• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 12.07.2022 г

Отправить по почте

Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 1212 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12619 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 12 шілдесінен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.06.2022 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 09.11.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 23) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаменті (Б.Т. Бекенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_______________ А. Мамытбеков
2015 ж. 18 желтоқсан
 
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_______________ А. Сәрінжіпов
2015 ж. 19 желтоқсан
 
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
_______________ Т. Дүйсенова
2015 ж. 21 желтоқсан
 
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Б. Сұлтанов
2015 ж. 22 желтоқсан
 
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 ж. 23 желтоқсан
 
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_______________ В. Школьник
2015 ж. 24 желтоқсан
 
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 2015 жылғы 18 желтоқсандағы
 № 1212 бұйрығымен
 бекітілді
Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2016 жылғы № 873  Бұйрығына сәйкес (18.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) аумақтық кластер – түпкі немесе аралық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілерді, жиынтықтаушыларды, мамандандырылған көрсетілетін қызметтерді берушілерді, өндірістік және өзге де жабдықтарды өндірушілерді, мамандандырылған инфрақұрылымды жеткізушілерді, ғылыми және зерттеу ұйымдарын, жоғары білім беру ұйымдарын, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын және белгілі бір салалық мамандануы бар басқа ұйымдарды қамтитын өзара байланысқан және бірін-бірі өзара толықтыратын компаниялар мен ұйымдардың географиялық жағынан шоғырланған тобы;
2) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуді ұйымдастырушы (бұдан әрі – іріктеуді ұйымдастырушы) – индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.10.2020 жылғы № 550 Бұйрығына сәйкес (30.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 09.11.2020 жылдан бастап)
3) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысушылар (бұдан әрі – іріктеуге қатысушылар) – кәсіпкерлік субъектілерінің топтары, өңірлік кәсіпкерлер палаталары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компаниялары, бизнес-қауымдастықтар;
4) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу жөніндегі сараптама комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) – іріктеуді ұйымдастырушының шешімімен мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатарынан құрылған комиссия;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.04.2019 жылғы № 257 Бұйрығына сәйкес (23.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) ұлттық институт – индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институт.
2-бөлім. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу тәртібі
3. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуден өткізу туралы шешімді іріктеуді ұйымдастырушы қабылдайды.
4. Іріктеуді ұйымдастырушы мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу өткізілетіні туралы хабарландыруды орналастырады.
5. Аумақтық кластерлерге конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыру аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын жарияланады.
6. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін іріктеу қатысушылары іріктеуді ұйымдастырушыға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімді ұсынады.
7. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу өтініміне келесі құжаттар қоса беріледі:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған келісімді;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін ұсынылатын мәліметтерді қамтиды.
Бұл ретте іріктеуге қатысушы аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу өтінімінде және оған қоса берілетін құжаттарда көрсетілген, ұсынылатын ақпараттың толықтығын және анықтығын қамтамасыз етеді.
8. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта екі данада – саны бір данадағы түпнұсқасы мен саны бір данадағы көшірмесі және электрондық тасымалдағышта ұсынылады.
9. Іріктеуге қатысушы аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға тіркелген өтінімге өзгерістер енгізе алады немесе оны аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімдер беру үшін белгіленген мерзім аяқталғанға дейін іріктеуді ұйымдастырушыны жазбаша хабардар ету арқылы кері қайтарып ала алады.
10. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім бір немесе бірнеше папкаға (томдарға) топтастырылып, нөмірленуі тиіс. Өтініш пен тиісті құжаттар орналасқан парақтарды көрсете отырып, өтінім құрамына кіретін құжаттар тізбесі бірінші тігіледі. Өтінім құрамында бірнеше папка (том) ұсынылған жағдайда, папкалардың (томдардың) нөмірлері және тиісінше әрбір папкадағы (томдағы) парақтар саны көрсетіледі.
11. Өтінімдерді қабылдауға арналған мерзім өткен соң ұсынылған аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім қабылданбайды және аумақтық кластерлерді ағымдағы конкурстық іріктеу шеңберінде қаралмайды.
12. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімді тіркеу сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іріктеуді ұйымдастырушы берілген өтінімдерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді және егер осы Қағидалардың талаптарына жауап бермесе, іріктеуге қатысушыны жазбаша хабардар ете отырып, аумақтық кластерлерді ағымдағы конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімді қайтарады.
13. Іріктеуді ұйымдастырушы ұсынылған өтінімдерді тексеру мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімдерді ұлттық институтқа жібереді.
14. Ұлттық институт ұсынылған құжаттарды осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігі мәніне талдау жүргізеді (бұдан әрі – талдау) және сарапшылық қорытындысын береді.
15. Ұлттық институттың сараптамалық қорытындысы осы Қағидаларға4-қосымшада көрсетілген аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу өлшемшарттарына сәйкестік бөлігінде тұжырымдардан тұрады және ұсынымдық сипатында болады.
16. Ұлттық институттың талдауы мен сараптамалық қорытындысын беру аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
17. Ұлттық институттың аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған әрбір өтінім бойынша сараптамалық қорытындысы талдау мен сараптамалық қорытынды беруге арналған мерзім аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінен артық емес мерзімде іріктеуді ұйымдастырушыға беріледі.
18. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімдердің материалдары және ұлттық институттың аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған әрбір өтінім бойынша сараптамалық қорытындысы іріктеуді ұйымдастырушымен 3 (үш) жұмыс күнінен артық емес мерзімде Комиссияға енгізіледі.
18-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.04.2019 жылғы № 257 Бұйрығына сәйкес (23.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19. Комиссия аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу жеңімпаздарын айқындау бойынша шешімді қабылдайды.
20. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша қабылданған Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді.
21. Іріктеуді ұйымдастырушы Комиссия хаттамасын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу нәтижелері туралы хабарлайды.
Аумақтық кластерлерді
конкурстық іріктеу
қағидаларына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.10.2020 жылғы № 550 Бұйрығына сәйкес (30.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 09.11.2020 жылдан бастап)
______________________________
Индустриялық қызметті
мемлекеттік қолдау саласындағы
уәкілетті орган
нысан
Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім
______________________________________________________
(компания, өңір, сала атауы)