• Мое избранное
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 27.07.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 631 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 16 қаңтарда № 12876 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 27 шілдеден бастап ҚР Қаржы министрінің м.а. 10.07.2020 жылғы № 665 Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11273 тіркелген, 2015 жылдың 25 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта: 
9) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 53) тармақшамен толықтырылсын:
"53) осы бұйрықтың 53-қосымшасына  сәйкес "Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Салық төлеушілерді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға  сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға  сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға  сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
3 және 4-тармақтар  мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік қызметті аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер алу үшін сұрау салуды (бұдан әрі – сұрау салу) және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің "Салық төлеушінің кабинеті" (бұдан әрі – Салық төлеушінің кабинеті) веб-қосымшасы ақпараттық жүйе арқылы;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы;
3) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 
Салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме алу үшін өтініштерді (бұдан ары – салықтық өтініш) қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы немесе Салық төлеушінің кабинеті арқылы;
2) ХҚКО арқылы;
3) портал арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімдері:
1) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (бұдан әрі – берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер) сұрау салу келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жасалады;
2) салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірме беру (бұдан әрі – үзінді көшірме) – салықтық өтінішті берген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі;
3) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, ХҚКО – 15 (он бес) минут;
4) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуі үшін рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 20 (жиырма) минут, ХҚКО-на – 15 (он бес) минут.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді электрондық түрде беру;
2) үзінді көшірмені беру болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 4-қосымшаға  сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы резиденттігін растау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 5-қосымшаға  сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Алкоголь өніміне (шарап материалы мен сыраны қоспағанда) есепке алу-бақылау таңбаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
4-тармақтың  1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: 
шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өніміне арналған (бұдан әрі – алкоголь өнімі) есепке алу-бақылау таңбаларын (бұдан әрі – ЕБТ) және жүкқұжат беруді көрсетілетін қызметті беруші ЕБТ-на тиісті штрих-код жапсырылғаннан кейін ЕБТ АЖ арқылы келіп түскен және құжаттарды тапсырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
көрсетілетін қызметті алушы ЕБТ АЖ арқылы табыс еткен алдағы жылға өтінімдерді күнтізбелік 3 (үш) күннен аспайтын мерзімде келіседі;";
8-тармақ  мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2) ЕБТ АЖ - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9-тармақ  мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1  немесе 2-қосымшаларға  сәйкес ЕБТ АЖ арқылы ЕБТ жасау үшін өтінімдер (бұдан әрі - алдағы жылға арналған өтінімдер) – жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей;
2) әрбір сатып алушыға бөлек осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға  сәйкес ЕБТ-на штрих-код жапсыру үшін өтініш – ЕБТ АЖ арқылы алкоголь өніміне ЕБТ алу мақсатында; 
3) соның негізінде акцизделетін тауарлар әкелу жүзеге асырылатын сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) түпнұсқасын көрсете отырып, сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) (алкоголь өнімін импорттайтын көрсетілетін қызметті алушы өтінім беру кезінде) көшірмесі;