Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1182 бұйрығына
3-қосымша
Toggle Dropdown
«Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Toggle Dropdown
Редакция 26.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – ұшуларды орындау құқығына куәлік (куәлік телнұсқасы) (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы) беру немесе «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ұшуға пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 561 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11742 болып тіркелген) «Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасы бар өтінімді (бұдан әрі - құжаттар) ұсыну немесе электронды сұрау болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
Toggle Dropdown
ұшуларды орындау құқығына куәлікті беру үшін:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының тіркеу нөмірі мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамға қарауға жіберу, отыз минут ішінде;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамның жауапты құрылымдық бөлімшесін анықтауы және қарар жазуы, екі сағат ішінде;
Toggle Dropdown
3) құрылымдық бөлімше басшысының жауапты орындаушыны анықтауы және қарар жазуы, екі сағат ішінде;
Toggle Dropdown
4) жауапты орындаушының құжаттарды қарауы, оларды тапсырған сәттен бастап жиырма жұмыс күні;
Toggle Dropdown
5) жауапты орындаушы жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде:
Toggle Dropdown
құжаттарды қараудан бас тарту үшін негіздемелері болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды жібереді;
Toggle Dropdown
құжаттар сәйкес болған жағдайда – көрсетілетін қызметті алушыға сертификаттық тексеруді жүргізу туралы хабарламаны жібереді;
Toggle Dropdown
6) сертификаттық тексеру кезеңіне көшу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығымен сертификаттық тексеру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылады;
Toggle Dropdown
7) комиссияның ең ұзақ көрсетілетін қызметті алушыны тексеруден өткізуі, барынша мерзімі – сегіз жұмыс күні;
Toggle Dropdown
8) сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша Пайдаланушыны тексеру актісі екі данада, өтініш беруші объектілерінің нақты жай-күйін, пайдаланушыны ұшуға жіберу не жібермеу туралы тұжырымдарды, ұсынымдарды және қорытындыны көрсете отырып, төрт жұмыс күн ішінде жасалады;
Toggle Dropdown
9) сертификаттық тексеру актісіне кол койылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған сертификаттық тексеруді жүргізу кезінде анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі түзету іс-қимыл жоспарын бекітуі, үш жұмыс күні ішінде сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктердің жоиылуын тексеруі және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы шешім қабылдауы, бес жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
10) жауапты орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді, екі жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
11) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін құрылымдық бөлімше басшысымен келісу, екі жұмыс күні;
Toggle Dropdown
12) көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамның мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы және оны көрсетілетін қызметті алушы порталына жіберу, бір жұмыс күні;
Toggle Dropdown
13) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі портал арқылы электрондық нысанда ресімделеді, басылып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамның қолымен расталады, және жауапты орындаушымен көрсетілетін қызметті алушыға беріледі;
Toggle Dropdown
ұшуларды орындау құқығына куәліктің телнұсқасын беру үшін:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының тіркеу нөмірі мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамға қарауға жіберу, отыз минут ішінде;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адаммен жауапты құрылымдық бөлімшесін анықтауы және қарар жазуы, екі сағат ішінде;
Toggle Dropdown
3) құрылымдық бөлімше басшысының жауапты орындаушыны анықтауы және қарар жазуы, екі сағат ішінде;
Toggle Dropdown
4) жауапты орындаушының орындау құқығына куәлік телнұсқасын рәсімдеуі, бір жұмыс күні;
Toggle Dropdown
5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін құрылымдық бөлімшенің басшысымен келісуі, екі сағат;
Toggle Dropdown
6) бұрын мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі порталда көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамның қолымен және мөрімен расталады және жауапты орындаушымен көрсетілетін қызметті алушыға беріледі, құжаттарды тапсырған сәттен бастап екі жұмыс күні.»;
Toggle Dropdown
6. Мынадай рәсімдердің (іс-қимылдардың) орындалуын бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
Toggle Dropdown
ұшуларды орындау құқығына куәлікті беру үшін:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының тіркеу нөмірі мен күнін бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе ол уәкілеттік берген адамға қарауға жіберу;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен немесе ол уәкілеттік берген адаммен жауапты құрылымдық бөлімшені анықтауы және қарар жазуы;
Toggle Dropdown
3) құрылымдық бөлімше басшысының жауапты орындаушыны анықтауы және қарар жазуы;
Toggle Dropdown
4) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын тексеру;
Toggle Dropdown
5) көрсетілетін қызметті берушінің тексеру өткізу және комиссиямен шешім қабылдау;
Toggle Dropdown
6) ұшуларды орындау құқығына куәлік беру (беруден бас тарту);
Toggle Dropdown
ұшуларды орындау құқығына куәлік телнұсқасын беру үшін:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының тіркеу нөмірі мен күнін бере отырып, қызметті алушының құжаттарын қабылдауы, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе ол уәкілеттік берген адамға қарауға жіберу;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен немесе ол уәкілеттік берген адаммен жауапты құрылымдық бөлімшені анықтауы және қарар жазуы;
Toggle Dropdown
3) құрылымдық бөлімше басшысының жауапты орындаушыны анықтауы және қарар жазуы;
Toggle Dropdown
4) жауапты орындаушының ұшуларды орындау құқығына куәлік телнұсқасын рәсімдеуі;
Toggle Dropdown
5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін құрылымдық бөлімшенің басшысымен келісуі;
Toggle Dropdown
6) бұрын мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі порталда көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолымен және мөрімен расталады және жауапты орындаушымен көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы