Toggle Dropdown
Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-3/1084 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 қаңтарда № 12897 болып тіркелді
Редакция 07.09.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) қағидалары бекітілсін.
2. «Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-2/331 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11092 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде, 2015 жылғы 12 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2016 жылғы 2 маусымнан ерте қолданысқа енгізілмейді.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 3-3/1084 бұйрығымен бекітілген
Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) қағидалары
1. Осы Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 26) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тұқымды өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) тәртібін айқындайды.
2. Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін тұқым бойынша, өнімділік бағытындағы және ауыл шаруашылығы малдарының түрлері бойынша республикалық палаталар (бұдан әрі - Палата) береді.
3. Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесі малдың әр басына, бал ара ұясына жеке беріледі.
4. Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесі малдың тіршілігі кезінде бір рет беріледі.
5. Осы Қағидаларда фенотиптік көрсеткіштер болып малдың сыртқы, соның ішінде түсі және дене бітімі бойынша айқын білінетін белгілерінің жиынтығы түсініледі.
6. Асыл тұқымды өнім (материал) мәртебесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес бірдейлендірілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 3-3/373 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7864 болып тіркелген) бекітілген Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу қағидаларына сәйкес тіркелген ауыл шаруашылығы жануарларына (бал араларын, қояндарды, аңдар мен балықтарды қоспағанда) беріледі.
7. Асыл тұқымды мал мәртебесін алуға үмітті ауыл шаруашылығы малының иесі жеке немесе заңды тұлғалардың (бұдан әрі – Өтініш беруші) Палатаға мүшелік болуы қажет емес.
7-1. Асыл тұқымды өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) мәселелері бойынша Палатаның шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру тәртібі
1-параграф. Ірі қара малға асыл тұқымды мал мәртебесін беру
8. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9. Асыл тұқымдық мал мәртебесін беру үшін ірі қара малдың қажетті ең төменгі жасы алты айды құрайды.
10. Өнімділіктің сүтті-етті және сүтті бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малдың мәртебесі мынадай өлшемшарттарға сәйкес болған кезде беріледі:
жануар тегінің кемінде үш қатары бойынша тұқым-тегі туралы мәліметтердің болуы;
қолдан ұрықтандыру немесе эмбрионды трансплантациялау нәтижесінде алынуы;
әкесінде молекулалық генетикалық сараптаманың болуы;
«Индекстік бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 176 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32478 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 176 бұйрық) сәйкес сиырларда асыл тұқымдық құндылыққа индекстік бағалаудың болуы;
тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында жануарлардың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерін орналастырады).
11. Өнімділіктің етті бағытындағы ірі қара мал үшін асыл тұқымды жануар мәртебесі бірінші және екінші санаттар бойынша беріледі.
Бірінші санаттағы етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малдың мәртебесі мынадай өлшемшарттарға сәйкес болған кезде беріледі:
жануар тегінің кемінде үш қатары бойынша тұқым-тегі туралы мәліметтердің болуы;
қолдан ұрықтандыру немесе эмбрионды трансплантациялау немесе бірінші санаттағы етті бағыттағы асыл тұқымды бұқамен шағылыстыру нәтижесінде алынуы;
әкесі бойынша шығу тегін растайтын молекулалық генетикалық сараптаманың болуы;
№ 176 бұйрыққа сәйкес асыл тұқымдық құндылыққа индекстік бағалаудың болуы;
тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында жануарлардың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерін орналастырады).
Екінші санаттағы етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малдың мәртебесі жануарға мынадай өлшемшарттарға сәйкес болған кезде беріледі:
жануар тегінің кемінде үш қатары бойынша тұқым-тегі туралы мәліметтердің болуы (импортталатын малдар үшін – экспорттаушы елдердің қағидаларына сәйкес);
қолдан ұрықтандыру немесе эмбрионды трансплантациялау немесе бірінші санаттағы етті бағыттағы асыл тұқымды бұқамен шағылыстыру нәтижесінде алынуы;
тірі массасы мен төлдеудің жеңілдігі бойынша абсолютті көрсеткіштер туралы деректердің болуы (импортталатын жануарлар үшін – экспорттаушы елдердің қағиаларына сәйкес);
тұқым стандартына сәйкестігі (Палата өзінің интернет-ресурсында жануарлардың тиісті тұқым стандартының көрсеткіштерінен төмен емес фенотиптік көрсеткіштерін орналастырады).
11-1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
12. Сүтті-етті және сүтті бағыттағы ірі қара мал үшін, сондай-ақ бірінші және екінші санаттағы етті бағыттағы ірі қара мал үшін асыл тұқымды жануар мәртебесін алу үшін Өтініш беруші Палатаға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ірі қара малға асыл тұқымды жануар мәртебесін беруге өтініш береді.