropdown
3. Нұсқаулықты жұмыс беруші жұмыс берушінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлер өкілдерінің қатысуымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман (бұдан әрі – жауапты тұлға) жасаған тізбеге сәйкес, учаскедегі, цехтағы, қызметтегі, зертханадағы және жалпы ұйымдағы әрбір кәсіп үшін, сондай-ақ жеке жұмыс түрлері (биіктегі жұмыс, сынақтар) мен жұмыс орындарына да әзірлейді.
Toggle Dropdown
Нұсқаулықты әзірлеуді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми мекемелер мен оқу орталықтарының мамандары жұмыс берушінің (ұйымның) өтінімі бойынша шарттық негізде жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
4. Тізбе қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы мен Қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын есепке ала отырып бекітілген жұмыс берушінің штат кестесінің негізінде жасалады. Жасалған тізбені жұмыс беруші немесе өзге уәкілетті адам бекітеді және ол барлық құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.
Toggle Dropdown
5. Нұсқаулық жабдықты өндіруші зауыттардың пайдалану және жөндеу құжаттамасында, сондай-ақ жұмыс берушінің технологиялық құжаттамасында баяндалған қауіпсіздік талаптары мен өндіріс жағдайларын ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтердің негізінде әзірленеді.
Toggle Dropdown
6. Нұсқаулықты әзірлеуге қажетті дайындық жұмысы:
Toggle Dropdown
1) технологиялық процесті зерделеу, оның қалыпты ағымы мен қалыпты режимнен ауытқыған кезінде пайда болатын қауіпті және зиянды өндірістік факторларды анықтау, сондай-ақ аталған факторлардан қорғану шаралары мен құралдарын анықтаудан;
Toggle Dropdown
2) қолданыстағы жабдықтардың, құрал-саймандар мен құрылғылардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестілігін айқындаудан;
Toggle Dropdown
3) нұсқаулықты әзірлеу барысында қолданылатын еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселесі жөніндегі материалдарды жинаудан;
Toggle Dropdown
4) тиісті жұмыстарды орындау барысында пайдаланылатын қорғаныш құралдарының конструктивті ерекшеліктері мен тиімділігін зерделеуден;
Toggle Dropdown
5) ақпараттық хаттарды зерделеуден;
Toggle Dropdown
6) өндірістік жарақаттанудың, авариялық жағдайлардың және осы кәсіп (жұмыс түрлері) үшін кәсіптік аурулардың себептеріне талдау жүргізуден;
Toggle Dropdown
7) жұмыстың қауіпсіз әдіс-тәсілдерін, олардың реттелігін, сондай-ақ Нұсқаулыққа енгізілуге тиіс техникалық және ұйымдастырушылық іс-шараларды айқындаудан;
Toggle Dropdown
8) Кодекстің 6 және 7-тарауларына сәйкес жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимін айқындаудан тұрады.
Toggle Dropdown
7. Іске қосылып жатқан жаңа өндірістер, технологиялар немесе жабдық үшін объектіні мемлекеттік қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдағанға дейінгі мерзімге әзірленген нұсқаулықтар қолданылады.
Toggle Dropdown
3. Нұсқаулықтың мазмұны
Toggle Dropdown
8. Нұсқаулықтың әрқайсысына тиісті атау беріледі. Атауда оның қандай кәсіпке немесе жұмыс түріне арналғандығы қысқаша көрсетілуге тиіс.
Toggle Dropdown
9. Нұсқаулық технологиялық процестің қысқаша сипаттамасынан тұрады және еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру мәселелерін жан-жақты қамтиды.
Toggle Dropdown
10. Нұсқаулықтың талаптары технологиялық процестің реттілігіне сәйкес, осы жұмыстың орындалу жағдайларын есепке ала отырып көрсетілуге тиіс:
Toggle Dropdown
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жалпы талаптары;
Toggle Dropdown
2) жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары;
Toggle Dropdown
3) жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары;
Toggle Dropdown
4) авариялық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары;
Toggle Dropdown
5) жұмыс аяқталғандағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары.
Toggle Dropdown
11. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жалпы талаптары» деген бөлімде:
Toggle Dropdown
1) тұлғаларға кәсібі бойынша жұмыстарын өздігінен орындауға немесе тиісті жұмысты орындауға рұқсат берудің шарттары (жас, жыныс, денсаулық жағдайы, нұсқама жүргізу);
Toggle Dropdown
2) еңбек тәртіптемесінің қағидаларын сақтау қажеттігі туралы нұсқаулар;
Toggle Dropdown
3) еңбек және тынығу режимін орындау жөніндегі талаптар;
Toggle Dropdown
4) жұмыскерге әсер ететін қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың сипаттамасы;
Toggle Dropdown
5) оларда мемлекеттік, салалық стандарттар белгілері мен оларға техникалық шарттарды көрсете отырып, осы кәсіп үшін арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын берудің нормалары;
Toggle Dropdown
6) өрт және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар;
Toggle Dropdown
7) жұмыскер жұмысты орындау барысында сақтауға тиіс жеке бас гигиенасы талаптары көрсетіледі.
Toggle Dropdown
12. «Жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары» деген бөлімде:
Toggle Dropdown
1) жұмыс орнын, жеке қорғаныш құралдарын дайындау тәртібі;
Toggle Dropdown
2) жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың, қоршау, дабылдағыштың, блокталған және басқа да құрылғылардың, қорғаушы жерге тұйықтаудың, желдетудің және жергілікті жарықтандырудың жарамдылығын тексеру тәртібі;
Toggle Dropdown
3) бастапқы материалдардың (жартылай фабрикаттар, дайындамалар) бар болуын және жай-күйін тексеру тәртібі;
Toggle Dropdown
4) үздіксіз жұмыс жағдайында ауысымды қабылдау тәртібі;
Toggle Dropdown
5) өндірістік санитария талаптары көрсетіледі.
Toggle Dropdown
13. «Жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары» деген бөлімде:
Toggle Dropdown
1) жұмысты қауіпсіз орындау әдістері мен тәсілдері, технологиялық жабдықты, құрылғылар мен құрал-саймандарды пайдаланудың талаптары;
Toggle Dropdown
2) бастапқы материалдарды (шикізат, дайындамалар, жартылай фабрикаттар) ұстау қауіпсіздігінің талаптары;
Toggle Dropdown
3) көлік құралдарын, техникалық құрылғылар, ыдысты және жүк көтергіш механизмдерді қауіпсіз пайдалану талаптары;
Toggle Dropdown
4) жұмыс орнын қауіпсіз ұстау жөніндегі нұсқаулар;
Toggle Dropdown
5) нормативтік технологиялық режимнен ауытқудың негізгі түрлері және оларды жою әдістері;
Toggle Dropdown
6) авариялық жағдайларды болдырмауға бағытталған әрекеттер;
Toggle Dropdown
7) жұмыскерлердің қорғаныш құралдарын пайдалану талаптары көрсетіледі.
Toggle Dropdown
14. «Авариялық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары» деген бөлімде:
Toggle Dropdown
1) авариялық немесе жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін жағдайлар пайда болған кездегі жұмыскерлердің әрекеттері;
Toggle Dropdown
2) жарақаттанған, уланған және кенеттен ауырға кезде зардап шегушілерге медициналық көмек көрсету бойынша әрекеттер;
Toggle Dropdown
3) жұмыс берушіні жұмыскердің жарақаттану оқиғалары және жабдықтың, құрылғы мен құрал-сайманның жарамсыздығы туралы хабардар ету тәртібі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
15. «Жұмыс аяқталғандағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары» деген бөлімде:
Toggle Dropdown
1) жабдық, құрылғылар, машиналар, механизмдер және аппаратураларды қауіпсіз сөндіру, тоқтату, бөлшектеу, тазалау және майлаудың тәртібі, ал үздіксіз процесс кезінде – оларды ауысым бойынша беру тәртібі;
Toggle Dropdown
2) жұмыс орнын тапсыру тәртібі;
Toggle Dropdown
3) өндіріс қалдықтарын тазалау тәртібі;
Toggle Dropdown
4) жеке бас гигиенасы мен өндірістік санитарияны сақтау талаптары;
Toggle Dropdown
5) жұмыс уақытында анықталған барлық кемшіліктер туралы жұмыс берушіні хабардар ету тәртібі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
16. Нормативтік құқықтық актілерге сілтемелерді қолдану қажет болған кезде, бұл нормативтік құқықтық актілердің талаптары нұсқаулықтарда баяндалады.
Toggle Dropdown
4. Нұсқаулықты бекіту және қайта қарау
Toggle Dropdown
17. Нұсқаулықтарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе жауапты тұлға және басқа мүдделі құрылымдық бөлімшелер, лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлер өкілдері келіскеннен кейін жұмыс беруші бекітеді.
Toggle Dropdown
18. Бекітілген Нұсқаулықтарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе жұмыс берушінің жауапты адамы Нұсқаулықтарды есепке алу журналында есепке алады.
Toggle Dropdown
19. Мамандықтар мен жұмыс түрлері бойынша Нұсқаулықты қайта қарау 3 жылда бір реттен сирек емес жүргізіліп тұрады.
Toggle Dropdown
Нұсқаулықтар мынадай жағдайларда мерзімінен бұрын қайта қарауға жатады:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, мемлекеттік стандарттары және нормативтік құқықтық актілері өзгертілгенде;
Toggle Dropdown
2) жаңа техника мен технология енгізілгенде;
Toggle Dropdown
3) өндірістегі жазатайым оқиғалар, авариялар мен апаттарды тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша.
Toggle Dropdown
Қайта қарау нәтижелері бойынша Нұсқаулықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі анықталады.
Toggle Dropdown
20. Егер осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген мерзім ішінде жұмыскерлердің еңбек жағдайлары өзгермесе, Нұсқаулықтың қолданылуы келесі мерзімге ұзартылады, бұл туралы Нұсқаулықтың бірінші бетінде жазылады («Қайта қаралды» мөртабаны, Т.А.Ә (бар болса), күні және Нұсқаулықты қайта қарауға жауапты адамның қолы қойылады).