Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
министрінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 26 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Персоналды басқару тиімділігін бағалаудың осы әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесін (бұдан әрі – Жүйе) іске асыру мақсатында әзірленген.
Toggle Dropdown
2. Әдістеме орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарында персоналды басқару жөніндегі шаралардың тиімділігін анықтауға арналған.
Toggle Dropdown
3. Персоналды басқару тиімділігін бағалауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволары, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аудандық бөлімшелерін қоспағанда, облыстар, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары персоналды басқару тиімділігін бағалау объектісі болып табылады.
Toggle Dropdown
Министрлікке қатысты персоналды басқару тиімділігін бағалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрі – Премьер-Министр Кеңсесі) іске асырады.
Toggle Dropdown
4. Персоналды басқару тиімділігін бағалауды өткізу үшін Министрлікте орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жөніндегі Сараптамалық комиссияның кіші тобы болып табылатын жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) құрылады. Жұмыс тобының құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі.
Toggle Dropdown
5. Персоналды басқару тиімділігін бағалау есепті (күнтізбелік) жылдың қорытындылары бойынша жыл сайын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бекіткен Кестеге (бұдан әрі – Кесте) сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
6. Персоналды басқару тиімділігін бағалауды өткізу үшін орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің аппараттары ақпаратты Министрлікке Кестеге сәйкес қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.
Toggle Dropdown
7. Персоналды басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды Министрлікпен осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.
Toggle Dropdown
Орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарда персоналды басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындылар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және бағаланушы мемлекеттік органдарға ұсынылады.
Toggle Dropdown
Премьер-Министр Кеңсесімен әзірленген Министрлікте персоналды басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.
Toggle Dropdown
8. Персоналды басқару тиімділігін бағалау үшін өлшемдер мен көрсеткіштер бойынша баллдар осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес беріледі.
Toggle Dropdown
9. Персоналды басқару тиімділігін бағалау Министрлікке осы Әдістемеге 3 -8-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік органдар жолдаған ақпаратты талдау, мемлекеттік қызметшілердің арасында сауалнама жүргізу нәтижелері бойынша жүргізіледі.
Toggle Dropdown
10. Мыналар персоналды басқару тиімділігін бағалау үшін ақпарат көздері болып табылады:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік органдардың статистикалық деректері және автоматтандырылған электрондық өткізу жүйесінің мәліметтері;
Toggle Dropdown
2) осы Әдістеменің өлшемдеріне сәйкес келетін бағыттар бойынша уәкілетті органдар жүргізген тексерістердің барысында алынған мәліметтер;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік қызметшілерге жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ақпараты.
Toggle Dropdown
11. Жүйенің 51-тармағына сәйкес Министрлік бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпараттарындағы мәліметтерге қайта тексеру жүргізеді.
Toggle Dropdown
12. Персоналды басқару тиімділігін бағалау мынадай өлшемдер бойынша іске асырылады:
Toggle Dropdown
1) адам ресурстарын пайдаланудың тиімділігі;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік қызметшілерді оқыту;
Toggle Dropdown
3) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысының тиімділігі;
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік қызметшілердің қанағаттану деңгейі;
Toggle Dropdown
5) персоналдың сапалық құрамы.
Toggle Dropdown
2. «Адам ресурстарын пайдаланудың тиімділігі» өлшемі
Toggle Dropdown
13. Осы өлшем бойынша бағалау орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар осы Әдістемеге 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ұсынатын ақпарат негізінде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
14. «Кадрлардың ауысушылығы деңгейі» көрсеткіші бойынша бағалау жүргізу барысында мемлекеттік органдар есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйі мониторингі жөнінде Министрлікке жыл сайын ұсынатын тиісті есеп деректері ескеріледі.
Toggle Dropdown
15. Баға мынадай формуламен есептеледі:
Toggle Dropdown
К1 = Р1 + Р2 + Р3 + Р4+Р5
Toggle Dropdown
К1 – осы өлшем бойынша мемлекеттік органның бағасы;
Toggle Dropdown
Р1 – «кадрлардың ауысушылығы деңгейі» көрсеткіші;
Toggle Dropdown
Р2 – «мемлекеттік органның қызметкерлерін жоғарылату» көрсеткіші;
Toggle Dropdown
Р3 – «мемлекеттік органдағы жұмыс уақытының нақты ұзақтығы» көрсеткіші;
Toggle Dropdown
Р4 – «еңбек демалысын өз уақытында беру» көрсеткіші;
Toggle Dropdown
Р5 – «персоналдың сапалық құрамы» көрсеткіші.
Toggle Dropdown
Осы өлшем бойынша ең жоғарғы мәні 38 балл болып саналады.
Toggle Dropdown
16. «Кадрлардың ауысушылығы деңгейі» көрсеткіші бойынша баға мынадай формуламен есептеледі:
Toggle Dropdown

Toggle Dropdown
k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (14-ке тең);
Toggle Dropdown
a – есепті кезеңде жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілердің саны;
Toggle Dropdown
b – мемлекеттік органның штат кестесіне сәйкес мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың орташа саны;
Toggle Dropdown
5 – қатаңдық көрсеткіші.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың орташа саны мемлекеттік органның бірінші тоқсаннан бастап төртінші тоқсанға дейінгі қоса есептелетін мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың орташа саны сомасының орташа мәні ретінде анықталады.
Toggle Dropdown
Ауысу бойынша бағалауды есептеген кезде төмендегідей жағдайда жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілер есептелмейді:
Toggle Dropdown
зейнетке шығуына байланысты;
Toggle Dropdown
мемлекеттік органның қайта құрылуы немесе штаттың қысқартылуына байланысты;