Bestprofi Logo

Бұйрық № 1033 от 2015-12-28г./Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесін бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12733 болып тіркелді

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес> БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесі бекітілсін.

2. «Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 222 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11048 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығымен бекітілген

Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесі

1. Ішектiң пенетрациясымен және iштен қан өтумен асқынған iш сүзегi мен паратифтер

5. Бактериологиялық және гистологиялық расталған тыныс ағзаларының туберкулезi

6. Бактериологиялық және гистологиялық расталмаған тыныс алу ағзаларының туберкулезi

12. Декомпенсация сатысындағы созылмалы өткiр және ауыр дәрежедегі өткiрге жуық бруцеллез

13. Асқынған нысандағы сап және мелиоидоз

14. Бүйректердi зақымдайтын лептоспироз

21. Миокардитпен асқынған бөртпе сүзегi

23. Орталық жүйке жүйесiнiң баяу вирустық инфекциялары

27. Басқа айдарларда жiктелмеген, басқа да вирустық энцефалиттер

28. Анықталмаған вирустық энцефалиттер

30. Орталық нерв жүйесiнiң басқа айдарларда жiктелмеген, басқа да вирустық инфекциялары

31. Орталық нерв жүйесiнiң вирустық инфекциясы

32. Бүйрек синдромымен асқынған геморрагикалық безгек

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание