• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістеренгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 17.08.2021 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 693 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 20 қаңтарда № 12877 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 17 тамыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидасын бекіту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 7728 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 8 тамызда № 256-257 (27075-27076) жарияланған) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 144-ө бұйрығына:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Тікелей және жанама өлшемдері орындауға арналған ағындар мен парниктік газдар шығарындыларының өлшемін орындау әдістемелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық стандартты мен халықаралық стандартына сәйкес келеді.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Ағындарды статистикалық есепке алу мына негізде жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын пайдалану;
2) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы «Техникалық реттеу туралы» Заңының 23-бабына сәйкес ұйымдардың стандарттарын әзірлеу және бекіту.»;
2) «Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау Министрінің м.а. 2012 жылғы 7 тамыздағы № 238-ө бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 7905 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 3 қазанда № 642-647 (27719) жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдерінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасымен қарастырылған жағдайда қарастыру нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 491 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттарын, шетел мемлекеттері ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын ұйымдардың стандарттарында қолдануды қоспағанда есепке алу және қолдану қағидаларына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 8302 болып тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық стандарттарды қолдануға рұқсат ету және тану туралы қорытынды береді.».
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Инвестициялар және даму министрінің 
міндетін атқарушы 
 _____________ Ж. Қасымбек 
2015 жылғы 14 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Инвестициялар және даму министрі 
 _____________ Ә. Исекешев 
2015 жылғы «____» __________