• Мое избранное
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары
Внимание! Документ утратил силу с 19.04.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына 2-қосымша

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары
Қағидалар күшін жойды 2017 жылғы 19 сәуірінен бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 21.02.2017 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес
Редакция 19.04.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеу ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді және мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу тәртібін, бағдарламаларын, тестілеуді ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына және 28-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес әзірленді.
2. Тестілеу мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшісі болып табылатын тестілеу әкімшісімен (бұдан әрі - әкімші) өткізіледі.
3. Тестілеудi өткiзудің әділдiгi жағдайлардың, уақыттың, нәтижелердi есептеудің, тестердің мазмұнының стандарттылығымен, сондай-ақ әкімшілердің сыбайлас жемқорлықты жiбермеу әрекеттерi туралы жазбаша шектеулердi қабылдауымен қамтамасыз етiледi.
4. Тестілеу рәсімдерін, тест тапсырмаларының деректер базасын қалыптастыруды және оларды жаңартуды техникалық қамтамасыз ету «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – Орталық) жүзеге асырылады.
2. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлерді тестілеу
5. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлерді (бұдан әрі – «А» корпусының резервіне үміткерлер) тестілеу келесі кезеңдерден тұрады:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеу;
2) логикалық тест;
3) біліктілік деңгейін анықтауға тестілеу;
4) мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеу.
6. Тестілеу өткізудің кезеңі үш жұмыс күнінен аспайды.
7. «А» корпусының резервіне кандидат осы Қағидалардың 
1-қосымшасына сәйкес тестілеу бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтінішінде көрсетілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің санаты, тобы және кіші тобы бойынша өтеді.
8. Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеудің осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген мәндерден төмен нәтижелерді алған «А» корпусының резервіне үміткерлер, тестілеудің келесі кезеңіне жіберілмейді.
9. «А» корпусының резервіне үміткерлерді мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеу ҚАЗТЕСТ – қазақ тілінің деңгейін бағалау жүйесінің стандарттарына сәйкес өткізіледі.
Бұл ретте, мемлекеттік тілді білуге арналған, сондай-ақ құзыреттер деңгейін анықтауға тестілеудің шекті мәні жоқ.
10. «А» корпусының кадр резервіне бір конкурстық іріктеу аясында «А» корпусының резервіне үміткерлер өтініште көрсетілген тиісті санат, топ және кіші топ үшін әр тестілеу бағдарламасы бойынша бір рет тестілеуден өтеді.
3. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу
  • 1
11. Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді (бұдан әрі – Б» корпусының лауазымына кандидат) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуді азаматтардың өтініш білдіруі бойынша өткізеді.
  • 1
12. «Б» корпусының лауазымына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүгіну арқылы өтініш (бұдан әрі – Өтініш) тапсырады.
«Б» корпусының лауазымына кандидат Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
«Б» корпусының лауазымына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін құжаттарды «электрондық үкімет» веб-портал арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен қеңесті Мемлекеттік корпорацияда, уәкілетті органда немесе оның аумақтық бөлімшесінде ала алады.
13. «Б» корпусының лауазымына кандидат тестілеудің күнін және уақытын тестілеу өткізуге бар бос орындар негізінде таңдайды.
Тестілеуге жазылу «электрондық үкімет» веб-порталында қалыптастырылатын осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда тестілеу күні, уақыты және өту орны көрсетілген қолхатпен расталады.
14. «Б» корпусының лауазымына кандидат осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес тестілеу бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының санаты бойынша өтеді. 
15. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін мән белгіленбейді.
16. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеудің осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген мәндерден төмен емес нәтиже алған «Б» корпусының лауазымына үміткерге осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысандағы тестілеу өткендігі туралы сертификат (бұдан әрі – Сертификат) беріледі.
Бірінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды.
Екінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат үшінші тестілеу бағдарламасына жататын «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды.
17. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттар тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды.
  • 1
18. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген мәндерден төмен нәтиже алған «Б» корпусының лауазымына үміткерлерге осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысанда мәндерден төмен нәтижелермен тестілеу өткендігі туралы анықтама беріледі.
Бұл жағдайда, қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап үш айдан кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
19. Сертификат оның қолданылу мерзімі ішінде жоғалған немесе бүлінген жағдайда «Б» корпусының лауазымына үміткерлер осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысандағы сертификаттың телнұсқасын электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы ала алады.
4. Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауды жүргізу тәртібі
  • 1
20. «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау тестілеу нысанында жүргізіледі.
21. «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді аяқтағаннан кейін 20 минуттан кешіктірілмей жүргізіледі.
Бұл ретте, жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден төмен нәтиже алған адамлар жіберілмейді.
22. Осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден төмен емес нәтиже алған және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 20-тармағының бірінші абзацында белгіленген уақытта келмеген адамлар жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 11 және 12-тармақтарымен белгіленген тәртіпте қатысуға жіберіледі.
23. «Б» корпусының лауазымына кандидат осы Қағидалардың 
8-қосымшасына сәйкес тестілеу бағдарламасы бойынша жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының санаты бойынша өтеді.
24. «Б» корпусының лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысандағы қорытынды беріледі.
«Б» корпусының лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша берілген қорытындылары осындай тестілеу өткізілген күннен бастап бір жыл ішінде жарамды.
25. 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша сертификат алған адамлар жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге қатысуға жіберіледі.
Жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге қатысу үшін, осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамлар тестілеу күнінен бір күнтізбелік күн бұрын «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгіну жолымен осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтінішті тапсырады.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, «Б» корпусының лауазымына үміткер оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады
Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамлар тестілеудің күнін және уақытын тестілеу өткізуге бар бос орындар негізінде таңдайды.