Toggle Dropdown
Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1140 қаулысы
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 98-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1140 қаулысымен
бекітілген
Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы
1. Осы Қағидалар 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және сауда-делдалдық қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекет пайдаланбайтын мемлекеттік меншіктегі ғимараттарды, құрылыстарды, көлік құралдары мен жабдықтарды және ғимараттар мен құрылыстар алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) кепілдік жарна – тендерге қатысу үшін шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі енгізетін ақша сомасы;
2) қатысушы – тендерге қатысу үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
3) мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы мен өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы;
4) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру мен есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру бойынша міндеттер жүктелген заңды тұлға;
5) объектілер – мемлекет мақсаты бойынша бір жылдан астам уақыт пайдаланбайтын және жекешелендіру нәтижесі бойынша өткізілмеген ғимараттар, құрылыстар, көлік құралдары мен жабдықтар және ғимараттар мен құрылыстар алып отырған жер учаскелері;
6) тендер – бұл Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер), әкімдіктер коммуналдық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер (бұдан әрі – атқарушы органдар) өздері қабылдаған бастапқы шарттардың негізінде ең жақсы шарт талаптарын ұсынатын тендерге қатысушылардың бірімен шарт жасасуға міндеттенетін, тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін объектілерді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі сауда-саттық нысаны;
7) теңгерім ұстаушы – объект жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға;
8) тізілімнің веб-порталы – www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру шарттары бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсынатын интернет-ресурс (бұдан әрі – тізілім);
9) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
3. Жекешелендірудің алдын ала жүргізілетін сатылары болып: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) тапсыру не оны кейiннен сатып алу құқығымен сенiмгерлікпен басқаруға беру танылады.
Сауда-делдалдық қызметті қоспағанда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне бір жылдан астам уақыт пайдаланылмаған мемлекеттік мүлік өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз беру құқығымен бір жыл мерзімге сенiмгерлікпен басқаруға немесе мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілуі мүмкін.
Сауда-делдалдық қызметтi жүзеге асыратын субъектілерді қоспағанда, өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлген мемлекеттiк меншiк объектiлерiн және олар алып жатқан жер учаскелерін шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне, олар көзделген шарттарды орындаған жағдайда, шарт жасасқан кезден бастап бiр жыл өткен соң мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен өтеусiз берілуі мүмкін.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кейіннен меншікке өтеусіз беру құқығымен бір жыл мерзімге сенiмгерлікпен басқаруға немесе мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекет бір жылдан астам уақыт бойы мақсаты бойынша пайдаланбаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің (бұдан әрі – ұйымдар) объектілері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, бір жыл мерзімге мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беріледі.
5. Объектілерді беру тендер негізінде жүзеге асырылады.
2. Пайдаланылмайтын объектілердің тізбесін қалыптастыру
6. Тендерге қойылатын пайдаланылмайтын объектілердің тізбесін ұйымдардың мемлекет мақсаты бойынша бір жылдан астам пайдаланбаған, оның ішінде ұйымдар мүлкінің мақсатты пайдаланылуын тексерулер барысында анықталған мемлекеттік меншіктегі мүлкінің қатарынан:
1) республикалық мемлекеттік меншікке қатысты – аумақтық бөлімшелер;
2) коммуналдық мемлекеттік меншікке қатысты – атқарушы органдар қалыптастырады.
7. Аумақтық бөлімше (атқарушы орган) өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде Тізілімде мынадай ақпараттың:
1) объектінің атауы, саны, өлшем бірлігі, қысқаша сипаттамасы, орналасқан жері, мақсатты пайдалануы көрсетілген мәліметтердің;
2) объект иесі мен теңгерім ұстаушы туралы мәліметтердің (пошта мекенжайы, телефон, факс, е-mail) орналастырылуын қамтамасыз етеді.
8. Объектілерді тендерге қою аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) шешімі негізінде жүзеге асырылады және тиісті саланың уәкілетті органымен келісіледі.
Республикалық мемлекеттік меншіктегі объектілерге қатысты аумақтық бөлімшелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен қосымша келіседі.
9. Қалыптастырылған тізбенің негізінде аумақтық бөлімшелер (атқарушы органдар) тендерлер өткізу кестесін жасайды.
10. Объектілер шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілгенге дейін ұйымдар олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
3. Тендер өткізуге дайындық
11. Аумақтық бөлімше (атқарушы орган) тендерге дайындалу және оны өткiзу кезiнде:
1) тендер комиссиясын қалыптастырады;
2) объектілердің техникалық жай-күйіне қарай шарттың түрін (мүліктік жалға (жалдауға) алу немесе сенімгерлік басқару) айқындайды;
3) тендер комиссиясы әзірлеген тендер шарттары негізінде тендер өткiзу мерзімін және оның шарттарын айқындайды;
4) кепілдік жарнаның мөлшерін айқындайды;
5) тендер құжаттамасын дайындайды;
6) тізілімде тендердің өткізілетіні туралы хабарламаны жариялайды;
7) шарт жобасын дайындауды жүзеге асырады;
8) тендер жеңімпаздарымен шарт жасасады және шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
9) тендер комиссиясы отырысының хаттамаларына қол қояды;
10) тендер жеңімпазымен шарт жасасуды қамтамасыз етеді;
11) осы Қағидаларда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) тендер объектiсiнің нысаналы мақсатын көрсете отырып, ол туралы мәлiметтерді;
2) өтiнiмнің және онымен бiрге ұсынылатын құжаттардың мазмұны бойынша талаптарды;
4) тендер өткiзу тәртiбiн;
13. Аумақтық бөлімше (атқарушы орган) тендерді ұйымдастырушы болып табылады.
14. Республикалық мемлекеттік меншіктегі объектілер бойынша тендер комиссиясының құрамына аумақтық бөлімшенің, теңгерім ұстаушының, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкiлдерi енгiзiледі. Тендер комиссиясы мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрайды. Коммуналдық мемлекеттік меншіктегі объектілер бойынша тендер комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органдардың, теңгерім ұстаушының, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкiлдерi енгiзiледі. Аумақтық бөлімшенің өкiлi республикалық мемлекеттік меншіктегі объектілер бойынша тендер комиссиясының төрағасы болып табылады. Атқарушы органның өкiлi коммуналдық мемлекеттік меншіктегі объектілер бойынша тендер комиссиясының төрағасы болып табылады.
Комиссияның құрамын аумақтық бөлімше (атқарушы орган) бекiтедi.
Тендер комиссиясының хатшысы аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) өкiлi болып табылады және комиссия мүшесі болып табылмайды. Комиссияның хатшысы тендер өткізілетін күні веб-порталда тендердің нәтижелері туралы хаттаманы қалыптастырады және оны комиссия мүшелерінің дауыс беру рәсімінен кейін жариялайды.
15. Тендер комиссиясы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) аумақтық бөлімше (атқарушы орган) белгілеген кемінде күнтізбелік бес күн мерзімде және объекті туралы өзі ұсынған деректердің негізінде тендер шарттарын әзірлейді және оларды аумақтық бөлімшеге (атқарушы органға) ұсынады;
16. Аумақтық бөлімше (атқарушы орган) тізілімнің веб-порталында тендердің өткізілетіні туралы хабарламаның ол өткізілгенге дейін күнтізбелік он бес күн бұрын мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануын қамтамасыз етеді.
17. Тендердің өткiзілетіні туралы хабарлама мынадай мәліметтерді:
1) аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) атауын;
2) тендер өткізу шарттарын;
3) тендер объектiсiнiң қысқаша сипаттамасын;
4) тендер өткiзілетін күнді, уақытты;
5) тендерге қатысуға өтінімдi қабылдау мерзiмдерiн;
6) кепiлдiк жарнаның мөлшерiн, оны енгiзу мерзiмi мен банк деректемелерін;
7) тендерге қатысуға қажеттi құжаттар тiзбесiн;
9) тендер объектісімен таныстыру мекенжайын, мерзімдерін және шарттарын қамтиды.
18. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор тізілім веб-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды, тендерде жеңген қатысушының кепілдік жарнасын аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) шотына аударады және тендердің басқа қатысушыларына кепілдік жарналарды қайтарады.
19. Тізімнің веб-порталында тендерге қатысушыларды тiркеу тендердің өткiзілетіні туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер өткiзiлгенге дейін екі сағат бұрын аяқталады.
20. Тендердің өткiзілетіні туралы хабарлама жарияланғанынан кейiн аумақтық бөлімше (атқарушы орган) қатысушы болуға ниет бiлдiрушiлердің тізілімнің веб-порталы арқылы объекті туралы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді, ал теңгерім ұстаушы объектіні қарап тексеруге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
21. Тендерге қатысу үшін қатысушы мыналарды:
1) жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын және әкесінің атын (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), заңды тұлғаның толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (пошта мекенжайын, телефонын, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді бір жұмыс күні өзгертеді.
22. Қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру тендеріне қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
23. Қатысушылар тізілімнің арнайы бөлінген веб-парағында электрондық конвертке жүктелетін тендер шарттарына келісуді және баға ұсынысын (мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде) қамтитын тендерге қатысуға өтінімді тендердің өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын мына құжаттардың:
1) осы объектіде өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету жөніндегі бизнес-жоспарды;
2) қолдаухат берілген күннің алдындағы соңғы есепті күнгі жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің бухгалтерлік теңгерімін (бар болса);
3) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісімен бір адамдар тобына кіретін адамдар тізбесінің электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып тіркейді.
24. Қатысушылардың тендерге қатысуға өтінімдері мен оларға қоса берілетін электрондық (сканерленген) құжаттардың көшірмелері тізілімнің дерекқорында сақталады және тендердің өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақытқа дейін жүктеуге және қарауға қолжетімсіз болады.
25. Қатысушының осы Қағидалардың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына тендердің өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тарту негіздемесі болып табылады.
26. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы қатысушылардан өтінімді қабылдауды жүзеге асырады. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болмаған жағдайда, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.
Тізілімнің веб-порталы тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
27. Қатысушылар тендердің өткiзілетіні туралы хабарламада көрсетiлген мөлшерде, мерзiмде және тәртiппен, мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына кепiлдiк жарнаны енгiзедi.
Кепілдік жарнаны қатысушы не оның атынан кез келген жеке және заңды тұлға енгізеді.
Кепiлдiк жарнаның мөлшерi хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертiлмейдi.
Объектіні мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде тендерге қатысу үшiн кепiлдiк жарнаны тендер комиссиясы мүліктік жалға (жалдауға) берілетін объекті үшін айлық жалдау төлемі мөлшерінде белгілейді.
Объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде тендерге қатысу үшiн кепiлдiк жарнаны тендер комиссиясы соның теңгерімдік құнының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
28. Кепілдік жарна тендер жеңімпазының мынадай:
1) тендерде жеңiске жеткен жағдайда, тендердiң нәтижелерi туралы хаттамаға қол қою;
2) тендер нәтижелерi туралы хаттамаға сәйкес шарт жасасу мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылады.
29. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор кепілдік жарнаны жағдайда жеңімпазға мынадай:
1) тендер жеңімпазының ұсыныстарына жауап беретін шарттарда шартқа қол қоюдан бас тартқан;
2) тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда қайтармайды.
Осы Қағидалардың 43-тармағын қоспағанда, барлық қалған жағдайларда мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор кепілдік жарналарды тендер өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тендерге қатысушы өтінімде көрсеткен деректемелерге қайтарады.
30. Тендер комиссиясы тендер шарттарын өзгерткен жағдайда, барлық өзгерістер туралы хабарлама тендер өткізілгенге дейін күнтізбелік бес күн бұрын тізілімнің веб-порталында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
Тізілімнің веб-порталы тізілімнің веб-порталында көрсетілген әрбір қатысушының электрондық мекенжайына тендер шарттарының өзгертілгені туралы электрондық хабарлама жібереді.
Тендер шарттарын өзгерткен жағдайда, тендерге қатысуға өтінімдер берудің түпкі мерзімі кемінде күнтізбелік жеті күн мерзімге ұзартылады.
Тендер шарттарының өзгергені туралы хабарлама жарияланғанға дейін тендерге қатысуға өтінім берген және осыған байланысты тендерге қатысудан бас тартқан адамдарға кепілдік жарна жазбаша өтінім негізінде қайтарылады.
31. Бір кепілдік жарна бір объектінің тендеріне қатысуға мүмкіндік береді.
1) тендерге өзi немесе тиiстi түрде ресiмделген сенiмхаттың негізiнде өзiнiң өкiлдерi арқылы қатысады;
2) тендерге шығарылатын объекті бойынша қосымша мәлiметтердi алады;
3) объектiнi алдын ала қарап тексереді;
4) тендер басталғанға дейін кемінде үш күн бұрын бұл туралы аумақтық бөлімшеге (атқарушы органға) хабарлап, өзінің қатысуға өтінімдерін кері қайтарып алады.
33. Егер өтінімдерді қабылдау мерзiмi аяқталған кезде бiр ғана өтiнiм тіркелген болса (екiншi және кейінгі тендерлердi қоспағанда), тендер өтпедi деп танылады.
Өтінімдерді қабылдау мерзiмi аяқталған кезде кемінде бiр өтiнiм тіркелген болса, екінші және кейінгі тендерлер өтті деп танылады.
Егер тендер өтпеді деп танылса, тендерге қатысуға өтінімдерді ашу жүргізілмейді және тендердің өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген уақыт пен күннен кейін жиырма төрт сағат ішінде аумақтық бөлімше (атқарушы орган) тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын өтпеген тендер туралы актіге ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.
34. Тізілімнің веб-порталында тендер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбі – жұма аралығында өтеді. Тендер Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 13:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі.
Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу тендердің өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыт басталған соң тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.
35. Тендерге қатысуға өтінімдерді тендер комиссиясының мүшелері тендердің өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келетін қатысушыларды айқындау мақсатында тізілімнің веб-порталында қарайды.
36. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беру бойынша тендердi өткiзу кезінде объекті үшiн неғұрлым жоғары жалдау төлемақысын ұсынған және тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін қатысушы тендер жеңімпазы деп танылады.
Қатысушылар ұсынған жалдау төлемақысының сомасы сәйкес келген (тең болған) жағдайда, сауда-делдалдық қызметті қоспағанда, өндірістік қызметте және халыққа көрсетілетін қызметтер саласында жұмыс тәжірибесі мол қатысушы жеңімпаз болып танылады. Жалдау төлемақысының сомасы тең бірнеше қатысушының жұмыс тәжірибесі сәйкес келген кезде тендерге қатысуға өтінімі бұрын тіркелген қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер өткiзу кезінде тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін, ең үздік жағдайларды ұсынған қатысушы тендер жеңімпазы деп танылады.
5. Тендер нәтижелерін ресімдеу
37. Тендер нәтижелері туралы хаттамада мынадай деректер:
1) тендер комиссиясының құрамы;
3) объекті туралы мәліметтер;
4) қатысушылар мен олардың ұсыныстары туралы мәлiметтер;
5) тендер жеңімпазы туралы деректер;
6) тараптардың шартқа қол қою бойынша міндеттемелері қамтылады.
38. Тендер нәтижелері туралы хаттама тендер нәтижелерін және жеңімпаз бен аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) тендердің нәтижесі болып табылатын талаптарда шартқа қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.
39. Жеңімпаз аумақтық бөлімшеге (атқарушы органға) шартқа қол қою кезінде төменде көрсетілген құжаттардың, оның ішінде тендерге қатысу өтініміне тіркелген құжаттардың түпнұсқасын:
1) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәлікті, үлгілік болып табылмайтын жарғыны (заңды тұлғаның құрылтайшылары өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған жағдайда, жарғыны ұсыну талап етілмейді);
2) жеке тұлғалар үшін: жеке басты куәландыратын құжатты, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (дара кәсіпкерлер үшін);
3) заңды тұлғаның өкілі үшін: Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі және заңды тұлға өкілінің өкілеттілігін растайтын құжатты салыстырып тексеру үшін ұсынады.
40. Тендердiң нәтижелерi туралы хаттаманың негiзiнде жеңiмпаздың ұсыныстарына сай келетін талаптарда жеңімпазбен шартқа қол қойылады.
Шарт мынадай ережелерді қамтиды:
1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне берілетін объектінің техникалық сипаттамалары туралы деректер;
2) объектіні пайдаланғаны үшін төлемақы енгізу тәртібі мен мерзімдері (мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде);
3) аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) және бизнес-жоспарға сәйкес алынған шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары мен міндеттері (мүлікті сенімгерлік басқаруға берген кезде);
4) аумақтық бөлімше (атқарушы орган) мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары мен міндеттері (мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде);
5) сенімгерлік басқарушының есеп беру мерзімдері мен нысандары;
6) шартты мерзімінен бұрын бұзу негіздемелері мен талаптары қамтылады.
Тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) басшысы не оның міндетін атқарушы адам тендер жеңімпазымен шарт жасасады және ол тізілімде тіркелуге тиіс.
41. Жеңiмпаз белгіленген мерзімде шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда, аумақтық бөлімше (атқарушы орган) жаңа тендер өткiзу туралы шешiм қабылдайды.
42. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 52-бабына сәйкес үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мүліктік жалға (жалдауға) тапсырылған жағдайда, көрсетілген үйлер (құрылыс, ғимарат) алып отырған және белгіленген нормаларға сәйкес оны пайдалану үшін қажет жер учаскесі жалға беріледі.
43. Шартқа қол қойылғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде теңгерім ұстаушы объектіні мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы қабылдау-тапсыру актісі бойынша объектіні тендер жеңімпазына береді.
Қабылдау-тапсыру актісінде мыналар:
1) акт жасалған орын мен күн;
2) құжаттардың атауы мен деректемелері, оларға сәйкес тараптардың мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi өкiлдер;
3) объектіні тапсыру жүргізілетін шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi;
4) тапсырылатын объектiнiң атауы, орналасқан орны, анықталған ақаулардың тiзбесімен бірге техникалық сипаттамалары мен жай-күйі көрсетіледі.
