• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 19-1/1124 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 қаңтарда № 12905 болып тіркелді

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман
шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Казахстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 25 желтоқсандағы
 № 19-1/1124 бұйрығына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) «Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 555 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6530 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 90-93 (26495) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережелерінде:
«1. Осы Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми, экологиялық-ағарту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда болу тәртібін айқындайды.»;
«20) «Жасанды жолмен жасалатын шудың және өзге де акустикалық әсерлердің нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/899 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12387 болып тіркелген) шудың және өзге де жасанды акустикалық әсерлердiң нормаларына сәйкес қоршаған ортаға шу шығаратын және басқа да акустикалық әсерлердi қолдану;»;
2) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 558 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6518 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 94-97 (26499) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидаларда:
«54. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар айналмаларға (инспекторлық учаскелерге) бөлініп, олар техникалық учаскелерге біріктіріледі. Бір инспекторға шаққандағы бір айналманың нормативтік көлемі «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18-02/664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11995 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.»;
3) «Мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 561 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6531 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 134-137 (26539) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру ережелерінде:
«22. Табиғи жолмен қалпына келтіруге жәрдемдесу жөнінде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде пайда болған қылқан жапырақты және жапырақты тұқымдыларды табиғи жолмен қалпына келтірудің жай-күйін бағалау «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11894 болып тіркелген) сәйкес шәкілдер бойынша жүргізіледі.»;
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.11.2016 жылғы № 490 Бұйрығымен (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
5) «Орман шаруашылығы саласында ынталандыру және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 25-02/176 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7669 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 9 тамыздағы № 483-488 (27561) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман шаруашылығы саласында ынталандыру және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларында:
«1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен оның аумақтық органдарының лауазымды тұлғалары;»;
«3) Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарауындағы ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлері;»;
«7. Құрметті атақтармен, омырауға тағатын белгілермен және құрмет грамоталарымен наградтау жөніндегі ұсыныстарды қарастыру және дайындау үшін Комитетте комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады, оны Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы басқарады.»;
«1) облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларының басшылары;»;
«23. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің I, II, III дәрежелі «Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» омырауға тағатын белгілері осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес наградталушы тұлғаға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оған І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» омырауға тағатын белгісімен наградтау туралы куәлікті тапсырумен бір мезгілде тапсырылады.»;
4, 5, 6, 7, 9, 10, 11-қосымшалар осы бұйрыққа 2, 3, 4, 5, 6, 7,  8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
6) «Селекциялық-гендік мақсаттағы объектілерді анықтау және құру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 257-Ө бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8750 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 268 (28207) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Селекциялық-гендік мақсаттағы объектілерді анықтау және құру қағидаларында:
«19. Клондар мұрағаттарын құрудың негізгі тәсілі тамыр жүйесі жабық жерсіндірілген көшеттерді отырғызу болып табылады. Көшеттер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/897 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 12249 болып тіркелген) бекітілген Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидаларында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Сондай-ақ клондар мұрағаттарын құру арнайы өсірілген телінген дақылдарға шыбықшалар ұластыру арқылы немесе тұқымдармен жүргізіледі.»;