• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің тиісті облыстағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органы – экология департаменті туралы ереже
Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 62 бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің тиісті облыстағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органы – экология департаменті туралы ереже
Ереже өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 03.12.2015 жылғы № 690 Бұйрығымен (20.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.07.2016 жылғы № 341 Бұйрығына сәйкес (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 10.09.2018 жылғы № 770-ж Бұйрығына сәйкес (25.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 26.04.2019 жылғы № 143 Бұйрығына сәйкес (10.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже күшін жойды 2019 жылғы 30 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының 01.08.2019 жылғы № 9-Ө Бұйрығына сәйкес
Редакция 04.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып Экология департаменті (бұдан әрі - Департамент) табылады, ол экологиялық реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Комитеттің бұйрықтарына, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, тиісті үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан және егер уәкілеттік берілсе, Комитеттің атынан түседі.
5. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар түріндегі актілер шығарады.
6. Аумақтық органның құрылымы мен штаттық саны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жауапты хатшысымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрімен келісе отырып бекітіледі.
7. Аумақтық органның толық атауы:
мемлекеттік тілде – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің _________________________ бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - Республиканское государственное учреждение «Департамент экологии по _________________________ Комитета экологического регулирования и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан».
8. Департаменттің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, ___________________________.
9. Департаменттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
10. Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
11. Департаментке кәсіпкерлiк субъектiлерiмен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуіне жол берілмейді.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
 және міндеттері
12. Департаменттің негізгі міндеттері болып келесілер табылады:
1) қоршаған орта сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне жету;
2) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды, шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында экологиялық талаптар нормативтерінің сақталуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету;
3) табиғат пайдаланушылардың өндірістік экологиялық бақылау жүргізуін үйлестіруді өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
4) өз құзыреті шегінде экологиялық ақпараттарды жинау және таратуды ұйымдастыру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ағарту жүйесін дамыту;
5) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау салаларындағы қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекеттесу және ынтымақтастық орнату;
6) өз құзыреті шегінде аумақтық деңгейде мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыруды, заңнамада белгіленген тәртіпте экологиялық рұқсаттарды беру.
13. Департамент келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) өз құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады және орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;
3) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
4) жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 10.09.2018 жылғы № 770-ж Бұйрығына сәйкес (25.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5) өз құзыреті шегінде рұқсат берілетін бақылауды жүзеге асырады;
6) қоғамдық тыңдалымдарға қатысады;
7) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді; 
7-1) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы немесе қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы құрамында І санаттағы объектілер бойынша жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді;
13-тармақ 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 10.09.2018 жылғы № 770-ж Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7-2) ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жобалардың экологиялық сараптамасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
13-тармақ 7-2-тармақшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 10.09.2018 жылғы № 770-ж Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7-3) табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келіседі;
13-тармақ 7-3-тармақшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 10.09.2018 жылғы № 770-ж Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8) құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар береді және оларда қоршаған ортаға эмиссияға арналған лимиттерді белгілейді;
9) өз құзыреті шегінде табиғат ресурстарын пайдалану саласында лицензиялар, рұқсаттар, шарттар (келісімшарттар) беруді келіседі;
10) міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы ұсыныс жасайды;
11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару, мемлекеттік экологиялық сараптама, лицензиялық және экологиялық-сараптамалық қызмет, өз құзыретінің шегінде нормалау және стандарттар жүйесін, сондай-ақ табиғатты ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдістері мен тетіктерінің жүйесін ұйымдастырады және жетілдіреді;
12) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен экологиялық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз етеді;
13) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
13-тармақша алынып тасталды ҚР Энергетика министрінің 25.09.2017 жылғы № 324 Бұйрығымен (25.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
14) мыналарға мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады:
14-тармақша өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 25.09.2017 жылғы № 324 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
14-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 10.09.2018 жылғы № 770-ж Бұйрығына сәйкес (25.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуына;
қоршаған ортаның ластану салдарларын жою жөнiндегi шаралардың жүргiзiлуiне;
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына қарай немесе басқа да бүлдiретiн процестер мен жұмыстардан босатылған жердiң Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарына сәйкес оны одан әрi пайдалану үшiн жарамды жай-күйге келтiрiлуiне;
қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық келiсiмшарттық талаптардың сақталуына;
жер қойнауының ластанудан, су басудан және қоршаған орта объектiлерiн бүлдіруге алып келетін техногендiк процестерден сақталуына;
жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығының сақталуына;
жер қойнауы учаскесінiң және жер қойнауын пайдалану объектілерінің консервациялануына, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарының жойылуына;
жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбаларды қайта өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен қағидалардың сақталуына;  
пайдалы қазбаларды өндiру мен өңдеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi жобалық шешiмдердiң сақталуына;
жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзген кезде авариялық және өзге де қауiптi жағдайлардың алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына;
зиянды заттардың, радиоактивтi қалдықтардың көмiлуiне және сарқынды сулардың жер қойнауына ағызылуына;  
су сапасы нормативтерiнiң сақталуына;  
атмосфералық ауаны қорғаудың, оның iшiнде көлiк және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалануға шығару және пайдалану кезiнде техникалық регламенттердiң, нормативтердiң, қағидалар мен өзге де талаптардың сақталуына;  
қалдықтарды жинап қою мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына;
парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асырған кезде талаптардың сақталуына;
қоршаған ортаны ластаудың алдын алу жөнiндегi экологиялық талаптар бөлiгiнде радиоактивтi және өзге де экологиялық жағынан қауiптi заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе олармен өзге де жұмыстар iстеу қағидаларының сақталуына;
экологиялық рұқсаттарда белгiленген табиғат пайдалану талаптарының орындалуына;  
өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алудың, кәдеге жаратудың және залалсыздандырудың белгiленген нормалары мен қағидаларының сақталуына;
ластаушы заттар шығарындыларының, төгінділерінің стационарлық көздерi бар және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектiлерге қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына;
тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерiнiң сақталуына;  
өндiрiстiк экологиялық бақылау нормалары мен қағидаларының сақталуына;  
Қазақстан Республикасының мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы заңнамасының сақталуына;  
қоршаған ортаны қорғау саласында лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асырудың бiлiктiлiк талаптары мен қағидаларының сақталуына;  
мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзудiң мiндеттiлiгi туралы талаптардың сақталуына және оның шарттарының орындалуына;  
мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша дұрыс ақпарат беру туралы талаптардың сақталуына;  
қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау қағидаларының сақталуына;
озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну туралы талаптардың сақталуына;
өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі талаптарды орындауына;
өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінде айқындалған талаптарды орындауына;
15) өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
16) өз құзыреті шегінде су қорғау аймақтарында және бөліктерінде шаруашылық қызметінің режиміне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
17) жер қойнауының қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
18) әкімшілендіру субъектілері шығарған парниктік газдар шығарындыларының көлемін бақылауды жүзеге асырады;
19) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу және жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн айқындайды;
20) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын, сондай-ақ барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын келiседi;
21) шаруашылық және қызметтің экологиялық қауіпті өзге де түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасуы бойынша міндеттерін орындауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
22) полигондарда қалдықтарды орналастыру және полигондарды ұстау талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
22-1) табиғат пайдаланушы экологиялық нормалар мен талаптарды, экологиялық немесе өзге де рұқсаттарда көзделген табиғат пайдалану шарттарын бұзған, қоршаған ортаға және (немесе) халық денсаулығына аса ірі нұқсан келтiрген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға арналған экологиялық және өзге де рұқсаттарды тоқтата тұру немесе олардан айыру жөнiнде ұсыныстар енгiзеді;
13-тармақ 22-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 10.09.2018 жылғы № 770-ж Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
23) мемлекеттік экологиялық бақылау органдарының жүйесіндегі зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің қызметін жетілдіреді;
24) жарғысында қоғамдық экологиялық бақылау функциялары көзделген қоғамдық бірлестіктердің тізбесін жасайды;
25) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келісуді жүзеге асырады;
26) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
27) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттiк құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
28) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
14. Департамент өз құзыреті шегінде:
1) министрліктерден, ведомстволардан және өзге орталық және жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты өз құзыреті шегінде алады;
2) кеңесу органы болып табылатын Мемлекеттік экологиялық сараптама жөніндегі Сарапшылық кеңесті құру туралы ережені бекітеді;
3) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттамаларды, талдау нәтижелерін және өзге материалдарды сұрастырады және алады;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерімен бекітілген өзге құқықтарды жүзеге асырады.
15. Департаменттің міндеттеріне мыналар кіреді:
1) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
2) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде, бұл жөнінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар ресми сұрау салған ретте қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну; 
3) Департмент қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;
4) Комитет басшылығына немесе құқық қорғау органдарына белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жеткізу.
5) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, олардағы сын ескертпелердi талдау және қорыту, жұмысты жетiлдiру әрi жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын туғызатын себептердi жою мақсатында қоғамдық пiкiрдi зерделеу.
15-тармақ 15-тармақшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 25.09.2017 жылғы № 324 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
16. Департаменттің мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес мемлекеттік экологиялық инпектордың құқықтарын иеленеді.
3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
17. Департаментті Қазақстан Республикасының Энергетика министрімен келісе отырып, Төрағаның ұсынысы бойынша Министрліктің Жауапты хатшысымен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Басшы басқарады.
Департамент Басшысы болмаған жағдайда оның міндетін орындау орынбасарға немесе Комитеттің және/немесе оның аумақтық бөлімшелерінің кез-келген қызметкеріне Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығына сәйкес жүктеледі.
18. Департаменттің Басшысына демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме ақылар төлеу және сыйлық ақы беру мәселелері Комитет Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Жауапты хатшысының бұйрығымен рәсімделеді.
19. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының/тиісті облыстардың Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары Басшының орынбасарлары болып табылады.
19-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 26.04.2019 жылғы № 143 Бұйрығына сәйкес (10.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20. Департамент Басшысы Департаменттің қызметін ұйымдастырады және басшылық етеді және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілік артады.
21. Департамент Басшысы осы мақсаттарда:
1) өзінің орынбасарының және Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің міндеттерін анықтайды;
2) Департамент қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) Департамент басшысының орынбасарын қоспағанда, Департамент қызметкерлерін тәртіптік жазаға тартады және мадақтау шараларын қолданады;
4) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шара қолданады;
5) Заңнамада белгіленген тәртіппен өзге де мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Департаменттін мүддесін ұсынады;
6) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу үшiн белгiленген тәртiппен экологиялық сарапшылық комиссияларын, топтарын құрады, жұмысқа қатысуға отандық және шетелдiк мамандарды тартады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес өзге де құқықтары мен міндеттері бар;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
8) Департаменттің бұйрықтарына қол қояды.
4. Департаменттің мүлкі
22. Департамент жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие. Департаменттің мүлкі оған мемлекет, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі атынан берілген мүліктің, сондай-ақ олардың құны департаменттің теңгерімінде көрсетілетін негізгі қор және айналым қаражаттарынан, сондай-ақ өзге мүліктің есебінен қалыптасады.
23. Департаментке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департамент, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығармайды немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етпейді.
5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
25. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.