Ғимарат пен құрылысты мүліктік жалға (жалдауға) (кемінде бір жыл мерзімге жасалған) немесе сенімгерлік басқаруға беру шарты мемлекеттік тіркелуге тиіс және осындай тіркелген кезден бастап шарт жасалды деп саналады.
44. Мемлекеттік мүлікті жалға (жалдауға) беру бойынша тендер жеңімпазына енгізілген кепілдік жарнаның сомасы жасалған шарт бойынша тендер объектісін пайдаланғаны үшін төлемнің есебіне жазылады.
Өндірістік қызметті ұйымдастыру
және халыққа қызметтер көрсету саласын
дамыту үшін мемлекеттік меншіктің
пайдаланылмайтын объектілерін және
олардың алып жатқан жер учаскелерін
кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып,
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне
мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік
басқаруға беру қағидаларына
қосымша
Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру тендеріне қатысуға
ӨТІНІМ
1. Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы жарияланған хабарламаны қарап және өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларымен танысып,
_______________________________________________________________ (жеке
тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 20____жылғы «___»_______
_____________ өтетін тендерге қатысуға ниет білдіреді.
2. Мен (біз) тендерге қатысу үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына жалпы сомасы
(_____________________________________) теңге
(цифрмен) (сомасы жазумен)
_________________ кепілдік жарнаны (жарналарды) енгіздім (к).
Кепілдік жарна енгізілген объектілер туралы мәліметтер:
Р/с
№ |
Объектінің атауы |
Аударуға жататын кепілдік жарнаның сомасы, теңге |
1 |
|
|
2 |
|
|
|
Жиыны |
|
Енгізілген кепілдік жарналар туралы мәліметтер:
Р/с
№ |
Кепілдік жарнаны тағайындау және тендерге қатысу үшін кепілдік жарна енгізілген объектінің атауы |
Төлем құжатының № |
Төлем құжатының күні |
Кепілдік жарнаның сомасы, теңге |
1 |
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
Жиыны |
|
|
|
3. Тендерге қатысушыға (жалға алушыға, сенімгерлік басқарушыға) қойылатын талаптарға менің (біздің) сәйкес емес екенім (-із) анықталған жағдайда, мен (біз) тендерге қатысу құқығынан айырылатыныма (-ызға), мен (біз) қол қойған тендер нәтижелері туралы хаттама және мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалға алуға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін (-із).
4. Мен (біз) тендер жеңімпаз(-дар)ы деп танылған жағдайда, өзіме (-ізге) тендер нәтижелері туралы хаттамаға тендер өткізілген күні қол қою және тендер өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалға алуға (жалдауға) не сенімгерлік басқаруға беру шартына қол қою міндеттемелерін аламын (-ыз).
1) тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан;
2) белгіленген мерзімде мүлiктiк жалға алу (жалдау) не сенімгерлік басқару шартына қол қоюдан бас тартқан жағдайларда мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтынына келісемін (-із).
6. Осы өтінімнің тендер нәтижелері туралы хаттамамен бірге мүлiктiк жалға алу (жалдау) немесе сенімгерлік басқару шарты жасалғанға дейін қолданыста болатын шарт күші бар.
7. Өзім туралы мынадай мәліметтерді беремін (-із):
Атауы _________________________________________________________
БСН ___________________________________________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)___________________
Мекенжайы: ____________________________________________________
Телефон (факс) нөмірі: ________________________________________
ЖСК ___________________________________________________________
БСК ___________________________________________________________
Банк атауы ____________________________________________________
Кбе ___________________________________________________________
1) ____________________________________________________________
2) ____________________________________________________________
3) ____________________________________________________________
4) _____________________________________________ қоса беріледі.
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):___________________________
ЖСН ___________________________________________________________
Паспорт деректері _____________________________________________
Мекенжайы: ____________________________________________________
Телефон (факс) нөмірі: ________________________________________
ЖСК ___________________________________________________________
БСК ___________________________________________________________
Банк атауы ____________________________________________________
Кбе ___________________________________________________________
1) ____________________________________________________________
2)_____________________________________________________________
3)______________________________________________ қоса беріледі.
________ ____________________________________________________________
(қолы) (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе
заңды тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе сенімхат
негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20__ ж. «___»____________.
Өтінім мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында
20__ ж. «___»_____________ _____ сағат ___ минутта қабылданды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1140 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 243 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 195-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 қазандағы № 1141 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 794-құжат).
3. «Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 243 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 884 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 51, 718-құжат).
4. «Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 243 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 333 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 27, 214-құжат).