Toggle Dropdown
2
"Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 641 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 20 қаңтарда № 12878 болып тіркелді
Toggle Dropdown
БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 11229 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Парниктік газдар шығарындыларына сертификат беру және қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін қысқарту, сондай-ақ парниктік газдарды түгендей туралы есепті растау саласындағы кәсіби верификациялық және валидациялық (детерминициялық) қызметті жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
Toggle Dropdown
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет алушылар) тегін көрсетіледі».
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың порталында орналастыруды;
Toggle Dropdown
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 14 желтоқсан
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 30 қараша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 13 қарашадағы
№ 641 бұйрығына
қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 301 бұйрығына
8-қосымша
Toggle Dropdown
«Парниктік газдар шығарындыларына сертификат беру және қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Парниктік газдар шығарындыларына сертификат беру және қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
Toggle Dropdown
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 30 күнтізбелік күн;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – парниктік газдар шығарындыларына сертификат.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу үшін қағаз түрінде өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделіп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және уәкілетті адамның қолымен расталады.
Toggle Dropdown
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның электронды цифрлық қолы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін.
Toggle Dropdown
Өтініш қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 17-30-ға дейін;
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
Toggle Dropdown
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілет қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті берушіге:
Toggle Dropdown
1) Сертификатты алу үшін:
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініш;
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес есепті жылға парниктік газдарды түгендеу туралы есеп;
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес қондырғы паспорты;
Toggle Dropdown
парниктік газдар шығарындыларын азайту бағдарламасы;