Toggle Dropdown
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12717 болып тіркелді
Редакция 08.03.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-3-бабының 8-тармағына және 230-бабына, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына, 20-бабының 5), 6), 11), 11-1), 11-2) және 11-3) тармақшаларына және 27-бабының 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің веб-порталын пайдалану арқылы ақпараттық қамтамасыз ету тәртібі және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесін қалыптастыру және жариялау тәртібі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іріктеу тәртібі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жатқызу өлшемшарттары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әртүрлі кезеңдерінде туындайтын тәуекелдердің болжамды тізбесі;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға кажетті сараптамалар жүргізуге койылатын талаптар;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын жәнемемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеу әдістемесі;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесі;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тәуекелдерін бөлу және бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімдік баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы М. Құсайынов
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 30 қараша
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 қарашадағы №
725 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары
1. Осы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, конкурс (аукцион) және жекеше әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарына мониторинг жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына мониторинг жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын жоспарлау және іске асыру сатыларында МЖӘ субъектілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) алдын ала есептеулер – МЖӘ жобасының операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің келулер және кетулер бөлігі бойынша есептеулер, сондай-ақ кіріс деректері мен жол берулер көздерін көрсете отырып, тиісті нысандағы пайда мен залалдарды есептеу. Алдын ала есептеулер ашып көрсететін формулалары бар Microsoft Office Excel форматында жасалады және қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынылады;
2) жеке бастамашы – Заңда және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптес;
3) коммерциялық жабу – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес МЖӘ шартын жасасу;
4) қаржылық жабу – әлеуетті жекеше әріптестің немесе жекеше әріптестің жеке және заңды тұлғалармен, олардың бірлестіктерімен инвестициялық кезеңде МЖӘ жобасын іске асыру үшін қажетті қарыз қаражатын тартуға келісімдер, шарттар жасасуы және олар бойынша қаржыландыру алудың қолжетімділігі;
5) мемлекеттік әріптес – Қазақстан Республикасы, оның атынан әрекет ететін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар және жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар;
6) МЖӘ веб-порталы – МЖӘ саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинауға, өңдеуге, сақтауға, жекеше әріптесті айқындауға, МЖӘ жобаларының іске асырылуын мониторингтеуге, МЖӘ саласындағы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық платформасы;
7) жоспарлау кезеңіндегі уәкілетті тұлға (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) – МЖӘ жобасының іске асырылуына мүдделі,мемлекеттік орган, мемлекеттік мекеме, мемлекеттік кәсіпорындар немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар.
3. Бөлінетін бюджеттік бағдарламалар қаражатын МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді, МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жүргізуді қаржыландыруға бөлу осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Жоспарланатын және іске асырылатын МЖӘ жобалары туралы ақпараттық қамтамасыз ету осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жоспарланатын және іске асырылатын МЖӘ жобалары туралы, оның ішінде МЖӘ веб-порталын пайдалану арқылы ақпараттық қамтамасыз ету тәртібіне және МЖӘ жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесін қалыптастыру және жариялау тәртібіне сәйкес МЖӘ веб-порталын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
5. Конкурстық рәсімдер үшін МЖӘ веб-порталында ақпаратты орналастыруды республикалық МЖӘ жобалары бойынша салалық орталық мемлекеттік органдар не жергілікті МЖӘ жобалары бойынша жергілікті салалық мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Жоспарланған МЖӘ жобасы туралы мүдделерін білдіруді сұрау үшін МЖӘ дамыту орталығы республикалық МЖӘ жобалары бойынша салалық орталық мемлекеттік органдардан не жергілікті МЖӘ жобалары бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарынан ұсынылған деректер негізінде ақпаратты МЖӘ-нің веб-порталында орналастырады.
2-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау
1-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың жалпы ережелері
6. МЖӘ жобасына орталық мемлекеттік органдар және (немесе) жергілікті атқарушы органдар (мемлекеттік бастама) немесе әлеуетті жекеше әріптес (жеке бастама) бастамашылық жасайды.
7. МЖӘ жобасын жоспарлау кезінде бір МЖӘ жобасының кезеңдерін бірнеше МЖӘ жобаларына бөлуге жол берілмейді.
Уәкілетті тұлғалар МЖӘ жобасы бойынша техникалық, қаржылық, заңдық шешімдерді қалыптастыруға кешенді тәсілді қамтамасыз етеді.
8. МЖӘ жобаларын мемлекеттік бастама бойынша іске асыру конкурс негізінде жекеше әріптесті айқындау жолымен жүзеге асырылады.
МЖӘ жобаларын жеке бастама бойынша іске асыру конкурс негізінде жекеше әріптесті айқындау не тікелей келіссөздер жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Қағидалардың 82-тармағы мен 7-параграфында көзделген ережелерді қоспағанда, осы Қағидалардың ережелері конкурстарды және (немесе) конкурстық құжаттаманы реттеу бөлігінде аукциондарға және (немесе) аукциондық құжаттамаға қолданылады.
9. Мемлекеттік бастаманы іске асыру шеңберінде МЖӘ жобаларын жоспарлау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына берген МЖӘ жобасын іске асырудың орындылығы туралы экономикалық қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамалар жүргізу «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 8 желтоқсанда № 9938 тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
10. Конкурс өткізу жолымен жеке бастаманы іске асыру шеңберінде МЖӘ жобаларын жоспарлау әлеуетті жекеше әріптес әзірлеген конкурстық құжаттаманың ақпараттық парағының жобасына МЖӘ жобасын іске асырудың жеке бастамасы туралы өтінішті қабылдаған уәкілетті тұлғаның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
11. Тікелей келіссөздер жүргізу жолымен жеке бастаманы іске асыру шеңберінде МЖӘ жобаларын жоспарлау әлеуетті жекеше әріптес әзірлеген МЖӘ жобасының бизнес-жоспарына жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге бастамашылық жасауға өтінімді (бұдан әрі – тікелей келіссөздерге бастамашылық жасауға өтінім) қабылдаған уәкілетті тұлғаның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
12. МЖӘ жобасын жеке бастама бойынша іске асыру қажеттігі туралы қорытындыны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары және (немесе) актілері негізінде, сондай-ақ МЖӘ жобасының басымдығы мен жеделдігін ескере отырып, уәкілетті тұлға қабылдайды.
МЖӘ жобасының басымдығын, жеделдігін айқындау кезінде уәкілетті тұлға: