Toggle Dropdown
3
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, отандық өңделген тауарлардың, сондай-ақ оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12720 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 21.12.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 102-бабы 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1
1. Бекітілсін:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес оларды ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес оларды ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін отандық ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесі.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
Toggle Dropdown
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
1
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
Toggle Dropdown
1
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшарында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға таралады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы «___» ______________
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы «___» ______________
Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2015 жылғы
30 қарашадағы № 1128
бұйрығына 1-қосымша
Toggle Dropdown
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 102-бабы 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларына сәйкес әзірленді және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Шығындардың бір бөлігін өтеу отандық өңделген тауарларды өндіретін индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне (не оның еншілес компаниясына, өндірілген өнімді өткізетін ресми өкілге (дистрибьютерге/трейдерге) немесе ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне немесе ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсететін (бұдан әрі – өтініш беруші) оларды ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлар мен ақпараттық-коммуникациялық қызметтер тізбесі негізінде және осы мақсаттарға ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
3. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, әскери және аэроғарыштық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілерді, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлер, сондай-ақ өздеріне қатысты тарату, оңалту немесе банкроттық рәсімдері басталған өтініш берушілер, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатыла тұрған кәспкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі өтініш берушілер мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланбайды.
Toggle Dropdown
4. Өтініш беруші индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігінің өтемін алуға өтінім береді (бұдан әрі - өтінім) және оған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды, ақпаратты, бастапқы деректерді, есептерді, негіздемелерді қоса береді. Өтінім экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институтына (бұдан әрі – Оператор) веб-портал арқылы электрондық түрде ұсынылады еxport.gov.kz (бұдан әрі-веб-портал) арқылы «PDF (Portable Document Format) (Портейбл Документ Формат)» электрондық форматында өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның (бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растайтын құжат болған кезде) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі
Toggle Dropdown
5. Өтініш берушінің отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу мынадай түрлер бойынша жүргізіледі:
Toggle Dropdown
1) шетелде тауарларды жарнамалауға байланысты шығындар:
Toggle Dropdown
бұқаралық ақпарат құралдары (баспа, теледидар, радио, интернет-ресурстар), мамандандырылған және жарнамалық журналдар мен каталогтар арқылы шетелдегі жарнамаға;
Toggle Dropdown
шетелдегі қоғамдық орындардағы жарнамаға (баннерлер, кермелер, лайт-бокстар, аудио-бейнероликтерді трансляциялау, көлік құралдарының сыртқы беттеріндегі жарнама), қоғамдық көлік салондарындағы жарнама;
Toggle Dropdown
осы мақсаттарға арналған аудио-бейнероликтер мен жарнамалық материалдарды дайындауға, жарнамалық құрылымдар мен беттерді жалға алуға;
Toggle Dropdown
2) шетелдік көрмелерге, форумдарға, жәрмеңкелерге, конкурстарға, Конгрестерге тікелей қатысуға арналған шығындар (оның ішінде онлайн форматта):
Toggle Dropdown
тіркеу жарнасын төлеуге және іс-шара шеңберінде жекелеген жабық сессияларға қатысқаны үшін қосымша жарналар;
Toggle Dropdown
көрме алаңдарын жалға алуға;
Toggle Dropdown
көрме стендтерін, қосымша жабдықтарды дайындауға (жалға алуға), монтаждауға, демонтаждауға;
Toggle Dropdown
көрме алаңдарын әзірлеуге, жобалауға және ресімдеуге;
Toggle Dropdown
жарнамалық-үлестірме материалдарды әзірлеуге, жобалауға, аударуға және дайындауға;
Toggle Dropdown
көрмелерге, форумдарға, жәрмеңкелерге, конкурстарға, конгрестерге қатысатын өтініш берушінің 2 (екі) қызметкері экономикалық сыныбымен ұшуға;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы қаулысымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарлар бойынша шығыстарды өтеу қағидаларына сәйкес №256 өтініш берушінің 2 (екі) қызметкерінің бес күннен аспайтын мерзімге шетелдік көрмелерге, форумдарға, жәрмеңкелерге, конкурстарға, конгрестерге қатысатын өтініш берушілердің қызметкерлеріне қонақ үй нөмірлерін жалдау жөніндегі шығыстарды өтеудің шекті сомасынан аспайтын мөлшерде осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген АҚШ долларымен және еуромен (бір қызметкерге тәулігіне) тұруына;
Toggle Dropdown
3) шетелде тарату үшін мамандандырылған каталогты әзірлеуге, шет тілдеріне аударуға және басып шығаруға байланысты шығындар;
Toggle Dropdown
4) шетелде филиалдарды, өкілдіктерді, сауда алаңдарын, қойманы және сауда сөрелерін ұстауға арналған шығындар:
Toggle Dropdown
офистік үй-жайларды жалға алуға, қосалқы жалдауға ақы төлеуге;
Toggle Dropdown
сауда алаңдары мен қойманы жалға алуға, қосалқы жалға алуға ақы төлеуге;
Toggle Dropdown
сауда сөрелерін жалға алу төлеміне;
Toggle Dropdown
5) тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізуге арналған шығындар:
Toggle Dropdown
шетелде тауарлық белгілер (бренд);
Toggle Dropdown
электрондық сауда алаңдарында;
Toggle Dropdown
6) шетелде айрықша құқықтар объектілерін (франчайзинг) пайдалануға рұқсат алу рәсімдерін жүргізуге байланысты шығындар;
Toggle Dropdown
7) өтініш берушінің шетелдік сертификаттаудан, аккредиттеуден, инспекциясынан өтуіне байланысты шығындар (сертификаттау, аккредиттеу, инспекциялау рәсімінен оң өткен және сертификат не растайтын құжат болғанда);
Toggle Dropdown
8) тауарлардың ұйым стандарттарын қоса алғанда, техникалық регламенттерде, стандарттарда белгіленген талаптарға немесе шарттардың талаптарына сәйкестігін растау рәсімдеріне немесе тауарларды шетелде өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығын растауға байланысты іс-шараларды жүргізуге арналған шығындар (сертификаттар, рұқсаттар, тіркеу куәліктері), сондай-ақ сертификаттау рәсімінен өту үшін өнімнің сынама үлгілерін сынау пунктіне дейін жеткізу кезінде және кері қарай келтірілген шығындар (сертификат);
Toggle Dropdown
9) автомобиль, теміржол, әуе, теңіз көлігімен тасымалдау жөніндегі және тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге және тауарларды жеткізуге байланысты шығындар.